Об утверждении Правил кредитования областных бюджетов на строительство и (или) приобретение жилья на 2011 год в рамках Программы занятости 2020

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июля 2011 года № 818

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 июня 2011 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам занятости и социальной защиты населения», постановлениями Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2010 года № 1350 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2011 – 2013 годы», от 31 марта 2011 года № 316 «Об утверждении Программы занятости 2020» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила кредитования областных бюджетов на строительство и (или) приобретение жилья на 2011 год в рамках Программы занятости 2020.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан, Агентству Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) заключение кредитных договоров с местными исполнительными органами областей;
      2) контроль за целевым использованием и своевременным возвратом кредитов в республиканский бюджет.
      3. Местным исполнительным органам областей ежеквартально, не позднее 10-го числа месяца, следующего за отчетным периодом, предоставлять информацию об освоении кредитов в Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства и Министерство финансов Республики Казахстан.
      4. Агентству Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства совместно с Министерством труда и социальной защиты населения Республики Казахстан обеспечить мониторинг использования бюджетных средств, выделенных на строительство и (или) приобретение жилья на 2011 год в рамках Программы занятости 2020.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                             К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 18 июля 2011 года № 818 

Правила
кредитования областных бюджетов на строительство
и (или) приобретение жилья на 2011 год в рамках
Программы занятости 2020

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила кредитования областных бюджетов на строительство и (или) приобретение жилья на 2011 год в рамках Программы занятости 2020 (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года «О республиканском бюджете на 2011 – 2013 годы», от 27 июня 2011 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам занятости и социальной защиты населения», постановлениями Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2010 года № 1350 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2011 – 2013 годы», от 31 марта 2011 года № 316 «Об утверждении Программы занятости 2020» и определяют порядок кредитования областных бюджетов на строительство и (или) приобретение жилья на 2011 год в рамках Программы занятости 2020.

2. Порядок кредитования областных бюджетов на
строительство и (или) приобретение жилья на 2011 год
в рамках Программы занятости 2020

      2. Местные исполнительные органы областей (далее – заемщики) в течение десяти календарных дней после принятия соответствующими маслихатами решений, предусматривающих в областных бюджетах на 2011 год соответствующие поступления, предоставляют указанные решения маслихатов в Министерство финансов Республики Казахстан (далее – кредитор).
      3. Кредитор в соответствии с законодательством Республики Казахстан после выполнения пункта 2 настоящих Правил предоставляет заемщикам бюджетные кредиты на общую сумму 11 538 220 000 (одиннадцать миллиардов пятьсот тридцать восемь миллионов двести двадцать тысяч) тенге (далее - кредиты) посредством заключения кредитных договоров согласно приложению 3 постановления Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2010 года № 1350 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2011 – 2013 годы».
      4. Для предоставления кредитов заемщикам устанавливаются следующие основные условия:
      1) кредиты предоставляются заемщикам в тенге сроком на 7 (семь) лет по 0,01 %-ной ставке вознаграждения на строительство и (или) приобретение жилья на 2011 год в рамках Программы занятости 2020;            2) период освоения кредитов исчисляется с момента перечисления кредитов со счета кредитора и заканчивается 25 декабря 2013 года.
      5. Дополнительные условия по предоставлению, погашению и обслуживанию кредитов устанавливаются в кредитном договоре в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан.

Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 818 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 27 маусымдағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350, «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
      2) кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
      4. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде 2011 жылға тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 818 қаулысымен  
бекітілген     

Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының
шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға
2011 жылға кредит беру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 27 маусымдағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350, «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулыларына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру тәртібін айқындайды.

2. Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының
шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға
2011 жылға кредит беру тәртібі

      2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қарыз алушылар) тиісті мәслихаттар 2011 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін ұсынады.
      3. Кредитор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Қағиданың 2-тармағы орындалғаннан кейін «2011–2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес қарыз алушыларға кредиттік шарттар жасасу арқылы жалпы сомасы 11 538 220 000 (он бір миллиард бес жүз отыз сегіз миллион екі жүз жиырма мың) теңгеге бюджеттік кредиттер (бұдан әрі – кредиттер) береді.
      4. Қарыз алушыларға кредиттер берудің мынадай негізгі шарттары белгіленеді:
      1) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредиттер қарыз алушыларға 7 (жеті) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
      2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 2013 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.
      5. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.