О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2010 года № 492

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 2010 года № 889. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2016 года № 224

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.04.2016 № 224 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2010 года № 492 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сфере сортоиспытания сельскохозяйственных растений" следующие дополнения и изменение:
      заголовок и пункт 1 дополнить словами "и расходования ими денежных средств от реализации товаров (работ, услуг)";
      в Правилах оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сфере сортоиспытания сельскохозяйственных растений, утвержденных указанным постановлением:
      заголовок и пункт 1 дополнить словами "и расходования ими денежных средств от реализации товаров (работ, услуг)";
      в пункте 12 слово "Использование" заменить словом "Расходование";
      дополнить пунктом 14 следующего содержания:
      "14. Средства, полученные государственными учреждениями от оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг), расходуются на:
      1) проведение сельскохозяйственных работ и лабораторных исследований на сортоиспытательных станциях и участках государственных учреждений;
      2) приобретение сельскохозяйственной техники, сельскохозяйственного, лабораторного оборудования и механизмов для оснащения материально-технической базы государственных учреждений;
      3) проведение научных исследований в сфере сортоиспытания сельскохозяйственных растений;
      4) оплату услуг, труда внештатных сезонных специалистов и рабочих, привлекаемых государственными учреждениями для проведения сельскохозяйственных и лабораторных работ в сфере сортоиспытания сельскохозяйственных растений;
      5) приобретение товарно-материальных ценностей:
      горюче-смазочных материалов, семян и посадочного материала сортов сельскохозяйственных растений, минеральных удобрений, пестицидов, химических реактивов, запасных частей, средств связи, метеорологических данных, специальных средств защиты для обеспечения охраны труда, пожарной безопасности и гигиены, а также других предметов и материалов для текущих целей сортоиспытания государственных учреждений;
      6) оплату услуг транспорта, почтовой и других видов связи, коммунальных услуг, услуг аренды административных и складских помещений, по агрохимическому обследованию почв и проведению мелиоративных мероприятий, по техническому осмотру и обязательному страхованию транспортных средств, по поверке весового и специализированного оборудования государственных учреждений;
      7) приобретение подписных изданий, научной, методической и специальной литературы для пополнения материалов по сортовому генофонду государственных учреждений;
      8) издание научных, методических материалов и официальных бюллетеней государственных учреждений;
      9) подготовку и повышение квалификации специалистов государственных учреждений;
      10) приобретение и внедрение специального программного обеспечения автоматической обработки данных результатов в сфере сортоиспытания сельскохозяйственных растений;
      11) приобретение услуг переводчиков иностранной корреспонденции и научной документации для государственных учреждений;
      12) проведение массовых мероприятий по рекламе и пропаганде наиболее перспективных и ценных сортов сельскохозяйственных растений (дни поля, семинары, выставки, экскурсии, презентации);
      13) ремонт зданий, сооружений и иных объектов, связанных с функционированием государственных учреждений;
      14) командировочные расходы работников государственных учреждений, в том числе за пределы Республики Казахстан;
      15) поощрение работников государственных учреждений за трудовые показатели.".
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 492 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 889 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 224 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2016 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 492 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      тақырыбы және 1-тармақ «қызмет түрлерін көрсету» деген сөздерден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша қаражатын жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесінде:
      тақырыбы және 1-тармақ «қызмет түрлерін көрсету» деген сөздерден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түскен ақша қаражатын жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақта «пайдалануы» деген сөз «жұмсауы» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
      «14. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты:
      1) мемлекеттік мекемелердің сорттарды сынау станциялары мен учаскелерінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын және зертханалық зерттеулерді жүргізуге;
      2) мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы техникасын, ауыл шаруашылығы, зертханалық құрал-жабдықтарды және тетіктерді сатып алуға;
      3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізуге;
      4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласында ауыл шаруашылығы және зертханалық жұмыстар жүргізу үшін мемлекеттік мекемелер тартатын штаттан тыс маусымдық мамандар мен жұмысшылардың қызметтеріне, еңбегіне ақы төлеуге;
      5) тауарлы материалдық құндылықтарды: жанар-жағармайды, ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдары мен көшеттерді, минералдық тыңайтқыштарды, пестицидтерді, химиялық реактивтерді, қосалқы бөлшектерді, байланыс құралдарын, метеорологиялық деректерді, еңбекті қорғауды, өрт қауіпсіздігі мен гигиенаны қамтамасыз ету үшін арнайы қорғану құралдарын, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің ағымдағы сорттарды сынау мақсаттары үшін басқа да заттар мен материалдарды сатып алуға;
      6) көлік, пошта және байланыстың басқа да түрлерінің қызметіне, коммуналдық қызметке, әкімшілік және қойма үй-жайларын жалға алу, топырақты агрохимиялық зерттеу және мелиорациялық іс-шараларды жүргізу жөніндегі, көлік құралдарын техникалық байқау және міндетті сақтандыру, мемлекеттік мекемелердің өлшеу және мамандандырылған жабдықтарын тексеру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге;
      7) мемлекеттік мекемелердің сорттық тектік қоры жөніндегі материалдарды толықтыру үшін баспа басылымдарын, ғылыми, әдістемелік және арнайы әдебиеттерді сатып алуға;
      8) мемлекеттік мекемелердің ғылыми, әдістемелік материалдарын және ресми бюллетендерін шығаруға;
      9) мемлекеттік мекемелердің мамандарын даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
      10) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы нәтижелердің деректерін автоматты өңдеуді арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға және енгізуге;
      11) мемлекеттік мекемелер үшін шетелдік хат-хабарлар мен ғылыми құжаттамалар аудармашыларының қызмет көрсетуін сатып алуға;
      12) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің едәуір перспективалық және бағалы сорттарын жарнамалау мен насихаттау жөніндегі бұқаралық іс-шараларды өткізуге (егіс күні, семинарлар, көрмелер, саяхаттар мен тұсаукесерлер);
      13) мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуіне байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді жөндеуге;
      14) мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің іссапар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапар шығыстарына;
      15) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге жұмсалады.».
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов