О создании акционерного общества "Национальная геологоразведочная компания "Казгеология"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2011 года № 684

      В целях обеспечения оптимального освоения территории республики, создания благоприятных условий для жизни населения и новых минерально-сырьевых баз для фонда будущих поколений, а также обеспечения реализации экономических и геополитических интересов Казахстана в казахстанском секторе Каспийского шельфа Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать акционерное общество "Национальная геологоразведочная компания "Казгеология" (далее - общество) со стопроцентным участием государства в его уставном капитале.
      2. Определить основными направлениями деятельности общества:
      1) воспроизводство минерально-сырьевой базы республики;
      2) участие в осуществлении единой государственной политики в сфере геологоразведочных работ;
      3) проведение геологического изучения недр, включая поиск и оценку месторождений полезных ископаемых;
      4) разработка и внедрение новых наукоемких и эффективных технологий в геологической отрасли;
      5) хранение, обработка, систематизация банка данных получаемой геологической информации;
      6) эффективное управление передаваемыми обществу пакетами акций (долей участия) организаций геологической отрасли.
      3. Выделить Министерству индустрии и новых технологий Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан на неотложные затраты, предусмотренные в республиканском бюджете на 2011 год, средства в размере 75600000 (семьдесят пять миллионов шестьсот тысяч) тенге на формирование уставного капитала общества.
      4. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Министерством индустрии и новых технологий Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) обеспечить формирование уставного капитала общества в размере 75600000 (семьдесят пять миллионов шестьсот тысяч) тенге из средств, выделяемых из резерва Правительства Республики Казахстан, в соответствии с пунктом 3 настоящего постановления;
      2) утвердить устав общества и обеспечить его государственную регистрацию в органах юстиции;
      3) после регистрации общества в органах юстиции обеспечить передачу государственного пакета акций общества в оплату (увеличение) уставного капитала акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына";
      4) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
      5. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2011 года № 376 "Об утверждении перечня национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний" следующее дополнение:
      в перечне национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, утвержденном указанным постановлением:
      раздел "Национальные компании" дополнить строкой, порядковый номер 36, следующего содержания:
      "36. Акционерное общество "Национальная геологоразведочная компания "Казгеология".
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

"Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 684 Қаулысы

      Республика аумағын оңтайлы игеруді қамтамасыз ету, халықтың тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасау және келешек буынның қоры үшін жаңа минералдық-шикізат базасын құру, сондай-ақ Каспий қайраңының қазақстандық секторында Қазақстанның экономикалық және геосаяси мүдделерін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
      2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып белгіленсін:
      1) республиканың минералдық шикізат базасын ұдайы өндіру;
      2) геологиялық барлау жұмыстары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
      3) пайдалы қазбалар кенорындарын іздестіруді және бағалауды қоса алғанда, жер қойнауын геологиялық зерделеуді жүргізу;
      4) геология саласында ғылымды қажетсінетін және тиімді жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу;
      5) алынатын геологиялық ақпараттың деректер банкін сақтау, өңдеу, жүйелендіру;
      6) қоғамға берілетін геология саласы ұйымдарының акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) тиімді басқару.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 75600000 (жетпіс бес миллион алты жүз мың) теңге мөлшерінде қаражат бөлінсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қоғамның жарғылық капиталын осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражаттан 75600000 (жетпіс бес миллион алты жүз мың) теңге мөлшерінде қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
      2) қоғамның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) қоғам әділет органдарында тіркелгеннен кейін қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына төлеуге (көбейтуге) беруді қамтамасыз етсін;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 36-жолмен толықтырылсын:
      «36. «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы».
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов