Об утверждении Правил аттестации авиационного персонала гражданской и экспериментальной авиации

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2011 года № 442. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2012 года № 1474

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.11.2012 № 1474 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 16) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 15 июля 2010 года "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила аттестации авиационного персонала гражданской и экспериментальной авиации.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2002 года № 1402 "Об утверждении Правил аттестации авиационного персонала гражданской и экспериментальной авиации" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 47, ст. 478).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 25 апреля 2011 года № 442

Правила
аттестации авиационного персонала
гражданской и экспериментальной авиации

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила аттестации авиационного персонала гражданской и экспериментальной авиации (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 июля 2010 года "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации".
      2. Настоящие Правила определяют порядок прохождения аттестации авиационного персонала гражданской и экспериментальной авиации (далее - авиационный персонал).
      3. Основные понятия и термины, используемые в настоящих Правилах:
      1) аттестация - процедура проверки профессиональных знаний и практических навыков авиационного персонала, проводимая аттестационной комиссией;
      2) уполномоченный орган в сфере гражданской авиации - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в области использования воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности гражданской и экспериментальной авиации (далее - уполномоченный орган).
      4. Аттестация проводится в целях определения соответствия авиационного персонала занимаемой должности, а также при понижении или повышении в должности, в том числе досрочном.

2. Порядок и сроки проведения аттестации

      5. Аттестации подлежат лица, занимающие должности, предусмотренные перечнем должностей и профессий авиационного персонала гражданской и экспериментальной авиации Республики Казахстан подлежащего аттестации, утверждаемым Правительством Республики Казахстан.
      6. Аттестация авиационного персонала проводится в следующие сроки:
      1) члены летного экипажа (пилоты, штурманы, бортинженеры (бортмеханики) - бортрадисты, члены кабинного экипажа (бортпроводники, бортоператоры) - ежегодно;
      2) диспетчеры обслуживания воздушного движения, летный состав сверхлегкой авиации - один раз в два года;
      3) инженерный и авиационно-технический состав организаций по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники, служб горюче-смазочных материалов, аэродромной службы, авиационный персонал по обеспечению полетов - один раз в три года;
      4) авиационный персонал служб авиационной безопасности, служб досмотра - один раз в пять лет;
      5) при переводе авиационного персонала на другую должность, если требования отличны по занимаемой должности - в течение 6 месяцев.
      7. Авиационный персонал при приеме на работу в гражданскую и экспериментальную авиацию проходит аттестацию.
      8. Для проведения аттестации в организациях гражданской авиации создаются аттестационные комиссии.
      Аттестационные комиссии проводят аттестацию авиационного персонала:
      1) на соответствие занимаемой должности;
      2) по продлению срока действия свидетельства;
      3) допустивших нарушения требований в сфере гражданской авиации, в случае совершения ими действий, непосредственно угрожающих безопасности полетов или утраты профессиональных качеств.
      9. Количество членов Аттестационной комиссии является нечетным и составляет не менее пяти человек. Периодичность заседания Аттестационной комиссии определяется организацией гражданской авиации.
      Заседание Аттестационной комиссии правомочно при наличии кворума, составляющего не менее двух третей состава комиссии.
      10. Аттестационная комиссия разрабатывает программу тестирования авиационного персонала гражданской и экспериментальной авиации и согласовывает ее с уполномоченным органом в сфере гражданской авиации.
      11. Аттестационная комиссия подготавливает список авиационного персонала, подлежащего аттестации.
      12. Аттестация включает следующие этапы:
      1) подготовка авиационного персонала к проведению аттестации;
      2) тестирование авиационного персонала;
      3) решение Аттестационной комиссии по результатам проведенной аттестации.
      13. Аттестация проводится на казахском, русском или английском языках.
      Авиационный персонал, подлежащий аттестации, но отсутствовавший по уважительной причине, проходит аттестацию в сроки, определяемые аттестационной комиссией.
      14. Вопросы для аттестации разрабатываются на основе должностных инструкций, квалификационных требований, а также нормативных правовых актов и ратифицированных Республикой Казахстан международных договоров в сфере деятельности гражданской авиации и использования воздушного пространства.
      15. По результатам аттестации авиационного персонала Аттестационная комиссия выносит одно из следующих решений:
      1) аттестован;
      2) не аттестован и подлежит повторной аттестации;
      3) не аттестован и не соответствует занимаемой должности.
      16. Авиационный персонал, не прошедший аттестацию, осуществляет свои функции и допускается к повторной аттестации в течение трех месяцев.
      17. Принятие Аттестационной комиссией решения "не аттестован и не соответствует занимаемой должности" может служить основанием для понижения в должности либо расторжения трудовых отношений с аттестуемым в соответствии с порядком, установленным законодательством Республики Казахстан.
      18. Принятие Аттестационной комиссией решения "аттестован и соответствует занимаемой должности" служит основанием для повышения в должности.
      Авиационный персонал имеет право обжаловать решение аттестационной комиссии в установленном законодательством порядке.
      19. Решение оформляется протоколом Аттестационной комиссии. Форма протокола устанавливается приказом руководителя организации гражданской авиации. Решения принимаются простым большинством голосов от числа присутствующих на заседании членов Аттестационной комиссии.
      При равенстве отданных голосов членов Аттестационной комиссии принятым считается решение, за которое проголосовал председатель Аттестационной комиссии. Протокол подписывается председателем и членами аттестационной комиссии, а также аттестуемым авиационным персоналом.
      20. Продление свидетельств авиационного персонала осуществляется уполномоченным органом в сфере гражданской авиации по предоставлению организацией гражданской авиации копии документов, заверенных подписью и печатью организации гражданской авиации и результатов тестирования авиационного персонала.

Азаматтық және эксперименттік авиация персоналын аттестаттау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 442 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және эксперименттік авиация персоналын аттестаттау қағидасы бекітілсін.
      2. «Азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық персоналын аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1402 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 47, 478-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2011 жылғы 25 сәуірдегі 
№ 442 қаулысымен    
бекітілген       

Азаматтық және эксперименттік авиацияның авиация персоналын аттестаттау қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық және эксперименттік авиацияның авиация персоналын аттестаттау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағида азаматтық және эксперименттік авиацияның авиация персоналын (бұдан әрі - авиация персоналы) аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.
      3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
      1) аттестаттау - аттестаттау комиссиясы өткізетін авиация персоналының кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын тексеру рәсімі;
      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган).
      4. Аттестаттау авиация персоналының атқаратын қызметіне сәйкестігін айқындау мақсатында, сондай-ақ қызметін, оның ішінде мерзімінен бұрын төмендету немесе жоғарылату кезінде жүргізіледі.

2. Аттестаттау жүргізудің тәртібі және мерзімдері

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасы азаматтық және эксперименттік авиациясының авиация персоналының аттестаттауға жататын лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесінде көзделген лауазымдарды иеленетін адамдар аттестаттауға жатады.
      6. Авиация персоналын аттестаттау мынадай мерзімдерде өткізіледі:
      1) ұшу экипажының мүшелері (пилоттар, штурмандар, бортинженерлер (бортмеханиктер) - бортрадистер, кабиналық экипаж мүшелері (борт жолсеріктері, борт операторлары) - жыл сайын;
      2) әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлері, аса жеңіл авиацияның ұшу құрамы - екі жылда бір рет;
      3) авиация техникасына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ұйымдарының, жанар-жағар май материалдары қызметтерінің, әуеайлақ қызметінің инженерлік және авиациялық техникалық құрамы, ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі авиация персоналы - үш жылда бір рет;
      4) авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің, қарап тексеру қызметтерінің авиация персоналы - бес жылда бір рет;
      5) авиация персоналы басқа лауазымға ауысқан кезде, егер талаптар атқарған лауазымынан ерекше болса — 6 ай ішінде.
      7. Авиация персоналы азаматтық және эксперименттік авиацияға жұмысқа қабылдау кезінде аттестаттаудан өтеді.
      8. Аттестаттауды жүргізу үшін азаматтық авиация ұйымдарында аттестаттау комиссиялары құрылады.
      Аттестаттау комиссиялары мына:
      1) атқаратын лауазымына сәйкестігіне;
      2) куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту бойынша;
      3) олар ұшуға тікелей қауіп төндірген әрекет жасаған немесе кәсіби сапаларын жоғалтқан жағдайларда азаматтық авиация саласындағы талаптарды бұзуға жол берген авиация персоналын аттестаттауды өткізеді.
      9. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің саны тақ болып табылады және кемінде бес адамды құрайды. Аттестаттау комиссиясы отырыстарының кезеңділігін азаматтық авиация ұйымы айқындайды.
      Аттестаттау комиссиясының отырысы комиссия құрамының кемінде үштен екісін құрайтын кворум болған кезде заңды.
      10. Аттестаттау комиссиясы азаматтық және эксперименттік авиацияның авиация персоналын тестілеу бағдарламасын әзірлеп, оны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келіседі.
      11. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауға жататын авиация персоналының тізімін дайындайды.
      12. Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) авиация персоналын аттестаттаудан өткізуге дайындау;
      2) авиация персоналын тестілеу;
      3) өткізілген аттестаттау нәтижелері бойынша Аттестаттау комиссиясының шешімі.
      13. Аттестаттау қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде өткізіледі.
      Аттестаттауға жататын, бірақ дәлелді себептер бойынша келмеген авиация персоналы аттестаттау комиссиясы айқындаған мерзімде аттестаттаудан өтеді.
      14. Аттестаттауға арналған сұрақтар лауазымдық нұсқаулықтар, біліктілік талаптары, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану саласындағы халықаралық шарттар негізінде әзірленеді.
      15. Авиация персоналын аттестаттау нәтижелері бойынша Аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін шығарады:
      1) аттестатталды;
      2) аттестатталған жоқ және қайта аттестатталуға тиіс;
      3) аттестатталған жоқ және атқаратын қызметіне сай емес.
      16. Аттестаттаудан өтпеген авиация персоналы үш ай ішінде өз функциясын жүзеге асырады және қайта аттестаттауға жіберіледі.
      17. Аттестаттау комиссиясының «аттестатталған жоқ және атқаратын қызметіне сай емес» деген шешім қабылдауы қызметін төмендетуге не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталатын адаммен еңбек қатынастарын бұзуға негіз бола алады.
      18. Аттестаттау комиссиясының «аттестатталды және атқаратын қызметіне сай» деген шешім қабылдауы қызметте жоғарылау үшін негіз болады.
      Авиация персоналының аттестаттау комиссиясының шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
      19. Шешім Аттестаттау комиссиясының хаттамасымен ресімделеді. Хаттама нысаны азаматтық авиация ұйымы басшысының бұйрығымен белгіленеді. Шешім отырысқа қатысып отырған Аттестаттау комиссиясы мүшелері санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
      Аттестаттау комиссиясының мүшелері берген дауыстар тең болған кезде Аттестаттау комиссиясының төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Хаттамаға аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ аттестатталатын авиация персоналы қол қояды.
      20. Авиация персоналының куәліктерін ұзартуды қолмен және азаматтық авиация ұйымының мөрімен расталған құжаттардың көшірмелері мен азаматтық авиация персоналын тестілеу нәтижелерін азаматтық авиация ұйымының ұсынуы бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.