О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 2011 года № 1107

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года "О республиканском бюджете на 2011 - 2013 годы" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Выделить Министерству финансов Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2011 год на неотложные затраты, средства в сумме, эквивалентной 4265 (четыре тысячи двести шестьдесят пять) долларам США, по рыночному курсу обмена валют на день выдачи для оплаты ежегодного членского взноса в международное объединение "Группа подразделений финансовых разведок Эгмонт".
      2. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить контроль за целевым использованием выделенных средств.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1107 Қаулысы

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен «Эгмонт қаржылық барлау бөлімшелерінің тобы» халықаралық бірлестігіне жыл сайынғы мүшелік жарна төлеу үшін валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша 4265 (төрт мың екі жүз алпыс бес) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол койылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрі                           К. Мәсімов