Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша қаражатын жұмсау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 492 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 224 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2016 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 4-2/956 бұйрығын қараңыз.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 889 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша қаражатын жұмсау ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 889 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 28 мамырдағы
№ 492 қаулысымен  
бекітілген    

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы
мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін
қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және
олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан
түскен ақша қаражатын жұмсау
ережесі

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03  № 889(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      1. Осы Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету  және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түскен ақша қаражатын жұмсау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түскен ақша қаражатын жұмсау тәртібін регламенттейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 889 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Осы Ереженің әрекеті ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерге (ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау нәтижесінде алынған өнімді өткізу және мемлекеттік сорт сынау саласында қызмет көрсету кезінде Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясына) (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) қолданылады.
      3. Мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» және 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттік мекемелер өз қызметіне сәйкес келетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініші (өтініш нысаны еркін) негізінде көрсетеді.
      5. Өтініштерді және тиісті құжаттарды қабылдауды мемлекеттік мекеменің жауапты лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.
      6. Өтініш төмендегідей мәліметтер көрсетіле отырып, өтініш берушіге тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріліп, арнайы тіркеу журналында тіркеледі:
      1) өтініш тіркелген нөмірлер мен қабылданған күндер;
      2) ақылы негізде көрсетілетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі қызмет түрі.
      3) Қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      4) өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты.
      7. Қажетті құжаттардың тізімі, ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметке) баға прейскуранты мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпарат орындарына орналастырылады.
      8. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлері мемлекеттік мекемеде белгіленген күн тәртібіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын ұсынылады.
      9. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін ұсыну үшін қажетті құжаттарды күтуге және дайындауға қолайлы жағдайлар жасалады (құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақтандырылады).
      10. Клиенттермен қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар міндетті түрде фискалдық жады бар кассалық бақылау машиналары қолданылып және клиентке қорытынды чек беріліп, мемлекеттік мекемелердің кассалары арқылы мемлекеттік мекеменің «Ақылы қызметтерден түсетін қаражат» ағымдағы шотына аударылу жолымен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүргізіледі.
      11. Мемлекеттік мекеме ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) алған клиентке шот-фактура береді.
      12. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алынған қаражатты жұмсауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 889 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      13. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салық жеңілдіктері мен алымдарды беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
      14. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты:
      1) мемлекеттік мекемелердің сорттарды сынау станциялары мен учаскелерінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын және зертханалық зерттеулерді жүргізуге;
      2) мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы техникасын, ауыл шаруашылығы, зертханалық құрал-жабдықтарды және тетіктерді сатып алуға;
      3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізуге;
      4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласында ауыл шаруашылығы және зертханалық жұмыстар жүргізу үшін мемлекеттік мекемелер тартатын штаттан тыс маусымдық мамандар мен жұмысшылардың қызметтеріне, еңбегіне ақы төлеуге;
      5) тауарлы материалдық құндылықтарды: жанар-жағармайды, ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдары мен көшеттерді, минералдық тыңайтқыштарды, пестицидтерді, химиялық реактивтерді, қосалқы бөлшектерді, байланыс құралдарын, метеорологиялық деректерді, еңбекті қорғауды, өрт қауіпсіздігі мен гигиенаны қамтамасыз ету үшін арнайы қорғану құралдарын, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің ағымдағы сорттарды сынау мақсаттары үшін басқа да заттар мен материалдарды сатып алуға;
      6) көлік, пошта және байланыстың басқа да түрлерінің қызметіне, коммуналдық қызметке, әкімшілік және қойма үй-жайларын жалға алу, топырақты агрохимиялық зерттеу және мелиорациялық іс-шараларды жүргізу жөніндегі, көлік құралдарын техникалық байқау және міндетті сақтандыру, мемлекеттік мекемелердің өлшеу және мамандандырылған жабдықтарын тексеру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге;
      7) мемлекеттік мекемелердің сорттық тектік қоры жөніндегі материалдарды толықтыру үшін баспа басылымдарын, ғылыми, әдістемелік және арнайы әдебиеттерді сатып алуға;
      8) мемлекеттік мекемелердің ғылыми, әдістемелік материалдарын және ресми бюллетендерін шығаруға;
      9) мемлекеттік мекемелердің мамандарын даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
      10) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы нәтижелердің деректерін автоматты өңдеуді арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға және енгізуге;
      11) мемлекеттік мекемелер үшін шетелдік хат-хабарлар мен ғылыми құжаттамалар аудармашыларының қызмет көрсетуін сатып алуға;
      12) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің едәуір перспективалық және бағалы сорттарын жарнамалау мен насихаттау жөніндегі бұқаралық іс-шараларды өткізуге (егіс күні, семинарлар, көрмелер, саяхаттар мен тұсаукесерлер);
      13) мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуіне байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді жөндеуге;
      14) мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің іссапар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапар шығыстарына;
      15) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге жұмсалады.
      Ескерту. Ереже 14-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 889 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады