О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2010 года № 654 "О некоторых вопросах решения проблем на рынке недвижимости"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2011 года № 1026

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2010 года № 654 "О некоторых вопросах решения проблем на рынке недвижимости" следующие изменения:
      абзац первый, подпункты 1) и 2) пункта 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Одобрить предложенные акционерным обществом "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" условия размещения срочного банковского вклада в сумме 34000000000 (тридцать четыре миллиарда) тенге в акционерном обществе "Казкоммерцбанк" для последующего кредитования товарищества с ограниченной ответственностью "Global building contract" на строительство мегарайона "Сайран", кварталы 2, 20, 42 в городе Алматы на следующих основных условиях:
      1) размещение - двумя траншами в сумме 14700000000 (четырнадцать миллиардов семьсот миллионов) тенге и 19300000000 (девятнадцать миллиардов триста миллионов) тенге;
      2) срок вклада - 10 (десять) лет с даты размещения каждого транша;".
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

"Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 654 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1026 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 654 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың бірінші абзацы, 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы ұсынған Алматы қаласында "Сайран" мегаауданының, 2, 20, 42-орамдардың құрылысын салуға "Global building contract" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне кейіннен кредит беру үшін 34000000000 (отыз төрт миллиард) теңге сомасында мерзімді банктік салымды "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамына орналастырудың мынадай негізгі шарттардағы талаптары мақұлдансын:
      1) орналастыру - 14700000000 (он төрт миллиард жеті жүз миллион) теңге және 19300000000 (он тоғыз миллиард үш жүз миллион) теңге сомасындағы екі траншпен;
      2) салымның мерзімі - әрбір транш орналастырылған күнінен бастап 10 (он) жыл;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов