О некоторых вопросах ввоза сахара-сырца на территорию Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 января 2011 года № 34

      В целях реализации решения Комиссии таможенного союза Евразийского экономического сообщества от 27 ноября 2009 года № 130 "О едином таможенно-тарифном регулировании Таможенного союза Республики Беларусь, Республики Казахстан и Российской Федерации" и Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый объем тростникового сахара-сырца без вкусо-ароматических или красящих добавок (код ТН ВЭД ТС 1701 11) (далее - сахар-сырец), ввоз которого осуществляется без уплаты таможенных пошлин в таможенной процедуре выпуска для внутреннего потребления на территорию Республики Казахстан на 2011 год.
      2. Министерству экономического развития и торговли Республики Казахстан осуществлять выдачу разрешений по форме, утвержденной Соглашением о правилах лицензирования в сфере внешней торговли товарами от 9 июня 2009 года, в пределах утвержденного объема по согласованию с Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан на основании контракта между поставщиками сахара-сырца с предприятиями-производителями сахара, перечень которых указан в приложении к настоящему постановлению, о целевом назначении ввозимого сахара-сырца.
      3. Комитету таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан осуществлять таможенное декларирование и взимание таможенных пошлин с импорта сахара-сырца, ввозимого в таможенной процедуре выпуска для внутреннего потребления:
      1) на основании разрешений, выдаваемых Министерством экономического развития и торговли Республики Казахстан, по нулевым ставкам ввозных таможенных пошлин;
      2) без разрешений, выдаваемых Министерством экономического развития и торговли Республики Казахстан, по ставкам ввозных таможенных пошлин, указанным в Едином таможенном тарифе Таможенного союза.
      4. Министерству иностранных дел Республики Казахстан в двухнедельный срок уведомить Секретариат Интеграционного комитета Евразийского экономического сообщества о принимаемых Правительством Республики Казахстан мерах регулирования внешнеторговой деятельности.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов


Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 26 января 2011 года № 34

Объем
тростникового сахара-сырца без вкусо-ароматических или красящих добавок (код ТН ВЭД ТС 170111), ввоз которого осуществляется без уплаты таможенных пошлин в таможенной процедуре выпуска для внутреннего потребления на территорию
Республики Казахстан на 2011 год      

Код ТН ВЭД

Наименование

Объем (тонна)

1701 11

Тростниковый сахар-сырец без
вкусо-ароматических или красящих
добавок

414 762,1


Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан    
от 26 января 2011 года № 34

Перечень предприятий-производителей сахара

№ п/п

Наименование предприятия-производителя сахара

1

Акционерное общество "Алматы Канты"

2

Акционерное общество "Кант"

3

Акционерное общество "Алматинский Сахар"

4

Товарищество с ограниченной ответственностью "Меркенский сахарный завод"

5

Акционерное общество "Коксу-Шекер"

6

Товарищество с ограниченной ответственностью "АЛАКОЛЬ ШЕКЕР"

7

Товарищество с ограниченной ответственностью "INVESTMENT MANAGEMENT Ltd"

8

Товарищество с ограниченной ответственностью "Центральноазиатская Сахарная Корпорация"

Қазақстан Республикасының аумағына шикі қант әкелудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 34 Қаулысы

      «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімін және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін тауар шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баж төлемей әкелу жүзеге асырылатын құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының (бұдан әрі - шикі қант) (КО СЭҚ ТН коды 1701 11) 2011 жылға арналған көлемі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі шикі қант жеткізушілердің тізбесі осы қаулыға қосымшада көрсетілген қант шығаратын кәсіпорындармен арасындағы әкелінетін шикі қанттың нысаналы мақсаты туралы келісімшарт негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша бекітілген көлем шегінде 2009 жылғы 9 маусымдағы Сыртқы сауда саласындағы тауарларды лицензиялау ережесі туралы келісімде бекітілген нысан бойынша рұқсаттар беруді жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде әкелінетін шикі қант импортын кедендік декларациялау мен одан кедендік баж алуды:
      1) кедендік әкелу бажының нөлдік ставкалары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі беретін рұқсаттар негізінде;
      2) Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінде көрсетілген кедендік әкелу бажының ставкалары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі беретін рұқсатсыз жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 26 қаңтардағы
№ 34 қаулысымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баж төлемей әкелу жүзеге асырылатын құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының (КО СЭҚ ТН коды 1701 11) 2011 жылға арналған көлемі

СЭҚ ТН коды

Атауы

Көлемі
(тонна)

1701 11

Құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қанты, тонна

414 762,1

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 26 қаңтардағы
№ 34 қаулысына     
қосымша        

Қант шығаратын кәсіпорындар тізбесі

Р/с

Қант шығаратын кәсіпорындардың атауы

1

"Алматы Қанты" акционерлік қоғамы

2

"Қант" акционерлік қоғамы

3

"Алматы Шекері" акционерлік қоғамы

4

"Меркі қант зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

5

"Көксу-Шекер" акционерлік қоғамы

6

"АЛАКӨЛ ШЕКЕР" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

7

"INVESTMENT MANAGEMENT Ltd" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

8

"Орталық Азиядағы Қант Корпорацияcы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі