Азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 398 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 623 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 623 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 398 қаулысымен  
бекітілген     

Азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесі

1. Ұшу авиация персоналының лауазымдары

      1) коммерциялық авиация пилоты;
      2) пилот-нұсқаушы;
      3) пилот-емтиханшы;
      4) әуесқой пилот;
      5) желілік пилот;
      6) аса жеңіл авиация пилоты;
      7) штурман;
      8) штурман-нұсқаушы;
      9) бортинженер (бортмеханик);
      10) бортрадист
      11) бортоператор
      12) бортсерік.

2. Жердегі авиация персоналының лауазымдары

      1) әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің диспетчері;
      2) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекцияның бастығы;
      3) әуеайлақ қызметінің басшысы;
      4) ұшу қызметінің басшысы;
      5) инженерлік-авиациялық қызметтің басшысы;
      6) әуе кемелерін пайдалану жөніндегі жетекші инженер;
      7) техникалық қызмет көрсету жөніндегі жетекші инженер;
      8) инженер-механик;
      9) инженерлік-авиациялық қызметтің инженері;
      10) ұшу аппараты мен қозғалтқыштар инженері;
      11) авиациялық және радиоэлектрондық жабдықтар инженері;
      12) жанар-жағармай жөніндегі инженер;
      13) жердегі көлік жөніндегі инженер;
      14) әуеайлақтарды пайдалану жөніндегі инженер;
      15) ұшуды электротехникалық қамтамасыз ету жөніндегі инженер;
      16) объективті бақылаудың авиациялық жабдықты пайдалану жөніндегі авиация технигі (механигі);
      17) планер және қозғалтқыштар жөніндегі авиация механигі (технигі);
      18) аспаптар және электр жабдықтар жөніндегі авиация механигі (технигі);
      19) радиожабдықтар жөніндегі авиация механигі (технигі);
      20) жанар-жағармай жөніндегі авиатехник;
      21) аса жеңіл авиация механигі (технигі).

3. Ұшу авиация персоналының кәсіптері

      1) инженер-пилот;
      2) пилот;
      3) әуесқой пилот;
      4) аса жеңіл авиация пилоты;
      5) штурман;
      6) бортинженер (бортмеханик);
      7) бортрадист;
      8) бортсерік;
      9) бортоператор.

4. Жердегі авиация персоналының кәсіптері

      1) инженер-механик;
      2) инженер-авионик;
      3) механик,
      4) авионик;
      5) техник-механик;
      6) техник-авионик;
      7) аса жеңіл авиация технигі;
      8) әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің диспетчері.     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады