Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 586 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 440 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.07.2016 № 440 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы  26 қаңтардағы № 22 бұйрығын қараңыз.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.08.13 N 816 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.08.13 N 816 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 27 сәуірдегі
N 586 қаулысымен   
бекітілген      

Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау
ережесі

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.08.13 N 816 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуді және олардың бұл ретте алған ақша қаражатын жұмсауды регламенттейді.
      Осы Ереженің әрекеті өздерінің қызметін орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында жүзеге асыратын республикалық және де коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелерге қолданылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.08.13 N 816 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлері Қазақстан Республикасы орман заңнамасының және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі қызмет түрлері

      3. Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде мынадай ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырады:
      1) жеке және заңды тұлғаларға:
      егу материалын өсіру мен орман тұқымдарын жинау;
      көгалдандыру, қорғаныштық, плантациялық және өзге де екпелер егу;
      оқу практикаларын өткізу жөнінде ақылы қызметтер көрсету;
      2) мыналардан:
      аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден (орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу, іріктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу және құндылығы төмен орман екпелерін, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа қасиеттерін жоғалтқан екпелерді қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесу, жас шыбықтарды жекелеп кесу) және өзге де мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден (жаппай санитарлық мақсатта ағаш кесу, су тораптарының, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын тарту, өртке қарсы жыралар жасау кезінде орман алаңдарын тазарту; өтімді үйінділерді жинау; өзге де мақсаттар үшін ағаш кесу, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесу);
      жанама орман пайдаланудан (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау) тауарлар өткізу.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 1002 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Мемлекеттік мекемелердің орман шаруашылығы саласындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған қаражатты жұмсауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.08.13 N 816 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      4-1. Аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін жүзеге асыру кезінде өндірілген тауарларды, олардың алынған сүректі өңдеу өнімдерін, орманды жанама пайдалануды өткізу нарықтық бағалар бойынша жүргізіледі.
      Ескерту. Ереже 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.08.13 N 816 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      4-2. Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты:
      1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге;
      2) орман шаруашылығы жолдарын салуға және күтіп ұстауға, ормандарды өртке қарсы жайластыруға;
      3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру  және орман өсіру саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарына;
      4) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық қызметкерлердің, оның ішінде өрт күзетушілердің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылдары жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметкерлердің, сондай-ақ орман ресурстарын өңдеуді жүзеге асыратын қызметкерлердің қызметтеріне ақы төлеуге;
      5) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмыстары үшін тұқымдар мен егу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;
      6) орман ресурстарын өңдеу үшін қажетті жабдықтар мен механизмдер сатып алуға;
      7) орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуіне байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де объектілерді салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге;
      8) орман және аңшылық шаруашылығы үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
      9) орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбектегі көрсеткіштері үшін көтермелеуге жұмсалады.
      Ескерту. Ереже 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.08.13 N 816 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі қызмет түрлері

      5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер мынадай:
      1) жеке және заңды тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерін туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдаланған кезде оларға ақылы қызметтер көрсету, оның ішінде:
      туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, дамылдау алаңқайларын, көлікке арналған тұрақтар, кемпингтер, шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыратын орындар беру;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің басқаруындағы қонақүйлер, мотельдер, туристік базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді немесе оларды орналастыратын орындар беру;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбыр жолдар, электр беру және байланыс желілерін, жолдар (жалпы пайдаланымдағы жолдардан басқа) орналастыру;
      туристік мүкәммалды жалға беру;
      әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды өткізу;
      жолсеріктер, экскурсоводтар, гидтер және аудармашылар беру;
      мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайларында және тірі жануарлар мүйістерінде болған және оларды зерделеген кезде кәсіби кино, бейне және фото түсірілімдер өткізу;
      пайдалануға берілген аумақтар мен объектілерді санитариялық тазарту және аббаттандыру, сондай-ақ өзге ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу;
      қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін өнімдер ендіру;
      көлік қызметтерін көрсету;
      2) шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде:
      кәдесый өнімін өндіру;
      аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден және өзге мақсаттарда ағаш кесуден өндірілген тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеу өнімдерін өткізу;
      орманды жанама пайдалану және өңдеу өнімдерін өткізу;
      елді мекендерді көгалдандыру үшін егу материалын өсіру;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жерлерде шектеулі шаруашылық қызмет тауарларын өткізу, қорғаныштық және көгалдандыру екпелерін егу;
      балық шабақтарын өсіру;
      туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жеке және заңды тұлғалармен жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнімдер өндіру және қызметтер көрсету;
      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәміздерін пайдаланғаны үшін төленетін ақы;
      4) баспа және басқа да көбейтілген өнімдер өндіру жөнінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 1002 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің жеке және заңды тұлғалардан ерікті жарналар мен қайырмалдықтар түрінде көмек алуына болады.
      7. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен қосымша табыстар табу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысады.
      8. Жұмыстар мен қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер олар қарамағында болатын орталық және жергілікті атқарушы органдар белгілеген тарифтерге сәйкес жүзеге асырады.
      9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәміздерін (жалауларын, эмблемаларын, вымпелдерін және басқаларын) пайдаланғаны үшін төлемақы осы рәмізді пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардан алынады.
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәміздерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен жеке және заңды тұлғалар арасындағы шарттың негізінде белгіленеді.
      10. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің шектеулі шаруашылық қызметі нәтижесінде өндірілген тауарлар нарықтық бағалар бойынша өткізіледі.
      11. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған қаражатты табиғатты қорғау мекемелерінің жұмсауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.08.13 N 816 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      12. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты:
      1) табиғи кешендерді сақтау мен дамытуға;
      2) өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға;
      3) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді қоса алғанда, ормандарды қалпына келтіру және қорғану іс-шараларын жүргізуге;
      4) аумақтарды тазартуға және абаттандыруға;
      5) табиғи-қорық қоры объектілерін қорғауға, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметке байланысты инфрақұрылымды дамытуға;
      6) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық қызметкерлердің, оның ішінде өрт күзетушілердің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылы жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметкерлердің, сондай-ақ шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыратын қызметкерлердің қызметтеріне ақы төлеуге;
      6-1) табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан пайда болған өтімді қоқысты (жел мен дауыл құлатқан ағаштарды) жинаумен байланысты жұмысты (қызметті) жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жұмысы (қызметі) құнының ақысын төлеуге;
      7) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмысы үшін тұқым және егу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, кару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;
      8) табиғат қорғау қызметіне байланысты ғимараттар, құрылыстар  және өзге де объектілер салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге;
      9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
      10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбектегі көрсеткіштері үшін көтермелеуге;
      11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге;
      12) табиғат мұражайлары мен көрмелерді ұйымдастыруға және күтіп ұстауға;
      13) рекреациялық аймақтарды дамытуға және абаттандыруға;
      14) жарнамалық қызметті жетілдіруге;
      15) экологиялық насихатқа;
      16) теріс зкологиялық зардаптардың алдын алуға және жоюға жұмсалады.
      Ескерту. Ереже 12-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.08.13 N 816 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз),  өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.04 N 913 Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 27 сәуірдегі
N 586 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны және олардың көрсететін қызметтері үшін төлем алудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 693 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 22, 245-құжат).
      2. "Заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қаражатын құрау мен пайдалану тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы  N 933 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 28, 312-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 11, 128-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады