Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 маусымда № 10964 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.11.2020 № ҚР ДСМ-198/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 59-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастан қолданысқа енгізіледі.

      Министр Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 183 бұйрығымен
бекітілген

Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.09.2018 № ҚР ДСМ-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 59-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық ұйымдардың еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздықты куәландыратын құжаттар беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі - ДКК) – меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымда құрылатын комиссия;

      2) еңбекке уақытша жарамсыздық – адам организмінің сырқаттанумен немесе жарақаттанумен негізделетін жай-күйі, мұндай кезде функциялардың бұзылуы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру немесе мүгедектікті белгілеу үшін қажетті уақыт бойы кәсіптік еңбекті орындаудың мүмкін болмауымен ілесе жүреді;

      3) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы – осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздығын куәландыратын, жұмыстан уақытша босатуға және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжат;

      4) еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы – жәрдемақы алмай жұмыстан (оқудан) босату үшін негіз болып табылатын, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын құжат;

      5) еңбекке уақытша жарамсыздық парағының талап етілмейтін бланкісі – Қағидаларға сәйкес ресімделген, бірақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген адам еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұзарту мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оны ұзарту немесе жаптыру үшін келмеген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы;

      6) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы – мақсаты жеке адамның еңбекке жарамсыздығын және оның сырқаттану кезеңінде еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босатылуын ресми тану болып табылатын денсаулық саласындағы сараптаманың түрі;

      7) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      8) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      10) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) – оңалтуды қоса алғанда, организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау;

      11) орталықтандырылған дәрігерлік – консультациялық комиссия (бұдан әрі - ОДКК) - туберкулезге қарсы ұйымда құрылатын комиссия.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.04.2020 № ҚР ДСМ-30/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы:

      1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған;

      2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған;

      3) жүктілікті жасанды үзген;

      4) науқас балаға күтім жасаған;

      5) жүкті болған және босанған;

      6) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған;

      7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;

      8) карантин;

      9) ортопедиялық протездеу кезінде беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушілер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.04.2020 № ҚР ДСМ-30/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) бекітілген нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы:

      1) білім беру ұйымдарында оқитын адамдардың жіті немесе созылмалы аурулары асқынған, жарақаттану және улану;

      2) алкогольдік немесе есірткілік мас болу жағдайында алынған жарақаттар, сондай-ақ алкогольдік немесе есірткелік жіті уыттанған;

      3) өзге бұзылулармен және аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты емдеген;

      4) науқас балаға күтім жасаған;

      5) инвазивтік зерттеп-қарау әдістерін жүргізу кезеңінде консультациялық-диагностикалық ұйымдарда зерттеп-қараудан өткен;

      6) жүктілікті жасанды үзген;

      7) жүкті болған және босанған;

      8) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған;

      9) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;

      10) карантин;

      11) ортопедиялық протездеу;

      12) ауысымның соңына дейін еңбекке жарамсыздық белгілері болған кезде (кәсіпорындардың және ұйымдардың медициналық пунктерінің медицина қызметкерлері береді) беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушілер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.04.2020 № ҚР ДСМ-30/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Осы Қағидалардың 3, 4-тармақтарында көрсетілген жағдайларда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және еңбек ететін және білім беру ұйымдарында оқитын шетел азаматтарына оларды өндірістік практика кезеңінде ақы төлетін жұмыс орындарына алынған кезеңдерінде беріледі.

      6. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын:

      1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау жүргізуді қамтитын медициналық қызметтің түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын дәрігерлер (бұдан әрі - денсаулық сақтау субъектілері) береді;

      2) мемлекеттік нысандағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) ұйымдарының орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері пациенттерді өз бетінше қабылдаған және бастапқы үйге шақыртуда өз бетінше қызмет көрсеткен кезде береді.

      7. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы:

      1) әскери басқару органдарының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден өтетін немесе емделетін;

      2) қамаудағы немесе әкімшілік қамаудағы;

      3) амбулаториялық-емханалық жағдайларда әртүрлі ем-шаралар мен манипуляциялар қабылдайтын, зерттеп-қараудан өтетін, асқынудан (нашарлаудан) тыс созылмалы аурулары бар;

      4) еңбекке уақытша жарамсыздық белгілері анықталмаған жағдайда медициналық ұйымға медициналық көмек сұрап, өтініш білдірген адамдарға берілмейді.

      Көрсетілген жағдайларда пациентке амбулаториялық (стационарлық) науқастың медициналық картасынан көшірме беріледі.

      8. Мынадай медициналық ұйымдар:

      1) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      2) сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      3) травматологиялық пунктерде және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері;

      4) санаторийлік-курорттық ұйымдар;

      5) апаттар медицинасы ұйымдары;

      6) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      7) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері;

      8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      9) жедел медициналық көмек ұйымдары еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бермейді.

2-тарау. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.09.2018 № ҚР ДСМ-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде беріледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.04.2020 № ҚР ДСМ-30/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруді және ұзартуды медицина қызметкері адамды тексеріп-қарағаннан және науқастың амбулаториялық (стационарлық) медициналық картасына оны жұмыстан уақытша босату қажеттігін негіздейтін денсаулық жағдайы туралы деректерді жазғаннан кейін жүзеге асырады.

      11. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасы еңбекке уақытша жарамсыздығы белгіленген күнінен бастап мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, еңбекке жарамдылығын қалпына келтірудің бүкіл кезеңі бойына беріледі.

      12. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, адамды медицина қызметкері тексермеген, өтіп кеткен күндер үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруге жол берілмейді.

      13. Аурулар мен жарақаттар кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері күнтізбелік үш күнге (халықтың тұмаумен, ЖРВИ-мен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде алты күнге дейін медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде) және жалпы ұзақтығы күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге жеке өзі және бір мезгілде береді.

      Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын алты күннен артық ұзарту медициналық ұйымның бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, жалпы ұзақтығы күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзімге жүргізіледі.

      Еңбекке уақытша жарамсыздық парағынан көрсетілген мерзімнен артық ұзарту ДКК-ның қорытындысы бойынша жүргізіледі.

      Бір дәрігер жұмыс істейтін медициналық ұйымдарда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі және дәрігер еңбекке жарамсыздықтың барлық кезеңінде бейінді маманның консультациясымен өз бетінше ұзартады.

      Жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге береді.

      Осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімге береді. Үш күннен жоғары еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ұзартуды учаскелік дәрігер жүргізеді.

      Ауылдық жерлердегі фельдшерлер дәрігер болмаған кезде халықтың тұмаумен, ЖРВИ-мен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде жалпы ұзақтығы күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде береді.

      14. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жүктілікті және босануды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен бекітілген Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесінде айқындалған ауруларды қоспағанда, күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге беріледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12733 болып тіркелген).

      Егер ДКК-ның қорытындысы бойынша мүгедектікті белгілеу мақсатында МӘС-ке жіберу үшін негіз болмаса, бірақ адамдардың еңбек жағдайы аурудың клиникалық ағымы мен болжамын нашарлатса, ДКК-ның екі айдан бастап алты айға дейінгі мерзімге неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыру туралы қорытындысы беріледі. Мерзімді кәсібіне (мамандығына), аурудың ағымы мен асқынуларына қарай ДКК белгілейді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.09.2018 № ҚР ДСМ-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Жұмыс (ауысым, оқу) уақыты аяқталғаннан кейін медициналық көмекке өтініш білдірген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағында және анықтамасында келесі күннен бастап жұмыстан босату күні көрсетіледі.

      16. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасы стационарға емдеуге жатқызылған жағдайда емдеуге жатқызылған күннен бастап, бекітілген жері бойынша (басқа қаладан келген адамға - жүгінген жері бойынша) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымда амбулаториялық жағдайларда емделген жағдайларда травматологиялық пунктке және жедел жәрдем станциясына жүгінген күнді олардың көрсетілген медициналық ұйымға жүгінгендерін растайтын анықтаманың негізінде есепке ала отырып беріледі.

      Адам жедел жәрдем бригадасы және (немесе) травматологиялық пункте қызмет көрсетілген кейін келесі күні амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымға жүгінеді.

      Егер адамға жедел жәрдем бригадасы және (немесе) травматологиялық пункте жұма күні, демалыс және мереке күндері қызмет көрсетілсе, онда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым, травматологиялық пунктке және жедел жәрдем станциясына жүгінген күнді және одан кейінгі демалыс пен мереке күндерін олардың көрсетілген медициналық ұйымға жүгінгендерін растайтын анықтаманың негізінде есепке ала отырып береді.

      17. Адам ауысым аяқталғанға дейін еңбекке жарамсыз болған жағдайда, кәсіпорындар мен ұйымдардың медициналық пункттерінің медицина қызметкері кейіннен медициналық ұйымға жібере отырып, ауысымның аяғына дейін еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын береді. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруді кәсіпорынның медициналық пунктіне өтініш білдірген күнін есепке ала отырып, адам бекітілген медициналық ұйымның медицина қызметкері жүргізеді.

      18. Белгіленген туберкулез, психикалық, тері-венерологиялық, онкологиялық және адамның иммун тапшылығы вирусы/жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (бұдан әрі - АИТВ/ЖИТС) аурулары кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын мамандандырылған медициналық ұйымдардың (бөлімшелердің, кабинеттердің) тиісті медицина қызметкерлері береді. Осы аурулармен ауыратын адамдар жалпы бейінді медициналық ұйымдарға жүгінген кезде медицина қызметкері кейіннен міндетті түрде адамды мамандандырылған медициналық ұйымға (бөлімшеге), ондай болмаған жағдайда бейінді маманға жібере отырып, күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімге еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын береді.

      19. Адамдарды санаторийлік-курорттық ұйымға емдеудің ажырамас компоненті болып табылатын медициналық оңалту жүргізу үшін ауыстырған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ұзартуды адам бекітілген медициналық ұйым жүргізеді.

      20. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын стационарлық емдеу кезінде (күндізгі стационарларды қоса алғанда) медицина қызметкері адамды шығарған күні стационарлық емдеудің бүкіл кезеңіне береді.

      Егер стационардан шығару сәтіне адамның еңбекке жарамдылығы толық қалпына келтірілсе, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы шығарылған күнмен жабылады.

      Еңбекке уақытша жарамсыздығы сақталып отырған адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы оның емхананың медицина қызметкеріне келуі немесе медицина қызметкерін үйге шақыруы (бір күннен аспайтын мерзімге) үшін қажетті уақыты ескеріле отырып, ұзартылады.

      Тұрған өңірінен тыс ем қабылдаған адамдарға оның тұрақты мекенжайына келуі үшін қажетті уақыт (бірақ күнтізбелік төрт күннен аспайтын мерзімге) есептеледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын одан әрі ұзарту және жабу адамның тұрғылықты жері бойынша ДКК қорытындысынан кейін оны одан әрі бақылауды жүзеге асыратын медицина қызметкері немесе одан әрі емделу үшін науқас жіберілген медициналық ұйым жүргізеді.

      21. Алкогольдік немесе есірткілік мас болу күйінде алған жарақаттар кезінде, сондай-ақ алкогольдік немесе есірткілік жіті уыттанған кезде еңбекке уақытша жарамсыздықтың бүкіл кезеңіне еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы беріледі.

      Пациентке еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы берілген аурумен байланысты емес басқа ауру туындаған кезде, еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы жабылады және еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі. Егер, осы ауру бойынша еңбекке қабілеттілік қалпына келгеннен кейін, алкогольдік немесе есірткілік мас болу күйінде алған жарақаттармен туындаған еңбекке уақытша жарамсыздық жалғасады, қайтадан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы ашылады.

      22. Өзге де бұзылушылықтармен және аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты емдеу кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасымен куәландырылады. Егер осы кезеңде еңбекке уақытша жарамсыздықтың болуымен ауру немесе жарақаттан туындаса және алкоголизмді (нашақорлықты) емдеуді тоқтату талап етілсе еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі.

      Созылмалы алкоголизм (нашақорлық) өзге де аурулармен және еңбекке қабілеттілікті бұзатын жағдайлармен асқынған кезде еңбекке жарамсыздықтың бүкіл кезеңіне еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.

      23. Психикалық аурулардан зардап шегетін адамдар медициналық ұйымға уақытында қаралмаған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы психоневрологиялық диспансердің ДКК-ның немесе медициналық ұйымның басшысымен бірлесе отырып, медицина қызметкерінің (психиатр дәрігер) қорытындысы бойынша өткен күндері үшін беріледі.

      Соттың шешімі бойынша еңбекке жарамсыз деп танылған сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптамаға жіберілген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы сараптамаға түскен күнінен бастап беріледі.

      24. Оқуын жұмыспен қоса атқаратын адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тіркелген жеріндегі медициналық ұйымдар береді.

      25. Егер адам бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істейтін болса еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бір жұмыс орны бойынша беріледі, адамның басқа жұмыс орындарына медициналық ұйым басшысы бекіткен және медициналық ұйымның мөрі қойылған еңбекке уақытша жарамсыздық парағының көшірмелері беріледі.

      26. Жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (ерлерге) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы екі данада беріледі:

      1) жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемақыны жүзеге асыру үшін;

      2) жүктілігі мен босануы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы жөніндегі демалыстар беру үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары) беріледі.

      27. Басқа қалада тұратын адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы олардың уақытша келген жерінде ресімделеді және тиісті медициналық ұйым басшысының келісімі бойынша беріледі.

      Көрсетілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ұзарту еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ашқан медициналық ұйымның ДКК қорытындысы болған жағдайда тұрақты мекенжайы бойынша жүргізіледі.

      28. Тұрақты мекенжайынан тыс, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс медициналық ұйымдарға жіберілген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын жол жүруге қажетті күнге, бірақ күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімге ДКК қорытындысы бойынша жіберген медициналық ұйым береді.

      Бұл еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ұзарту адам жіберілген медициналық ұйымда жүргізіледі.

      Егер адам Қазақстан Республикасынан тыс жіберілген болса, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын соңғы ресімдеуді ол қайтып келген кезде ДКК басқа елдегі консультация (емдеу) туралы құжаттардың негізінде жүргізеді.

      29. Бекітілген жері бойынша медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын алған адамдарға оларды басқа медициналық ұйымда ұзарту еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын берген медициналық ұйымның ДКК қорытындысы болған кезде ғана жүргізіледі.

      30. Шетелдегі Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты өмір сүретін және еңбек ететін оралмандардың, шетел азаматтарының ауру, жарақаттану фактілерін куәландыратын құжаттар оның бекітілген жеріндегі медициналық ұйымның ДКК қорытындысы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру үшін негіз болып табылады.

      Ауру, жарақаттану фактілерін куәландыратын құжаттарды қазақ немесе орыс тіліне аудару және келген елінде немесе Қазақстан Республикасында бекіту қажет.

      31. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетел азаматтарына ауырған, жарақаттанған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы беріледі.

      32. МӘС-ға:

      1) еңбекке уақытша жарамсыздығы басталған күннен бастап төрт айдан кейін немесе қайталап ауруы (сол аурумен) кезінде соңғы он екі айдың ішінде еңбекке уақытша жарамсыздықтың бес айынан кешіктірмей;

      2) жарақаттану кезінде еңбекке уақытша жарамсыздығы басталған күннен бастап төрт айдан кейін, ауру ағымының болашақ болжамы болған кезде ДКК шешімі бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы екі айға ұзартылады;

      3) туберкулезбен аурудың салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық басталған күннен бастап сегіз айдан кейін ұзақ ауыратын, жұмыс істейтін еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бар адамдар жіберіледі.

      33. Мүгедек деп танылған адамға мүгедектік тобы белгіленген күнмен еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы жабылады.

      34. Жұмыс істейтін мүгедектер мүгедектікке әкелген аурулары бойынша денсаулығы нашарлаған кезде уақытша жұмысқа жарамсыздық күнінен бастап екі айдан кейін МӘС-ға жіберіледі. Егер жұмыс істейтін мүгедектердің денсаулығы мүгедектікке әкелген аурулармен байланысты болмаса, онда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы осы Қағидаларға сәйкес беріледі.

      35. Адамды МӘС-ға жіберуден бас тартқан жағдайда уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы МӘС-ға жіберуден бас тартқан күнінен бастап ұзартылмайды, бұл туралы мәліметтер еңбекке уақытша жарамсыздық парағында және науқастың амбулаториялық (стационарлық) медициналық картасында көрсетіледі.

      36. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының бланктері қатаң есептілік құжаттары болып табылады.

      37. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      38. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ресімделеді.

      39. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беретін денсаулық сақтау субъектілері оның беткі жағын толтырады. "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы" атауымен еңбекке уақытша жарамсыздық парағының беткі жағында тиісінше не "алғашқы" не "жалғасы" деген сөздердің асты сызылады. Одан кейін медициналық ұйымның атауы мен мекенжайы, парақты беру күні, пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы мен жұмыс орны көрсетіліп, медициналық ұйымның мөрі қойылады.

      40. "Уақытша жұмысқа жарамсыздық түрі" бағанында парақты беру негізі көрсетіледі.

      Егер еңбекке уақытша жарамсыздық парағы босануға байланысты берілсе - босану күні, ұл/қыз баланы асырап алуға байланысты-асырап алу күні, науқас балаға күтім жасау бойынша - баланың туған жылы мен күні көрсетіледі.

      41. "Режим деген жолда жазылған емдеу-сақтау режимінің (стационарлық, амбулаториялық, санаториялық) түрі көрсетіледі. Медицина қызметкері тағайындаған режимді адамның бұзу жағдайлары (алкогольді шамадан тыс пайдалану, тағайындаған зерттеп-қарауды немесе емдеуді орындамау, медицина қызметкерінің қабылдауына көрсетілген мерзімде келмеу, басқа жерге кетіп қалу және басқалар) міндетті түрде белгіленіп, медицина қызметкерінің қолы қойылады.

      42. Тиісті кестелерде стационарлық емдеу мерзімдері туралы, МӘС-ға жолдау күні және олардың қорытындысы туралы белгілер жасалады.

      43. "Жұмыстан босату" бөліміндегі "Қай күннен бастап" бағаны араб цифрларымен, ал "Қай күнді қоса алғанда" деген бағанда жазбаша жазылады. Бұл бөлімнің әрбір жолында медицина қызметкерінің лауазымы, тегі мен аты, қолы көрсетіледі.

      44. "Жұмысқа кірісу" деген жол адам тексеріліп-қаралғаннан және еңбекке жарамды деп танылғаннан кейін келесі күнмен (айы мен күні) жазбаша толтырылады. Еңбекке уақытша жарамсыздық сақталған жағдайда: "Әлі сырқаттануда" деп жазылады және басқа еңбекке жарамсыздық парағының нөмірі мен берілген күні көрсетіледі. Еңбекке жарамсыздық басқаша аяқталған жағдайда: "Мүгедектік белгіленді (күні)", "қайтыс болды" (қайтыс болған күні көрсетіледі) деген мәліметтер жазылады.

      Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бергеннен немесе мерзімін ұзартқаннан кейін адам қабылдауға келмесе, ал кезекті қабылдауда еңбекке жарамды деп танылса, еңбекке жарамсыздық парағының "Жұмысқа кірісу" деген жолында: "Жұмысқа жарамды" (келген күні көрсетіле отырып), "Қай күннен бастап" және "Қай күнді қоса алғанда" деген бағандардағы бос жолдар "Z" белгісімен сызылады.

      45. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы адамның өтініші бойынша немесе оның жұмысындағы әкімшіліктің талабы бойынша жабылмайды.

      47. Науқастың амбулаториялық картасында (стационарлық сырқаттың медициналық картасында) еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бланкілерінің нөмірлері, олардың берілген күні, ұзартылған немесе жұмысқа шығарылған күні жазылады.

      46. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының сыртқы бетін адамның жұмыс орны бойынша жұмыс беруші мөр басып, еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде ақы төленетін жұмыс күндерін көрсетуді есепке ала отырып, толтырады.

      47. Дұрыс жазылмағандарды сыза және үстіңгі жағына дұрыс жаза отырып, түзетулер енгізуге болады. Түзетулер денсаулық сақтау субъектісінің мөрімен куәландырылған медицина қызметкерінің қолымен ескертіледі.

      48. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ашқан кезде денсаулық сақтау субъектісінің мөрі парақтың бірінші бөлімінің үстінде оң жағына және жұмысқа шығарған кезде немесе жалғасын берген кезде төменгі жағына қойылады.

      49. Барлық еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздарға еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының бланкілері бойынша есептілік үшін құжат болып табылатын түбіртектерге қол қойдыру арқылы беріледі.

      50. Берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының есебі № 907 бұйрықпен бекітілген еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын тіркеу кітабында жүргізіледі.

      51. Бүлінген және алынбай қалған еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының бланкілерін оларды берген медицина қызметкерлері мынадай тәртіппен қайтарады: бланкті иір сызықпен сызады және ірі әріптермен "бүлінген" немесе "қайтарылған" деп жазады.

      Бланкілердің түбіртектері, бүлінген немесе алынбай қалған бланкілер медициналық ұйымда екі жыл бойы сақталады, содан кейін басшы бұйрығының негізінде жойылады. Бүлінген немесе алынбай қалған бланкілерді жою туралы акт бес жыл бойы сақталады.

      52. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын жоғалтқан жағдайда, жұмыс орнынан жоғалған еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша жәрдем ақы төленбегендігі туралы анықтаманы ұсынған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын берген денсаулық сақтау субъектісі оның телнұсқасын береді. Телнұсқаның алдыңғы бетінің жоғарғы жағында "Телнұсқа" деген белгі қойылады.

      53. Тағайындаған күні дәрігердің қабылдауына келмеген адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жүгінген күнінен бастап келмеген күндерін есептемей ұзартылады.

      54. Еңбекке жарамсыздық жалғасқан жағдайда медицина қызметкері алғашқы еңбекке жарамсыздық парағының "Режимді бұзу туралы белгілер" деген бағанында бұзушылықты белгілеп, адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парағының "жалғасын" береді.

      55. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының бланкілері ұрланған немесе жоғалған жағдайда медициналық ұйым оны анықтаған күнінен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілген фактілер туралы жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтау органына хабарлайды.

3-тарау. Жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.09.2018 № ҚР ДСМ-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібі:

      1) жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда - жүктіліктің отызыншы аптасынан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жиырма алты күнге қалыпты босанған жағдайда (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн) ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер береді.

      Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы қалыпты босанған жағдайда жиырма жеті аптадан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жетпіс күнге беріледі қалыпты босанған жағдайда (босанғанға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күн);

      2) Қазақстан Республикасының шегінде уақытша тұрақты тұрғылықты мекенжайынан кеткен әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босанған медициналық ұйымдарда немесе № 907 бұйрықпен бекітілген босандыру ұйымдарының үзінді көшірмесіне (алмастыру картасына) сәйкес бақыланған орны бойынша әйелдер консультацияларында беріледі (ұзартылады).

      Тұрақты мекенжайынан Қазақстан Республикасынан тыс уақытша кеткен әйелдерге, олар жүктілігі мен босануы бойынша демалысы кезінде жүгінген кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы бекітілген орны бойынша медициналық ұйымда ДКК қорытындысы бойынша, баланың (балалардың) медициналық ұйымда туылған фактісін растайтын құжатты және баланың туу туралы куәлігін көрсеткен кезде беріледі (ұзартылады). Ұсынылатын құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуы және келген елінде немесе Қазақстан Республикасында бекітілуі тиіс;

      3) асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босандыру денсаулық сақтау ұйымдарының шығару парағына сәйкес бақыланатын жері бойынша медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер береді, қосымша күнтізбелік он төрт күнге ұзартады. Мұндай жағдайда босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы күнтізбелік жүз қырық күнді құрайды (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс күн).

      Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге, асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қосымша күнтізбелік он төрт күнге ұзартылады, босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы күнтізбелік жүз сексен төрт күнді құрайды (босанғанға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан кейін күнтізбелік тоқсан үш күн).

      4) жиырма екі аптадан бастап жиырма тоғыз аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған және дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған және ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік жетпіс күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі.

      Жиырма екі аптадан бастап жиырма тоғыз аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған және өлі бала туған немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған және ол жеті тәулікке дейін қайтыс болған жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік елу алты күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі;

      5) ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жиырма екі аптадан бастап жиырма тоғыз аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған, дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған, ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге тоқсан үш күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі.

      Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер үшін жиырма екі аптадан бастап жиырма тоғыз аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған және өлі бала туған немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған, ол жеті тәулікке дейін қайтыс болған жағдайда әйелге босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі;

      6) әйел жүктілік кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағына жүгінген кезде жүктілігі мен босануы бойынша демалыс жиынтықта есептеледі және ол босанғанға дейін іс жүзінде пайдаланылған күндердің санына қарамастан толықтай беріледі.

      Әйелдер босанғаннан кейінгі кезеңде еңбекке уақытша жарамсыздық парағына жүгінген кезде босанғаннан кейін осы тармақта көзделген ұзақтықта ғана демалыс ұсынылады;

      7) әйел төленетін жыл сайынғы еңбек демалысында немесе үш жасқа толғанша балаға күтім жасау бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңде жүктілік басталған кезде енбекке уақытша жарамсыздық парағы осы тармақтың 6) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілігі мен босануы бойынша демалыстың бүкіл күндеріне беріледі;

      8) босанған кезде немесе босанғаннан кейінгі кезеңде анасы қайтыс болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы нәрестеге күтім жасауды жүзеге асыратын адамға беріледі;

      9) жүктіліктің жасанды үзу операциясы кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын операция жүргізілген стационарда және амбулаториялық-емханалық деңгейде болған кезде дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп береді, ал асқынулар болған жағдайда - еңбекке уақытша жарамсыздығының бүкіл кезеңіне береді.

      Түсік өздігінен түскен (түсік тастағанда) жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы еңбекке жарамсыздықтың бүкіл кезеңіне беріледі;

      10) эмбрионды ауыстырып қондыру операциясын жүргізген кезде операция жасаған медициналық ұйым эмбрионды ауыстырып қондырған күнінен бастап жүктілікті белгілеу фактісіне дейін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын береді.

      Жаңа туған баланы (қыз баланы) (балаларды) асырап алған адамдарға, сондай-ақ биологиялық аналарға cуррогат ана болу кезінде баланы (қыз баланы) асырап алған күнінен бастап және бала туған күнінен бастап күнтізбелік елу алты күн өткенге дейін тікелей перзентханадан еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.09.2018 № ҚР ДСМ-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.09.2018 № ҚР ДСМ-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      57. Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері тікелей күтім жасауды жүзеге асыратын баланың заңды өкілдерінің немесе жақын туыстарының біреуіне береді.

      58. Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы ол күтім жасауды қажет еткен кезенің ішінде, бірақ күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге беріледі және ұзартылады. Анасымен немесе баланың басқа да заңды өкілдерімен болған бала тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде ауырып қалған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы басқа қалалық ретінде (медициналық ұйым басшысының қолы қойылып) беріледі.

      59. ДКК қорытындысы бойынша күтімді қажет ететін баланы стационарлық, оның ішінде оңалту орталығында емдеу кезінде күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы ата-ананың біреуіне немесе балаға күтім жасайтын адамға:

      1) үш жасқа дейін баланың стационарда болған бүкіл кезеңінде;

      2) үш жастан жоғары ауыр науқас балалардың бала осындай күтімді қажет ететін мерзімге;

      3) мүгедек-баланың ДКК қорытындысы бойынша стационарда болған бүкіл кещеңіне;

      4) медициналық ұйымның жолдамасымен олардың тұрақты мекенжайынан тыс, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге, барып-қайту жолақысын қоса алғанда, стационарда болған бүкіл кезеңіне беріледі.

      60. Егер бала стационардан шығарылғаннан кейін күтім жасауды қажет етсе, ал емдеуге жатқызғанға дейін күтім жасау үшін жұмыстан босату жүргізілмесе, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық ұйым күнтізбелік он күнге дейінгі кезеңге береді. Егер стационарға жатқызғанға дейін бұл ауру бойынша еңбекке жарамсыздық парағы және анықтамасы берілген болса, ол қалған күндерге де (он күнге дейін) беріледі.

      61. Күтім жасау бойынша босатылған кезеңде балада бұрынғы ауруға қатысы жоқ басқа ауру туындаған жағдайда анасына (әкесіне немесе отбасының басқа бір мүшесіне) басқа еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі.

      62. Егер бала Қазақстан Республикасынан тыс жерге жіберілсе, ол қайтып келген кезде басқа елдегі консультация (емдеу) туралы құжаттардың негізінде ДКК еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын түпкілікті ресімдеуді жүргізеді.

      63. Бір мезгілде екі және одан да көп бала ауырған жағдайда оларға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағының және анықтамасының біреуі беріледі.

      64. Бала анасының (әкесінің) жұмыстан босауын (жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы, жүктілігі және босануы бойынша демалыс, еңбекақысы сақталмайтын демалыс, демалыс немесе мереке күндері, сондай-ақ балада бұрынғы ауруына байланысты емес басқа ауру туындаған жағдайда) қажет етпейтін кезеңде ауырған кезде күтім жасау бойынша уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы баланың сырқаттануы басталған күні есепке алынбай, ата-анасының жұмысқа кірісуі тиіс күнінен бастап беріледі.

      65. Анасы (әкесі) балаға күтім жасауды жүзеге асыра алмай ауырып қалған жағдайда, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын анасы (әкесі) ауырған кезде балаға күтім жасауды нақты жүзеге асыратын отбасы мүшесінің біреуіне олардың емделген жеріндегі медициналық ұйым береді.

      66. Науқас балаға күтім жасау бойынша демалыста жүрген, толық емес жұмыс күні шартында немесе үйде жұмыс істейтін адам еңбекке уақытша жарамсыз болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі.

      67. Ремиссия кезеңінде созылмалы науқас балаларға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы берілмейді.

5-тарау. Карантин кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.09.2018 № ҚР ДСМ-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Инфекциялық аурумен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған немесе бактерия тасушылық салдарынан уақытша жұмыстан шеттетілген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті аумақтық департаментінің эпидемиолог дәрігерінің ұсынысы бойынша медициналық ұйымның медицина қызметкері (учаскелік дәрігер) береді.

      Бұл жағдайларда инфекциялық ауруды бастан өткерген және олармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттету ұзақтығы адамдарды оқшаулау мерзімімен анықталады.

      Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайға байланысты үй немесе стационарлық карантинде болған кезеңде адам жұмыс берушімен тараптардың өзара келісімі бойынша "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес берілген нысандағы құжат ретінде, медициналық бақылауда болуын куәландыратын анықтама негізінде қашықтықтан жұмысты жүзеге асыра алады. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мұндай жағдайда берілмейді.

      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.04.2020 № ҚР ДСМ-34/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      69. Карантин кезінде мектепке дейінгі білім мекемесіне баратын жеті жасқа дейінгі балаға күтімі жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын аумақтық санитариялық эпидемиологиялық қадағалау органының эпидемиолог дәрігері ұсынымының негізінде карантиннің бүкіл кезеңінде жұмыс істейтін немесе оқитын отбасы мүшесінің біреуіне беріледі.

      70. Қоғамдық тамақтану, сумен қамтамасыз ету ұйымдарында, медициналық ұйымдарда, балалар мекемелерінде жұмыс істейтін адамдарға оларда гельминтоз болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы дегельминтизациялаудың бүкіл кезеңіне беріледі.

6-тарау. Ортопедиялық протездеу кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.09.2018 № ҚР ДСМ-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      71. Ортопедиялық протездеу кезінде еңбекке жарамсыздық парағы және анықтамасы адамды тек протездік-ортопедтік орталықтың стационарына емдеуге жатқызу кезінде, науқасты стационардан шығару кезінде стационарда болған бүкіл уақыты мен емделу орнына келу және қайту уақытына, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ғана стационардың медицина қызметкері медициналық басшысымен бірлесе отырып, береді.

      Амбулаториялық-емханалық жағдайларда протезделуші адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы берілмейді.

7-тарау. Туберкулезбен ауыратын науқастарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.09.2018 № ҚР ДСМ-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      72. Туберкулезбен ауыратын науқастар жалпы бейіндегі медициналық ұйымға қаралған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген тәртіппен жүргізіледі.

      73. Мүгедек деп танылған адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы мүгедектік тобы белгіленген күнінен бастап жабылады.

      74. Еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде адамның біліктілігі мен еңбек ақысы жоғалмайтын емделу курсы аяқтағаннан кейін оның жұмыс (оқу) орны сақталады.

      75. Бактерия шығармайтын және қақырық жақпасының тұрақты конверсиясына қол жеткізген туберкулезбен ауыратын науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы еңбекке жарамсыздық қалпына келген кезде ОДКК шешімі бойынша жабылуы мүмкін.

      76. Алғаш анықталған туберкулез үдерісі, сондай-ақ қайталануы бар адам:

      1) туберкулездің сезімтал түрі бар адам 10 ай бойы;

      2) көптеген дәрілерге көнбейтін түрі бар адам 12 ай бойы;

      3) ауқымды дәрілерге көнбейтін түрі бар адам 15 ай бойы еңбекке уақытша жарамсыз деп саналады.

      Емнің оң әсері болмаған кезде (өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарда бактерия шығарудың және өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқастарда мүгедектік белгілерінің сақталуы) мүгедектік тобын анықтау үшін МӘС-ке жіберіледі

8-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      Ескерту. 8-тараумен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.04.2020 № ҚР ДСМ-30/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      77. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      78. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.

  Еңбекке уақытша
жарамсыздыққа сараптама
жүргізу, еңбекке уақытша
жарамсыздық парағын және
анықтамасын беру қағидаларына
қосымша

      Форма
Нысан

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.09.2018 № ҚР ДСМ-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы

      серия № 0000000

Еңбекке уақытша жарамсыздық, парағы

Лист о временной нетрудоспособности

Алғашқы - жалғасы/Первичный - продолжение

(тиістісінің астын сызу/соответствующее подчеркнуть)

Дәрігер толтырады да емдеу ұйымында қалдырады/

Заполняется врачом и остается в медицинско й организаци и

_______________________________________________

(еңбекке уақытша жарамсыз адамның тегі аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) / фамилия, имя и отчество временно нетрудоспособного (при его наличии))

_______________________________________________

(мекен жайы / домашний адрес)

(қызмет орны — заңды тұлғаның атауы/место работы - наименование юридического лица)

Берілді ________________________ 20___ ж.

Выдан (күні, айы, жылы / число, месяц, год)


________________________________________________

__________

(дәрігердің тегі/ фамилия врача) Сырқатнаманың №____

№ истории болезни__

алушының қолы/расписка получателя)

__________

Емдеу ұйымында дәрігері толтырады/Заполняется врачом медицинской организации

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы

Лист о временной нетрудоспособности

Алғашқы - парақтың жалғасы / Первичный - продолжение листка №______________

(тиістісінің астын сызу - соответствующее подчеркнуть)

Серия № 0000000

_______________________________________________

(емдеу ұйымының атауы және мекен жайы / наименование и адрес медицинской организации)

Берілді _____________________ 20__ ж. _________

Выдан күні, айы/число, месяц 20_____ г. ХАЖ-10 коды

Жасы ______________________________

Возраст (толық жасы/полных лет)

_______________________________________________

(еңбекке уақытша жарамсыз адамның тегі аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)/фамилия, имя и отчество временно нетрудоспособного (при его наличии))

________________________________________________

қызмет орны, заңды тұлғаның атауы, лауазымы/место работы, наименование юридического лица, должность

ХАЖ-10 коды/Код МКБ-10

Қорытынды ХАЖ-10 коды/Заключительный код МКБ-10

_______________________________________________

(қазақ немесе орыс тілінде/на казахском или русcком языке)

Емдеу мекемесінің мөрі/Печать медицинской организации Ер-Муж./ Әйел-Жен, Тиістісінің астын сызу/ Соответствующее подчеркнуть

Еңбекке уақытша жарамсыздықтың түрі көрсетілсін (жіті немесе созылмалы аурулардың асқынуы, жарақаттанған және уланған, жүктілікті жасанды үзген, науқас балаға күтім жасау, жүкті болу және босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу, санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделу, карантин, ортопедиялық протездеу)/Указать вид временной нетрудоспособности (острое или обострение хронического заболевания, травмы и отравления, искусственное прерывание беременности, уход за больным ребенком, беременность и роды, усыновление/удочерение новорожденного ребенка (детей), долечивание в санаторно-курортных организациях, карантин, ортопедическое протезирование)

Сырқат балаға күтім жасау бойынша АХЖ-10 бойынша науқастың жасы, диагнозы көрсетілсін, карантин кезінде АХЖ-10 бойынша карантинді туындатқан аурудың атауы көрсетілсін

По уходу за больным ребенком указать возраст больного и диагноз по МКБ-10, при карантине указать название заболевания по МКБ-10, вызвавшего карантин

Санаторийлік-курорттық емделу кезінде жолдама мерзімінің басталатын және бітетін уақыты көрсетілсін/При санаторно-курортном лечении указать дату начала и окончания срока путевки

Режим: Режимді бұзушылық туралы белгі/Отметки о нарушении режима

Дәрігердің қолы/Подпись врача

Стационарда болды/Находился в стационаре

20_____ ж. ______ 20_______ ж. ________ дейін

с_______ 20___ г.по _______

20 ____ г.

Уақытша басқа жұмысқа ауыстырылсын/Перевести временно на другую работу с 20____ ж.___ ден 20__ ж. _____ дейн

20_________г. по _______ 20______ г.

Бас дәрігердің қолы/Подпись главного врача ______________

МӘС-ке жіберілді/Направлен на МСЭ

20____ ж.______ 20____ г.

Дәрігердің қолы/Подпись врача

________________________ Куәландырылды/Освидетельствован

20_____ж.________20_____г.

Сараптама қорытындысы/Экспертное заключение ___________________

МӘС бөлімі бастығының қолы

Подпись начальника отдела МСЭ

_________________________

МӘС-тің мөрі/Печать


      Жұмыстан босатылу/Освобождение от работы

Қай күннен бастап/

С какого числа

күні, айы/число, месяц)

Қай күнді қоса алғанда қай

күнге дейін/

По какое число включительно

(күні мен айы жазумен/число и месяц прописью)

Дәрігердің қызметі мен тегі/Должность и фамилия врача

Дәрігердің қолы/

Подпись врача

      Жұмысқа кірісу/Приступить к работе

      ____________________________________________

      (күні мен айы жазумен/число и месяц прописью)

      Жаңа парақ берілді (жалғасы)/Выдан новый лист (продолжение) №_____

      __________________________________________

      Дәрігердің қызметі, тегі, қолы/

      Должность, фамилия и подпись врача

      Емдеу мекемесінің мөрі/

      Печать лечебного учреждения

      Сыртқы беті

      (заңды тұлға атауы/наименование юридического лица)

      Бөлім/отдел ___________ Қызметі/Должность _______________ Таб/Таб №______

      Тұрақты, уақытша, маусымды жұмыс (тиістісінің асты сызылсын).

      Жұмыс істемеді 20___ ж ___ дан

      20___ж.______ дейін

      Работа постоянная, временная, сезонная (нужное подчеркнуть).

      Не работал с___20___г. по____

      20____г.

      Еңбекке жарамсыз уақытындағы демалыс күндері ______ Жұмысқа

      кірісті 20____ж.

      ______ дейін

      Выходные дни за период нетрудоспособности (күні/дата)

      Бөлім бастығының қолы ___________ Табельшінің қолы ______ Күні

      Подпись начальника отдела ________Подпись табельщика________ Дата _____

      Мөр/Печать


  Еңбекке уақытша
жарамсыздыққа сараптама
жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және
анықтамасын беру қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.04.2020 № ҚР ДСМ-30/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

Денсаулық сақтау субъектілері.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну түрлері

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады (тікелей жүгінген кезде).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минуттан аспайды;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ не осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Дүйсенбіден жұмаға дейін (дүйсенбі – жұма үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), демалыс (жексенбі) және мереке күндеріне кезекші дәрігерлерінің жұмысын қамтамасыз ету арқылы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін берілуі қажет.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

Көрсетілетін қызметті берушіге жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

  Еңбекке уақытша
жарамсыздыққа сараптама
жүргізу, еңбекке уақытша
жарамсыздық парағын және
анықтамасын беру
қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.04.2020 № ҚР ДСМ-30/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Форма

      Нысан

      Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы/Лист о временной нетрудоспособности серия № 0000000

Еңбекке уақытша жарамсыздық, парағы
Лист о временной нетрудоспособности
Алғашқы - жалғасы/Первичный - продолжение
(тиістісінің астын сызу/соответствующее подчеркнуть)

Дәрігер толтырады да емдеу ұйымында қалдырады/
Заполняется врачом и остается в медицинско й организаци и

________________________________
(еңбекке уақытша жарамсыз адамның тегі аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) / фамилия, имя и отчество временно нетрудоспособного (при его наличии))
________________________________
(мекен жайы / домашний адрес)
(қызмет орны — заңды тұлғаның атауы/место работы - наименование юридического лица)
Берілді ________________________ 20___ ж.
Выдан (күні, айы, жылы / число, месяц, год)
________________________________

__________
(дәрігердің тегі/ фамилия врача) Сырқатнаманың №____
№ истории болезни__
алушының қолы/расписка получателя)
__________

Емдеу ұйымында дәрігері толтырады/Заполняется врачом медицинской организации

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
Лист о временной нетрудоспособности
Алғашқы - парақтың жалғасы / Первичный - продолжение листка №______________
(тиістісінің астын сызу - соответствующее подчеркнуть)
Серия № 0000000
_____________________________________
(емдеу ұйымының атауы және мекен жайы / наименование и адрес медицинской организации)
Берілді _____________________ 20__ ж.
Выдан күні, айы/число, месяц 20_____ г. ХАЖ-10 коды
Жасы ______________________________
Возраст (толық жасы/полных лет)
_____________________________________
(еңбекке уақытша жарамсыз адамның тегі аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)/фамилия, имя и отчество временно нетрудоспособного (при его наличии))
_____________________________________
қызмет орны, заңды тұлғаның атауы, лауазымы/место работы, наименование юридического лица, должность
ХАЖ-10 коды/Код МКБ-10
Қорытынды ХАЖ-10 коды/Заключительный код МКБ-10
_____________________________________
(қазақ немесе орыс тілінде/на казахском или русcком языке)

Емдеу мекемесінің мөрі/Печать медицинской организации
Ер-Муж./ Әйел-Жен,
Тиістісінің астын сызу/ Соответствующее подчеркнуть

Еңбекке уақытша жарамсыздықтың түрі көрсетілсін (жіті немесе созылмалы аурулардың асқынуы, жарақаттанған және уланған, жүктілікті жасанды үзген, науқас балаға күтім жасау, жүкті болу және босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу, санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделу, карантин, ортопедиялық протездеу)/Указать вид временной нетрудоспособности (острое или обострение хронического заболевания, травмы и отравления, искусственное прерывание беременности, уход за больным ребенком, беременность и роды, усыновление/удочерение новорожденного ребенка (детей), долечивание в санаторно-курортных организациях, карантин, ортопедическое протезирование)

Сырқат балаға күтім жасау бойынша АХЖ-10 бойынша науқастың жасы, диагнозы көрсетілсін, карантин кезінде АХЖ-10 бойынша карантинді туындатқан аурудың атауы көрсетілсін
По уходу за больным ребенком указать возраст больного и диагноз по МКБ-10, при карантине указать название заболевания по МКБ-10, вызвавшего карантин

Санаторийлік-курорттық емделу кезінде жолдама мерзімінің басталатын және бітетін уақыты көрсетілсін/При санаторно-курортном лечении указать дату начала и окончания срока путевки

Режим: Режимді бұзушылық туралы белгі/Отметки о нарушении режима
Дәрігердің қолы/Подпись врача

Стационарда болды/Находился в стационаре
20_____ ж. ______ 20_______ ж. ________ дейін
с_______ 20___ г. по _______ 20 ____ г.
Уақытша басқа жұмысқа ауыстырылсын/Перевести временно на другую работу с 20____ ж.___ ден 20__ ж. _____ дейн
20_________г. по _______ 20______ г.
Бас дәрігердің қолы/Подпись главного врача ______________

МӘС-ке жіберілді/Направлен на МСЭ
20____ ж.______ 20____ г.
Дәрігердің қолы/Подпись врача
________________________
Куәландырылды/Освидетельствован
20_____ж.________20_____г.
Сараптама қорытындысы/Экспертное заключение ___________________
МӘС бөлімі бастығының қолы
Подпись начальника отдела МСЭ _________________________
МӘС-тің мөрі/Печать

      Жұмыстан босатылу/Освобождение от работы

Қай күннен бастап/ С какого числа күні, айы/число, месяц)

Қай күнді қоса алғанда қай күнге дейін/ По какое число включительно (күні мен айы жазумен/число и месяц прописью)

Дәрігердің қызметі мен тегі/Должность и фамилия врача

Дәрігердің қолы/ Подпись врача

      Жұмысқа кірісу/Приступить к работе

      ____________________________________________

      (күні мен айы жазумен/число и месяц прописью)

      Жаңа парақ берілді (жалғасы)/Выдан новый лист (продолжение) №_____

      __________________________________________

      Дәрігердің қызметі, тегі, қолы/

      Должность, фамилия и подпись врача

      Емдеу мекемесінің мөрі/ Печать лечебного учреждения

      Сыртқы беті

      (заңды тұлға атауы/наименование юридического лица)

      Бөлім/отдел ___________ Қызметі/Должность __________Таб/Таб №______

      Тұрақты, уақытша, маусымды жұмыс (тиістісінің асты сызылсын).

      Жұмыс істемеді 20___ ж. ___ дан 20___ж.______ дейін

      Работа постоянная, временная, сезонная (нужное подчеркнуть).

      Не работал с___20___г. по____20____г.

      Еңбекке жарамсыз уақытындағы демалыс күндері ______ Жұмысқа

      кірісті 20____ж.______ дейін

      Выходные дни за период нетрудоспособности (күні/дата)

      Бөлім бастығының қолы ___________ Табельшінің қолы ______ Күні

      Подпись начальника отдела _______Подпись табельщика_______Дата _____

      Мөр/Печать

  Еңбекке уақытша
жарамсыздыққа сараптама
жүргізу, еңбекке уақытша
жарамсыздық парағын
және анықтамасын беру
қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.04.2020 № ҚР ДСМ-30/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

Денсаулық сақтау субъектілері.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады (тікелей жүгінген кезде).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минуттан аспайды;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама не осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Дүйсенбіден жұмаға дейін (дүйсенбі – жұма үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), демалыс (жексенбі) және мереке күндеріне кезекші дәрігерлерінің жұмысын қамтамасыз ету арқылы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін берілуі қажет.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

Көрсетілетін қызметті берушіге: жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады