Об утверждении Правил оказания консультативно-диагностической помощи

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2011 года № 1374. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2015 года № 862

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.10.2015 № 862 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

ПРЕСС-РЕЛИЗ
 
      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ и.о. Министра здравоохранения и социального развития РК от 28.07.2015 г. № 626.


      В соответствии с пунктом 2 статьи 46 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания консультативно-диагностической помощи.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 24 ноября 2011 года № 1374

Правила
оказания консультативно-диагностической помощи

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания консультативно-диагностической помощи (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 46 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" и определяют порядок оказания консультативно-диагностической помощи.
      2. Консультативно-диагностическая помощь оказывается:
      1) консультативно-диагностическими центрами;
      2) консультативно-диагностическими поликлиниками;
      3) консультативно-диагностическими отделениями.
      3. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) консультативно-диагностическая помощь - специализированная или высокоспециализированная медицинская помощь без круглосуточного медицинского наблюдения;
      2) специализированная медицинская помощь - медицинская помощь, оказываемая профильными специалистами при заболеваниях, требующих специальных методов диагностики, лечения и медицинской реабилитации;
      3) высокоспециализированная медицинская помощь - медицинская помощь, оказываемая профильными специалистами при заболеваниях, требующих использования новейших технологий диагностики, лечения и медицинской реабилитации в медицинских организациях, определяемых уполномоченным органом;
      4) профильный специалист - медицинский работник с высшим медицинским образованием, имеющий сертификат по определенной специальности;
      5) врач первичной медико-санитарной помощи - участковый терапевт, педиатр, врач общей практики, оказывающий квалифицированную медицинскую помощь без круглосуточного медицинского наблюдения;
      6) пациент - физическое лицо, являющееся (являвшееся) потребителем медицинских услуг.

2. Порядок оказания консультативно-диагностической помощи

      4. Консультативно-диагностическая помощь пациентам оказывается медицинскими организациями путем предоставления профилактических, диагностических и лечебных услуг при наличии у них лицензии на осуществление медицинской деятельности, включающей проведение экспертизы временной нетрудоспособности.
      5. Оказание консультативно-диагностической помощи пациенту профильным специалистом осуществляется по направлению врача первичной медико-санитарной помощи или другого профильного специалиста в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденного Правительством Республики Казахстан.
      6. При направлении на консультативно-диагностическую помощь врач первичной медико-санитарной помощи или другой профильный специалист оформляет направлениевыписку из медицинской карты амбулаторного, стационарного больного с указанием клинического диагноза и результатов лабораторных и инструментальных исследований (форма № 027/у).
      7. Направление пациентов на получение консультативно-диагностической помощи на республиканском уровне осуществляется из регионов региональными комиссиями, созданными и функционирующими при управлениях здравоохранения областей, а из городов Астана и Алматы из медицинских организаций (территориальные поликлиники, стационары, диспансеры).
      На рассмотрение региональной комиссии для решения вопроса направления в республиканскую медицинскую организацию на получение консультативно-диагностической помощи специалист первичной медико-санитарной помощи или профильный специалист медицинской организации, направляет пакет документов: копия документа, удостоверяющего личность пациента и выписка из амбулаторного, стационарного больного (форма № 027/у) с указанием клинического диагноза, результаты исследований (общий анализ крови, общий анализ мочи, анализ кала на гельминты, микрореакция, флюорография, электрокардиограмма, ультразвуковое исследование, биохимические анализы). В течение двух рабочих дней, с момента поступления документов пациента, региональной комиссией принимается протокольное решение.
      При принятии положительного решения об оказании пациенту консультативно-диагностической помощи в республиканской медицинской организации, региональная комиссия выдает направление на консультативно-диагностическую помощь, форма которого утверждена уполномоченным органом в области здравоохранения (форма № 021/у).
      В случае отказа в оказании пациенту в консультативно-диагностической помощи на республиканском уровне, региональная комиссия возвращает документы с приложением письменного мотивированного отказа в направившую медицинскую организацию.
      8. При отсутствии направления от врача первичной медико-санитарной помощи или другого профильного специалиста, а также по инициативе пациентов, консультативно-диагностическая помощь оказывается медицинскими организациями на платной основе.
      9. Врачу первичной медико-санитарной помощи или другому профильному специалисту, направившему пациента на консультацию, профильный специалист, оказавший консультативно-диагностическую помощь, представляет консультативно-диагностическое заключение, в котором указывает результаты проведенного обследования и лечения, а также рекомендации по дальнейшему ведению пациента (форма № 071/у).
      10. Врач первичной медико-санитарной помощи или другой профильный специалист осуществляет дальнейшее наблюдение за пациентом после получения консультативно-диагностического заключения в соответствии с рекомендациями профильного специалиста, оказавшего консультативно-диагностическую помощь.
      11. При наличии показаний профильный специалист медицинской организации, осуществляющей консультативно-диагностическую помощь, направляет больного на стационарное лечение в порядке, утвержденном Правительством Республики Казахстан.
      12. Профильный специалист медицинской организации, осуществляющей консультативно-диагностическую помощь, при наличии показаний выдает или продлевает лист и (или) справку временной нетрудоспособности, а при наличии стойкой утраты трудоспособности дает рекомендации на оформление документов для направления на медико-социальную экспертизу.
      13. Профильный специалист медицинской организации, осуществляющей консультативно-диагностическую помощь, обеспечивает ведение первичных медицинских документов, представление отчетов по формам, видам, в объеме, порядке и сроки, которые установлены уполномоченным органом в области здравоохранения и уполномоченным органом в области государственной статистики.

Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 1374 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 862 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.10.2015 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Баспасөз релизі

 

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығын қараңыз.


      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 24 қарашадағы
№ 1374 қаулысымен
бекітілген   

Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және медициналық ұйымдарда азаматтарға консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін анықтайды.
      2. Консультациялық-диагностикалық көмекті:
      1) консультациялық-диагностикалық орталықтар;
      2) консультациялық-диагностикалық емханалар;
      3) консультациялық-диагностикалық бөлімшелер көрсетеді.
      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) консультациялық-диагностикалық көмек - тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек;
      2) мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
      3) жоғары мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде уәкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
      4) бейінді маман - жоғары медициналық білімі, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
      5) бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігері - тәулік бойы медициналық бақылау жасамайтын, білікті медициналық көмек көрсететін учаскелік терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігері;
      6) пациент - медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға.

2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібі

      4. Пациенттерге консультациялық-диагностикалық көмекті медициналық ұйымдар еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізуді қамтитын медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін ұсыну арқылы көрсетеді.
      5. Бейінді маманның пациентке консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерінің немесе басқа бейінді маманның жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
      6. Консультациялық-диагностикалық көмекке жіберу кезінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігері немесе басқа бейінді маман клиникалық диагнозы мен зертханалық және аспаптық зерттеулерінің нәтижелерін көрсете отырып, жолдаманы, амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмені (№ 027/е нысаны) ресімдейді.
      7. Өңірлерден республикалық деңгейде консультациялық-диагностикалық көмек алуға пациенттерді жіберуді облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының жанынан құрылған және жұмыс істейтін өңірлік комиссиялар, ал Астана және Алматы қалаларынан медициналық ұйымдар (аумақтық емханалар, стационарлар, диспансерлер) жүзеге асырады.
      Консультациялық-диагностикалық көмек алуға республикалық медициналық ұйымға жіберу мәселесін шешу үшін медициналық ұйымның бастапқы медициналық-санитариялық көмек маманы немесе бейінді маман өңірлік комиссияның қарауына құжаттар пакетін: пациенттің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін және клиникалық диагнозын, зерттеулердің нәтижелерін (қанның жалпы анализі, несептің жалпы анализі, нәжістің гельминттерге анализі, микрореакция, флюорография, электрокардиограмма, ультрадыбыстық зерттеу, биохимиялық анализдер) көрсете отырып, амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірмені (№ 027/е нысаны) жолдайды. Пациенттің құжаттары түскен сәттен бастап екі жұмыс күнінің ішінде өңірлік комиссия хаттамалық шешім қабылдайды.
      Пациентке республикалық медициналық ұйымда консультациялық-диагностикалық көмек көрсету туралы оң шешім қабылданған кезде, өңірлік комиссия консультациялық-диагностикалық көмекке жолдама (№ 021/е нысаны) береді, оның нысанын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      Пациентке республикалық деңгейде консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, өңірлік комиссия жолдама берген медициналық ұйымға жазбаша дәлелденген бас тартуды қоса бере отырып, құжаттарды қайтарады.
      8. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерінен немесе басқа бейінді маманнан жолдама болмаған жағдайда, сондай-ақ пациенттердің бастамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек ақылы негізде көрсетіледі.
      9. Пациентті консультацияға жіберген бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігеріне немесе басқа бейінді маманға консультациялық-диагностикалық көмек көрсеткен бейінді маман жүргізілген тексеру мен емдеу нәтижелері, сондай-ақ пациентті одан әрі тексеріп-қарау жөніндегі ұсынымдар (№ 071/е нысаны) көрсетілген консультациялық-диагностикалық қорытындыны ұсынады.
      10. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігері немесе басқа бейінді маман консультациялық-диагностикалық көмек көрсеткен бейінді маманның ұсынымдарына сәйкес консультациялық-диагностикалық қорытындыны алғаннан кейін пациентті одан әрі бақылауды жүзеге асырады.
      11. Консультациялық-диагностикалық көмекті жүзеге асыратын медициналық ұйымның бейінді маманы айғақтар болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен науқасты стационарлық емдеуге жібереді.
      12. Консультациялық-диагностикалық көмекті жүзеге асыратын медициналық ұйымның бейінді маманы айғақтары болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және (немесе) анықтама береді немесе ұзартады, ал еңбекке жарамдылығын тұрақты жоғалтқан жағдайда медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін құжаттарды ресімдеуге ұсынымдар береді.
      13. Консультациялық-диагностикалық көмекті жүзеге асыратын медициналық ұйымның бейінді маманы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер бойынша, көлемде, тәртіппен және мерзімде бастапқы медициналық құжаттардың жүргізілуін, есептердің берілуін қамтамасыз етеді.