О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 апреля 2009 года № 586 и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2003 года № 1003

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 августа 2010 года № 816. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2016 года № 440

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 26.07.2016 № 440 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 апреля 2009 года № 586 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 20, ст. 184) следующие изменения и дополнения:
      в заголовке и в пункте 1 слова "и особо охраняемых природных территорий" заменить словами ", особо охраняемых природных территорий и расходования ими полученных при этом денежных средств";
      в Правилах оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, утвержденных указанным постановлением:
      в заголовке и в пункте 1 слова "и особо охраняемых природных территорий" заменить словами ", особо охраняемых природных территорий и расходования ими полученных при этом денежных средств";
      в пункте 4 слово "Использование" заменить словом "Расходование";
      дополнить пунктами 4-1 и 4-2 следующего содержания:
      "4-1. Реализация товаров, произведенных при осуществлении рубок промежуточного пользования и прочих рубок, в том числе для обеспечения населения топливом, продукции переработки полученной от них древесины, побочных лесных пользований производится по рыночным ценам.
      4-2. Средства, полученные государственными учреждениями в сфере лесного хозяйства от оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг), расходуются на:
      1) проведение лесохозяйственных мероприятий на участках государственного лесного фонда;
      2) строительство и содержание лесохозяйственных дорог, противопожарное обустройство лесов;
      3) проектно-изыскательские работы в области охраны, защиты, пользования лесным фондом, воспроизводства лесов и лесоразведения;
      4) оплату услуг внештатных сезонных работников для обеспечения природоохранной деятельности, в том числе пожарных сторожей, работников по осуществлению рубок промежуточного пользования и прочих рубок, лесокультурных работ, а также работников, осуществляющих переработку лесных ресурсов;
      5) приобретение средств связи, транспорта и оборудования, механизмов и материалов противопожарного, лесозащитного и лесокультурного назначения, семян и посадочного материала для лесокультурных работ, горюче-смазочных материалов, обмундирования, оружия и специальных средств защиты;
      6) приобретение оборудования и механизмов, необходимых для переработки лесных ресурсов;
      7) строительство, реконструкцию и ремонт зданий, сооружений и иных объектов, связанных с функционированием государственных учреждений в сфере лесного хозяйства;
      8) подготовку и повышение квалификации специалистов для лесного и охотничьего хозяйства;
      9) поощрение работников государственных учреждений в сфере лесного хозяйства за трудовые показатели.";
      в пункте 11 слово "Использование" заменить словом "Расходование";
      дополнить пунктом 12 следующего содержания:
      "12. Средства, полученные государственными учреждениями в сфере особо охраняемых природных территорий от оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг), расходуются на:
      1) сохранение и развитие природных комплексов;
      2) охрану растительного и животного мира;
      3) проведение восстановительных и защитных мероприятий в лесах, включая рубки промежуточного пользования и прочие рубки;
      4) очистку и благоустройство территорий;
      5) развитие инфраструктуры, связанной с охраной объектов природно-заповедного фонда, туристской, рекреационной и ограниченной хозяйственной деятельностью;
      6) оплату услуг внештатных сезонных работников для обеспечения природоохранной деятельности, в том числе пожарных сторожей, работников по осуществлению рубок промежуточного пользования и прочих рубок, лесокультурных работ, а также работников, осуществляющих ограниченную хозяйственную деятельность;
      7) приобретение средств связи, транспорта и оборудования, механизмов и материалов противопожарного, лесозащитного и лесокультурного назначения, семян и посадочного материала для лесокультурных работ, горюче-смазочных материалов, обмундирования, оружия и специальных средств защиты;
      8) строительство, реконструкцию и ремонт зданий, сооружений и иных объектов, связанных с природоохранной деятельностью;
      9) подготовку и повышение квалификации специалистов для особо охраняемых природных территорий;
      10) поощрение работников государственных учреждений в сфере особо охраняемых природных территорий за трудовые показатели;
      11) проведение научных исследований в области особо охраняемых природных территорий;
      12) организацию и содержание музеев природы и выставок;
      13) развитие и благоустройство рекреационных зон;
      14) совершенствование рекламной деятельности;
      15) экологическую пропаганду;
      16) предупреждение и ликвидацию негативных экологических последствий.".
      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2003 года № 1003 "Об утверждении Правил образования и использования средств государственных учреждений лесного хозяйства" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 39, ст. 413);
      2) пункт 1 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 июня 2010 года № 604 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан".
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 586 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1003 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 тамыздағы № 816 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 440 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.07.2016 № 440 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 586 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 184-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыпта және 1-тармақта «Орман шаруашылығы мен» деген сөздер «Орман шаруашылығы,» деген сөздермен ауыстырылып, «ережесін», «ережесі» деген сөздердің алдынан «және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесінде:
      тақырыпта және 1-тармақта «Орман шаруашылығы мен» деген сөздер «Орман шаруашылығы,» деген сөздермен ауыстырылып, «ережесі» деген сөздердің алдынан «және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын
      4-тармақта «пайдалануы» деген сөз «жұмсауы» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін жүзеге асыру кезінде өндірілген тауарларды, олардың алынған сүректі өңдеу өнімдерін, орманды жанама пайдалануды өткізу нарықтық бағалар бойынша жүргізіледі.
      4-2. Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты:
      1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге;
      2) орман шаруашылығы жолдарын салуға және күтіп ұстауға, ормандарды өртке қарсы жайластыруға;
      3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру  және орман өсіру саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарына;
      4) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық қызметкерлердің, оның ішінде өрт күзетушілердің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылдары жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметкерлердің, сондай-ақ орман ресурстарын өңдеуді жүзеге асыратын қызметкерлердің қызметтеріне ақы төлеуге;
      5) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмыстары үшін тұқымдар мен егу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;
      6) орман ресурстарын өңдеу үшін қажетті жабдықтар мен механизмдер сатып алуға;
      7) орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуіне байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де объектілерді салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге;
      8) орман және аңшылық шаруашылығы үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
      9) орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбектегі көрсеткіштері үшін көтермелеуге жұмсалады.»;
      11-тармақта «пайдалануы» деген сөз «жұмсауы» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
      «12. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты:
      1) табиғи кешендерді сақтау мен дамытуға;
      2) өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға;
      3) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді қоса алғанда, ормандарды қалпына келтіру және қорғану іс-шараларын жүргізуге;
      4) аумақтарды тазартуға және абаттандыруға;
      5) табиғи-қорық қоры объектілерін қорғауға, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметке байланысты инфрақұрылымды дамытуға;
      6) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық қызметкерлердің, оның ішінде өрт күзетушілердің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылы жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметкерлердің, сондай-ақ шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыратын қызметкерлердің қызметтеріне ақы төлеуге;
      7) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмысы үшін тұқым және егу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, кару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;
      8) табиғат қорғау қызметіне байланысты ғимараттар, құрылыстар  және өзге де объектілер салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге;
      9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
      10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбектегі көрсеткіштері үшін көтермелеуге;
      11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге;
      12) табиғат мұражайлары мен көрмелерді ұйымдастыруға және күтіп ұстауға;
      13) рекреациялық аймақтарды дамытуға және абаттандыруға;
      14) жарнамалық қызметті жетілдіруге;
      15) экологиялық насихатқа;
      16) теріс зкологиялық зардаптардың алдын алуға және жоюға жұмсалады.».
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қаражатын құрау  және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1003 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 39, 413-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 604 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов