О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 1996 года № 1644

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 2010 года № 873. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2011 года № 1192

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.10.2011 № 1192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 1996 года № 1644 "Об утверждении Положения о прохождении службы лицами рядового и начальствующего состава органов внутренних дел Республики Казахстан" следующие дополнения:
      Положение о прохождении службы лицами рядового и начальствующего состава органов внутренних дел Республики Казахстан, утвержденное указанным постановлением, дополнить пунктами 101-1, 101-2, 101-3 следующего содержания:
      "101-1. Сотрудники органов внутренних дел Республики Казахстан могут быть прикомандированы к международным организациям, членом которых является Республика Казахстан (далее - международные организации), с оставлением в кадрах органов внутренних дел в целях обеспечения выполнения задач, поставленных перед органами внутренних дел.
      101-2. Прикомандирование сотрудников органов внутренних дел к международным организациям осуществляется на основании акта Правительства Республики Казахстан, если иное не установлено соответствующими ратифицированными международными договорами.
      За прикомандированными лицами сохраняется статус сотрудников органов внутренних дел.
      Присвоение прикомандированным лицам специальных званий осуществляется в соответствии с настоящим Положением, если иное не установлено соответствующими ратифицированными международными договорами.
      Аттестация прикомандированных лиц к международным организациям, производится в порядке, установленном для сотрудников органов внутренних дел настоящим Положением.
      101-3. Лицам, прикомандированным к международным организациям, выплачивается заработная плата, установленная для соответствующих категорий работников международных организаций, за счет средств, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, если иное не установлено соответствующими ратифицированными международными договорами.
      Иные выплаты, а также обеспечение вещевым имуществом прикомандированных лиц осуществляется за счет средств, предусмотренных на содержание органов внутренних дел Республики Казахстан. При этом по выплатам единовременного характера в расчет принимаются должностные оклады по последней должности, занимаемой до прикомандирования.
      Пенсионное обеспечение прикомандированных лиц осуществляется в соответствии с пенсионным законодательством Республики Казахстан.".
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 873 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ереже мынадай мазмұндағы 101-1, 101-2, 101-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «101-1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарының кадрларында қалдырыла отырып, Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - халықаралық ұйымдар) қызметке жіберілуі мүмкін.
      101-2. Егер ратификацияланған тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, ішкі істер органдарының қызметкерлерін халықаралық ұйымдарға қызметке жіберу Қазақстан Республикасының Үкіметі актісінің негізінде жүзеге асырылады.
      Қызметке жіберілген адамдардың ішкі істер органдарының қызметкерлері мәртебесі сақталады.
      Егер ратификацияланған тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қызметке жіберілген адамдарға арнаулы атақтар беру осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      Халықаралық ұйымдарға қызметке жіберілген адамдарды аттестаттау осы Ережеде ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      101-3. Егер ратификацияланған тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, халықаралық ұйымдарға қызметке жіберілген адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген жалақы төленеді.
      Өзге де төлемдер, сондай-ақ қызметке жіберілген адамдарды заттай мүлікпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын ұстауға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте бір жолғы сипаттағы төлемдер бойынша қызметке жіберілгенге дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақылары есепке алынады.
      Қызметке жіберілген адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов