О ликвидации Республиканского государственного казенного предприятия "Курсы повышения квалификации кадров Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан" и создании государственного учреждения "Курсы повышения квалификации кадров Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 октября 2011 года № 1169

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Ликвидировать Республиканское государственное казенное предприятие "Курсы повышения квалификации кадров Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан" (далее - предприятие).
      2. Создать государственное учреждение "Курсы повышения квалификации кадров Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан" (далее - учреждение).
      3. Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) утвердить устав учреждения и обеспечить его государственную регистрацию в органах юстиции;
      2) совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан обеспечить передачу учреждению имущества, оставшегося после удовлетворения требований кредиторов ликвидируемого предприятия;
      3) принять иные меры по реализации настоящего постановления.
      4. Установить, что финансирование учреждения осуществляется за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан на соответствующий финансовый год.
      5. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания, за исключением пунктов 2, 3, 4 и 5, которые вводятся в действие с 1 января 2012 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 14 октября 2011 года № 1169

Изменения, которые вносятся
в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 23.09.2014 № 1005.
      2. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683.
      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 "Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений":
      в лимитах штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений, утвержденных указанным постановлением:
      строку, порядковый номер 7, изложить в следующей редакции:
"

7.

Министерство труда и социальной защиты населения
Республики Казахстан с учетом его территориальных
органов и подведомственных ему государственных
учреждений, в том числе:

1281

Курсы повышения квалификации кадров Министерства труда
и социальной защиты населения Республики Казахстан

9

                                                                   ".

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату және «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1169 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) таратылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, таратылатын кәсіпорын кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін мекемеге беруді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      6. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2, 3, 4 және 5-тармақтарды қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 14 қазандағы
№ 1169 қаулысымен
бекітілген   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

7.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, оның аумақтық органдарын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде:

1281


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы

9

».