Об утверждении Правил прикомандирования в таможенные органы государственных ветеринарно-санитарных инспекторов и государственных инспекторов по карантину растений уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и карантина растений

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2010 года № 517. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2011 года № 870

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.07.2011 № 870 (вводится в действие с 01.07.2011).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Таможенного кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ: см.K100296
      1. Утвердить прилагаемые Правила прикомандирования в таможенные органы государственных ветеринарно-санитарных инспекторов и государственных инспекторов по карантину растений уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и карантина растений.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены          
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 7 июня 2010 года № 517

Правила
прикомандирования в таможенные органы государственных
ветеринарно-санитарных инспекторов и государственных
инспекторов по карантину растений уполномоченного
государственного органа в области ветеринарии и
карантина растений

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок прикомандирования в таможенные органы государственных ветеринарно-санитарных инспекторов и государственных инспекторов по карантину растений уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и карантина растений для осуществления государственного ветеринарно-санитарного контроля и контроля по карантину растений в автомобильных пунктах пропуска через Государственную (таможенную) границу Республики Казахстан (далее - пункты пропуска).
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) направляющий государственный орган - территориальное подразделение уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и карантина растений, представляющее кандидатуру для прикомандирования работника в соответствующее территориальное подразделение таможенного органа;
      2) прикомандированный работник - государственный ветеринарно-санитарный инспектор и/или государственный инспектор по карантину растений уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и карантина растений, направленный в соответствующее территориальное подразделение таможенного органа для осуществления ветеринарно-санитарного контроля и контроля по карантину растений в пунктах пропуска.
      3. Численность прикомандированных работников в каждом территориальном таможенном органе устанавливается приказом уполномоченного государственного органа в области ветеринарии и карантина растений.
      При этом численность прикомандированных работников должна быть обеспечена исходя из принципа взаимозаменяемости в период их нахождения в отпуске, неявки на работу вследствие временной нетрудоспособности и других обстоятельств, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

2. Порядок направления прикомандированных работников
в таможенные органы

      4. Направляющий государственный орган издает приказ об откомандировании работника, с указанием наименования пункта пропуска, сроком не менее чем на один год, и в течение трех рабочих дней со дня его подписания направляет приказ и копию личного листка прикомандированного работника в территориальное подразделение таможенного органа.
      В течение трех рабочих дней с момента получения приказа об откомандировании, соответствующее территориальное подразделение таможенного органа издает соответствующий приказ о прикомандировании работника.
      5. В случае замены прикомандированного работника, направляющий государственный орган письменно уведомляет руководителя территориального таможенного органа не менее чем за один месяц до откомандирования этого работника с обязательным представлением другой кандидатуры для осуществления действий, установленных настоящими Правилами.

3. Служебная деятельность прикомандированных работников

      6. В своей служебной деятельности прикомандированные работники руководствуются законодательством Республики Казахстан, настоящими Правилами, нормативными правовыми актами направляющего государственного органа, утвержденным графиком и режимом работы пункта пропуска.
      7. Направляющий государственный орган совместно с территориальным таможенным органом обеспечивает прикомандированного работника условиями труда, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Прикомандированным работникам выплачивается заработная плата, установленная для соответствующих категорий работников за счет средств направляющего государственного органа на основании предоставленных таможенным органом сведений по учету использования рабочего времени.
      9. За прикомандированными лицами сохраняется статус сотрудников органов в области ветеринарии и карантина растений.

4. Рабочее время и отпуска

      10. Под рабочим временем прикомандированных работников понимается время исполнения ими служебных обязанностей в пределах распорядка дня, утвержденного руководством таможенных органов и согласованного с направляющим государственным органом.
      11. Общая продолжительность еженедельного рабочего времени прикомандированным работникам устанавливается в соответствии с трудовым законодательством.
      12. Прикомандированным работникам предоставляются ежегодные отпуска, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      Период предоставления ежегодного отпуска устанавливается направляющим государственным органом, с уведомлением соответствующего территориального подразделения таможенного органа.

5. Порядок применения поощрений и наложения взысканий

      13. За добросовестное исполнение служебных обязанностей и достигнутые при этом положительные результаты в работе руководство таможенных органов может ходатайствовать перед руководством направляющего государственного органа о поощрении прикомандированного работника.
      14. В случае нарушения прикомандированным работником служебной дисциплины, недобросовестного выполнения служебных обязанностей руководитель таможенного органа уведомляет об этом направляющий государственный орган для принятия им решения в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      15. Прикомандированный работник за совершение противоправных действий и причинение материального ущерба таможенным органам несет ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен мемлекеттік инспекторларын кеден органдарына іссапарға жіберу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 870 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 870 (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қараңыз.K100296
      1. Қоса беріліп отырған Ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен мемлекеттік инспекторларын кеден органдарына іссапарға жіберу ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 7 маусымдағы
№ 517 қаулысымен  
бекітілген    

Ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті
мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен мемлекеттік
инспекторларын кеден органдарына іссапарға жіберу
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде (бұдан әрі - өткізу пункттері) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды жүзеге асыру үшін ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен мемлекеттік инспекторларын кеден органдарына іссапарға жіберу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жіберуші мемлекеттік орган - кеден органының тиісті аумақтық бөлімшесіне қызметкерді іссапарға жіберу үшін кандидатураны ұсынатын ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
      2) іссапарға жіберілген қызметкер - өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды жүзеге асыру үшін кеден органының тиісті аумақтық бөлімшесіне жіберілген ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және/немесе мемлекеттік инспекторы.
      3. Іссапарға жіберілген қызметкерлердің саны әр аумақтық кеден органында ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен белгіленеді.
      Бұл ретте, іссапарға жіберілген қызметкерлердің саны олар демалыста болған, еңбекке уақытша жарамсыздық салдарынан жұмысқа келмеуі және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар кезеңінде өзара алмасу қағидаттары негізінде қамтамасыз етілуі тиіс.

2. Іссапарға жіберілген қызметкерлерді кеден органдарына
жіберу тәртібі

      4. Жіберуші мемлекеттік орган қызметкерді бір жылдан кем емес мерзімге өткізу пунктінің атауын көрсете отырып, іссапарға жіберу туралы бұйрық шығарады және оған қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұйрықты және іссапарға жіберілген қызметкердің жеке парағының көшірмесін кеден органының аумақтық бөлімшесіне жібереді.
      Кеден органының тиісті аумақтық бөлімшесі іссапарға жіберу туралы бұйрықты алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қызметкердің іссапарға келуі туралы тиісті бұйрық шығарады.
      5. Іссапарға жіберілген қызметкерді ауыстырған жағдайда жіберуші мемлекеттік орган осы Ережеде белгіленген іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін міндетті түрде басқа кандидатураны ұсына отырып, осы қызметкерді іссапарға жібергенге дейін кемінде бір ай бұрын аумақтық кеден органының басшылығын жазбаша хабардар етеді.

3. Іссапарға жіберілген қызметкерлердің қызметтік жұмысы

      6. Іссапарға жіберілген қызметкерлер өздерінің қызметтік жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Ережені, жіберуші мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерін, өткізу пунктінің бекітілген жұмыс кестесі мен режимін басшылыққа алады.
      7. Жіберуші мемлекеттік орган аумақтық кеден органдарымен бірлесіп, іссапарға жіберілген қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген еңбек жағдайымен қамтамасыз етеді.
      8. Іссапарға жіберілген қызметкерлерге жұмыс уақытын пайдалану есебі бойынша кеден органы ұсынған мәліметтер негізінде жіберуші мемлекеттік органның қаражаты есебінен қызметкерлердің тиісті санаты үшін белгіленген жалақы төленеді.
      9. Іссапарға жіберілген адамдарға ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы органдар қызметкерлерінің мәртебесі сақталады.

4. Жұмыс уақыты және демалыстар

      10. Іссапарға жіберілген қызметкерлердің жұмыс уақыты деп кеден органдарының басшылығы бекіткен және жіберуші мемлекеттік органмен келісілген күн тәртібі шегінде олардың қызметтік міндеттерін орындау уақыты түсініледі.
      11. Іссапарға жіберілген қызметкерлердің апта сайынғы жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      12. Іссапарға жіберілген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.
      Жыл сайынғы еңбек демалысын беру кезеңін жіберуші мемлекеттік орган кеден органының тиісті аумақтық бөлімшесіне хабарлай отырып белгілейді.

5. Көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану тәртібі

      13. Қызметтік міндеттерін адал орындағаны және бұл ретте жұмыстағы қол жеткізген оң нәтижелері үшін кеден органдарының басшылығы жіберуші мемлекеттік органның басшылығы алдында іссапарға жіберілген қызметкерді көтермелеу туралы өтініш жасай алады.
      14. Іссапарға жіберілген қызметкер қызметтік тәртіпті бұзған, қызметтік міндеттерін адал орындамаған жағдайда кеден органының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылдау үшін жіберуші мемлекеттік органның басшысын бұл туралы хабардар етеді.
      15. Іссапарға жіберілген қызметкер заңсыз әрекеттер жасағаны және кеден органдарына материалдық залал келтіргені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.