Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 398 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 тамызда № 11918 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 14.02.2018 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 135-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылық министрі

      ______________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы "

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы "

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы "

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ______________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы "



  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 398 бұйырғымен
бекітілген

Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп
төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың
тізбесі

      Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін қажетті және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңымен ратификацияланған Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздемелері, шарттары және тәртібі туралы келісіммен айқындалған негіздердің болуын растайтын құжаттардың тізбесі:

      1) төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе тосын күштің өзгеде мән-жайлары нәтижесінде залал келтірілген кезде – өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің төтенше жағдайлар туралы жазбаша растауы;

      2) кедендік баждарды төлеушіге республикалық бюджеттен қаржыландыру немесе тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле шеңберінде орындалған жұмыс көлемі (көрсетілген қызметтер, жеткізілген тауарлар) үшін төлем кідіртілген кезде – республикалық бюджеттен қаржыландыру немесе орындалған жұмыс көлемі (көрсетілген қызметтер, жеткізілген тауарлар) үшін төлемді кідірту туралы республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің жазбаша растауы;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тез бүлінетін тауарларды әкелген кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі бекітетін тез бүлінетін тауарлардың тізбесі;

      4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде тауарларды жеткізуді жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының тиісті күшіне енген халықаралық шарттарының көшірмелері;

      5) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына Еуразиялық экономикалық одағының комиссиясы бекітетін, кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ұсынылуы мүмкін, әкелінетін шетелдік әуе кемелерінің және олардың құрамдас бөлшектерінің жекелеген түрлерінің тізбесіне енгізілген тауарлар әкелінген кезде – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің әкелінетін шетелдік әуе кемелерін және олардың құрамдас бөлшектерін авиарейстерге қызмет көрсеткен кезде ғана Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары пайдаланылғандығы туралы жазбаша растауы;

      6) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына ауыл шаруашылығы қызметін не көрсетілген ұйымдар үшін отырғызылатын немесе егіс материалдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8424 81, 8433 51, 8433 59 субпозициясының ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуді жүзеге асыратын ұйымдар мысықтарды, иттер мен сәндік құстарды қоспағанда, жануарларды азықтандыру үшін тауарларды әкелген кезде – мұндай тауарларды әкелетін немесе ол үшін мұндай тауарларды жеткізетін ұйымның ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыруын растайтын құжаттары;

      7) тауарларды, оның ішінде шикізатты, материалдарды, технологиялық жабдықты, оларды өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін құрамдас және оның қосалқы бөлшектерін әкелген кезде:

      әкелінетін шикізаттың, материалдардың, технологиялық жабдықтың, оларды өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін құрауыштар мен оның қосалқы бөлшектерін жеткізу туралы сыртқы сауда шарты (келісімшарт, келісім);

      әкелінетін тауарларды шикізат, материалдар, технологиялық жабдық, құрауыштар және оның қосалқы бөлшектері ретінде пайдалана отырып өндірудің технологиялық схемасы (өндірістің фрагменті).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады