Об утверждении Перечня документов, необходимых для принятия решения о предоставлении отсрочки или рассрочки уплаты таможенных пошлин

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 387. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2016 года № 145

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 18.03.2016 № 145 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 июля 2015 года № 398.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 135 Кодекса Республики Казахстан от 30 июня 2010 года "О таможенном деле в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый Перечень документов, необходимых для принятия решения о предоставлении отсрочки или рассрочки уплаты таможенных пошлин.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утвержден        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 7 апреля 2011 года № 387

Перечень документов, необходимых для принятия решения о
предоставлении отсрочки или рассрочки уплаты таможенных пошлин

      Перечень документов, необходимых для предоставления отсрочки или рассрочки уплаты таможенных пошлин и подтверждающих наличие оснований, определенных Соглашением об основаниях, условиях и порядке изменения сроков уплаты таможенных пошлин от 21 мая 2010 года:
      1) при причинении плательщику ущерба в результате стихийного бедствия, технологической катастрофы или иных обстоятельств непреодолимой силы - письменное подтверждение территориального подразделения Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан о произошедшем стихийном бедствии, технологической катастрофе или иных обстоятельствах непреодолимой силы;
      2) при задержке плательщику таможенных пошлин финансирования из республиканского бюджета или оплаты за выполненные объемы работ (оказанные услуги, поставленные товары), в рамках зарегистрированных гражданско-правовых сделок - письменное подтверждение соответствующего администратора республиканских бюджетных программ о задержке финансирования из республиканского бюджета или оплаты за выполненные объемы работ (оказанные услуги, поставленные товары);
      3) при ввозе на таможенную территорию таможенного союза товаров, подвергающихся быстрой порче - перечень товаров, подвергающихся быстрой порче, утвержденный Министерством здравоохранения Республики Казахстан;
      4) при осуществлении поставок товаров в рамках международных договоров Республики Казахстан - копии соответствующих вступивших в силу международных договоров Республики Казахстан;
      5) при ввозе на таможенную территорию таможенного союза товаров, включенных в утвержденный Комиссией таможенного союза перечень отдельных типов ввозимых иностранных воздушных судов и комплектующих к ним, в отношении которых могут быть предоставлены отсрочка или рассрочка уплаты таможенных пошлин - письменное подтверждение Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан об использовании ввозимых иностранных воздушных судов и комплектующих к ним исключительно при обслуживании авиарейсов авиакомпаниями Республики Казахстан;
      6) при ввозе на таможенную территорию таможенного союза организациями, осуществляющими сельскохозяйственную деятельность либо поставки для указанных организаций, посадочного или посевного материала, средств защиты растений, сельскохозяйственной техники субпозиций 8424 81, 8433 51, 8433 59 единой Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности таможенного союза, товаров для кормления животных, кроме кошек, собак и декоративных птиц - документ, подтверждающий осуществление сельскохозяйственной деятельности организацией, ввозящей такие товары или для которой поставляются данные товары;
      7) при ввозе товаров, в том числе сырья, материалов, технологического оборудования, комплектующих и запасных частей к нему, для их использования в промышленной переработке:
      внешнеторговый договор (контракт, соглашение) о поставках ввозимых сырья, материалов, технологического оборудования, комплектующих и запасных частей к нему, для их использования в промышленной переработке;
      технологическая схема производства (фрагмента производства) с использованием в качестве сырья, материалов, технологического оборудования, комплектующих и запасных частей к нему ввозимых товаров;
      нотариально засвидетельствованная копия лицензии на право переработки ввозимых товаров, если сырье, материалы, технологическое оборудование, комплектующие и запасные части к нему ввозятся для промышленной переработки, относимой к лицензируемым видам деятельности в соответствии с законодательством Республики Казахстан о лицензировании.

Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 387 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 398 бұйрығын қараңыз.


      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 135-бабының  1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен 
бекітілген     

Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесі

      Кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін қажетті және 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздемелері, шарттары және тәртібі туралы келісімде айқындалған негіздердің болуын растайтын құжаттардың тізбесі:
      1) төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе еңсерілмейтін күштің өзге мән-жайлары нәтижесінде залал келтірілген кезде - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшесінің болған дүлей зілзала, технологиялық апат немесе еңсерілмейтін күштің өзге мән-жайлары туралы жазбаша растауы;
      2) төлеушіге кедендік бажды республикалық бюджеттен қаржыландыру немесе тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле шеңберінде орындалған жұмыс көлемі (көрсетілген қызметтер, жеткізілген тауарлар) үшін төлем кідіртілген кезде - республикалық бюджеттен қаржыландыру немесе орындалған жұмыс көлемі (көрсетілген қызметтер, жеткізілген тауарлар) үшін төлемді кідірту туралы республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің жазбаша растауы;
      3) Кеден одағының кедендік аумағына тез бүлінетін тауарларды әкелген кезде - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тез бүлінетін тауарлардың тізбесі;
      4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде тауарларды жеткізуді жүзеге асыру кезінде - Қазақстан Республикасының тиісті күшіне енген халықаралық шарттарының көшірмелері;
      5) Кеден одағының кедендік аумағына Кеден одағының комиссиясы бекіткен, кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ұсынылуы мүмкін, әкелінетін шетелдік әуе кемелерінің және оларға құрауыштардың жекелеген түрлерінің тізбесіне енгізілген тауарлар әкелінген кезде - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің әкелінетін шетелдік әуе кемелерін және оларға құрауыштарды авиарейстерге қызмет көрсеткен кезде ғана Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары пайдаланылғандығы туралы жазбаша растауы;
      6) Кеден одағының кедендік аумағына ауыл шаруашылығы қызметін не көрсетілген ұйымдар үшін отырғызатын немесе себетін материалдарды, өсімдіктерді қорғау заттарын, Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8424 81, 8433 51, 8433 59 субпозициясының ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуді жүзеге асыратын ұйымдар мысықтарды, иттер мен сәндік құстарды қоспағанда, жануарларды азықтандыру үшін тауарларды әкелген кезде - мұндай тауарларды әкелетін немесе ол үшін мұндай тауарларды жеткізетін ұйымның ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыруын растайтын құжаттары;
      7) тауарларды, оның ішінде шикізатты, материалдарды, технологиялық жабдықты, оларды өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін құрауыштар мен оның қосалқы бөлшектерін әкелген кезде:
      әкелінетін шикізаттың, материалдардың, технологиялық жабдықтың, оларды өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін құрауыштар мен оның қосалқы бөлшектерін жеткізу туралы сыртқы сауда шарты (келісімшарт, келісім);
      әкелінетін тауарларды шикізат, материалдар, технологиялық жабдық, құрауыштар және оның қосалқы бөлшектері ретінде пайдалана отырып өндірудің технологиялық схемасы (өндірістің фрагменті);
      егер шикізат, материалдар, технологиялық жабдық, құрауыштар мен олардың қосалқы бөлшектері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес қызметтің лицензияланатын түріне жататын өндірістік қайта өңдеу үшін әкелінетін болса, әкелінетін тауарларды қайта өңдеу құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі.