Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2011 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на образование

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2011 года № 640

      Примечание РЦПИ. Документ вводится в действие с 1 января 2011 года

      В целях реализации статьи 11 Закона Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года "О республиканском бюджете на 2011-2013 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2011 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на образование (далее - Правила).
      2. Министерству образования и науки Республики Казахстан (далее - Министерство) обеспечить:
      1) перечисление утвержденных сумм целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан;
      2) мониторинг использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы.
      3. Акимам областей, городов Астаны и Алматы обеспечить:
      1) своевременное и целевое использование выделенных целевых текущих трансфертов;
      2) представление в Министерство отчетов об использовании выделенных целевых текущих трансфертов до пятого числа месяца, следующего за отчетным.
      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2011 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены      
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 7 июня 2011 года № 640

Правила
использования целевых текущих трансфертов из республиканского
бюджета на 2011 год областными бюджетами,
бюджетами городов Астаны и Алматы на образование

      1. Настоящие Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2011 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на образование определяют порядок использования целевых текущих трансфертов, выделяемых областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы из республиканского бюджета по следующим республиканским бюджетным программам:
      011 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на реализацию государственного образовательного заказа в дошкольных организациях образования";
      031 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы в реализацию Государственной программы развития образования в Республике Казахстан на 2011-2020 годы" (в том числе по подпрограммам):
      102 "Обеспечение оборудованием, программным обеспечением детей-инвалидов, обучающихся на дому";
      103 "Оснащение учебным оборудованием кабинетов физики, химии, биологии в государственных учреждениях основного среднего и общего среднего образования";
      104 "Создание лингафонных и мультимедийных кабинетов в государственных учреждениях начального, основного среднего и общего среднего образования";
      045 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на обновление и переоборудование учебно-производственных мастерских, лабораторий учебных заведений технического и профессионального образования";
      046 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на приобретение учебного оборудования для повышения квалификации педагогических кадров".
      2. Использование целевых текущих трансфертов, выделенных областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы, осуществляется в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      3. Единым организатором конкурсов по государственным закупкам учебного оборудования кабинетов физики, химии, биологии, лингафонных,  и мультимедийных кабинетов, учебного оборудования для повышения квалификации педагогических кадров выступает Министерство образования и науки Республики Казахстан.
      4. Местные исполнительные органы в области образования осуществляют в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, комплекс мероприятий по:
      реализации государственного образовательного заказа в дошкольных организациях образования;
      обеспечению оборудованием, программным обеспечением детей-инвалидов, обучающихся на дому;
      оснащению учебным оборудованием кабинетов физики, химии, биологии в государственных учреждениях основного среднего и общего среднего образования;
      созданию лингафонных и мультимедийных кабинетов в государственных учреждениях начального, основного среднего и общего среднего образования;
      обновлению и переоборудованию учебно-производственных мастерских, лабораторий учебных заведений технического и профессионального образования;
      приобретению учебного оборудования для повышения квалификации педагогических кадров.
      5. Местные исполнительные органы областей, городов Астаны и Алматы в области образования представляют в Министерство образования и науки Республики Казахстан ежеквартально в срок до пятого числа месяца, следующего за отчетным, отчеты о заключении и исполнении договоров о государственных закупках учебного оборудования кабинетов физики, химии, биологии; лингафонных и мультимедийных кабинетов, учебного оборудования для повышения квалификации педагогических кадров по форме, установленной Министерством финансов Республики Казахстан.
      6. Министерство образования и науки Республики Казахстан производит перечисление целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы в первые пять рабочих дней месяца (январь - не позднее двадцать пятого числа) на основании индивидуального плана финансирования по платежам и Соглашения о результатах по целевым текущим трансфертам (далее - Соглашение).
      7. Местные исполнительные органы области, города республиканского значения, столицы по итогам полугодия и года представляют в Министерство образования и науки Республики Казахстан отчет о прямых и конечных результатах, достигнутых за счет использования выделенных целевых трансфертов, в соответствии с соглашениями.
      8. Министерство образования и науки Республики Казахстан представляет в Министерство финансов Республики Казахстан отчетность о фактическом достижении прямых и конечных результатов по итогам полугодия не позднее 30 июля текущего года, итоговый отчет - не позднее 1 февраля следующего финансового года.

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 маусымдағы № 640 Қаулысы

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңының 11-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік):
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомасын аударуды;
      2) облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын;
      2) Министрлікке есептіден кейінгі айдың бесінші күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 7 маусымдағы
№ 640 қаулысымен  
бекітілген    

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің білім беруге 2011 жылға арналған
республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану
қағидасы

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне:
      011 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      031 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» (оның ішінде кіші бағдарламалар бойынша):
      102. «Үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықтармен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз ету»;
      103. «Орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыру»;
      104. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құру»;
      045. «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарындағы оқу-өндірістік шеберханаларды, зертханаларды жаңарту мен қайта жабдықтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      046. «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үшін оқу жабдығын сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарын, лингафондық және мультимедиалық кабинеттерді, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үшін оқу жабдығын мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде әрекет етеді.
      4. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар:
      мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру;
      үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз ету;
      негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыру;
      бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құру;
      техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңарту мен қайта жабдықтау;
      педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үшін оқу жабдығын сатып алу жөніндегі іс-шаралар кешенін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілеген нысан бойынша физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарын, лингафондық және мультимедиалық кабинеттерді, педагог кадрларының біліктілігін арттыру үшін оқу жабдығын мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жасалуы және орындалуы туралы есептерді ұсынады.
      6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының және Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) негізінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді айдың алғашқы бес жұмыс күнінде (қаңтар айының жиырма бесінші күнінен кешіктірмей) аударуды жүргізеді.
      7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
      8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізу туралы жарты жылдықтың қорытындылары бойынша есептілікті ағымдағы жылғы 30 шілдеден кешіктірмей, жиынтық есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей береді.