О проекте Закона Республики Казахстан "О гарантированном трансферте из Национального фонда Республики Казахстан на 2012-2014 годы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2011 года № 988

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О гарантированном трансферте из Национального фонда Республики Казахстан на 2012-2014 годы".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

ЗАКОН
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О гарантированном трансферте из Национального фонда Республики
Казахстан на 2012-2014 годы

      Статья 1. Утвердить следующие размеры гарантированного трансферта из Национального фонда Республики Казахстан в республиканский бюджет на 2012-2014 годы:
      2012 год - 1 200 000 000 тысяч тенге;
      2013 год - 1 200 000 000 тысяч тенге;
      2014 год - 1 200 000 000 тысяч тенге.
      Статья 2. Признать утратившим силу Закон Республики Казахстан от 30 ноября 2010 года "О гарантированном трансферте из Национального фонда Республики Казахстан на 2011-2013 годы" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2010 г., № 23, ст. 135).
      Статья 3. Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2012 года.

      Президент
      Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 988 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға
арналған кепілдендірілген трансферт туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшері бекітілсін:
      2012 жыл – 1 200 000 000 мың теңге;
      2013 жыл – 1 200 000 000 мың теңге;
      2014 жыл – 1 200 000 000 мың теңге.
      2-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011 - 2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2010 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 23, 135-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті