О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2011 года № 571 "Об утверждении Правил осуществления ежемесячных выплат гражданам Республики Казахстан после завершения периода капитализации платежей по возмещению вреда, причиненного жизни и здоровью работников юридическими лицами, ликвидированными вследствие банкротства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2011 года № 1622

ПРЕСС-РЕЛИЗ
 
      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в  постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2011 года № 571 «Об утверждении Правил осуществления ежемесячных выплат гражданам Республики Казахстан после завершения периода капитализации платежей по возмещению вреда, причиненного жизни и здоровью работников юридическими лицами, ликвидированными вследствие банкротства» (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 39, ст. 495) следующие изменения и дополнения:
      в  Правилах осуществления ежемесячных выплат гражданам Республики Казахстан после завершения периода капитализации платежей по возмещению вреда, причиненного жизни и здоровью работников юридическими лицами, ликвидированными вследствие банкротства, утвержденных указанным постановлением:
       в пункте 1 :
       подпункт 2) изложить в следующей редакции:
      «2) ежемесячные выплаты – денежные выплаты гражданам Республики Казахстан – бывшим работникам и лицам, понесшим ущерб в результате смерти бывшего работника (далее – пострадавшие лица) юридических лиц, ликвидированных вследствие банкротства и признанных ответственными за вред, причиненный жизни или здоровью работников, осуществляемые после завершения периода капитализации платежей по возмещению вреда (достижения пострадавшим лицом 70-летнего возраста, но не ранее чем по истечении 10 лет (120 месяцев) со дня признания юридического лица банкротом);»;
       подпункты 6)7) изложить в следующей редакции:
      «6) период капитализации – период, указанный в документе, подтвержденном судом либо ликвидационной комиссией (судебный акт, реестр кредиторов, справка-расчет), на который произведена капитализация;
      7) сумма капитализированных платежей – сумма, выплаченная пострадавшему лицу в денежном выражении, либо погашенная за счет имущества должника в натуральном виде, указанная в судебном акте (актах), реестре кредиторов, справке-расчете;»;
       пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. К заявлению прилагаются следующие документы:
      1) копия документа, удостоверяющего личность (удостоверение личности, паспорт гражданина Республики Казахстан);
      2) копия свидетельства регистрационного номера налогоплательщика (РНН) (предоставляется до 1 января 2012 года);
      3) документ, подтверждающий регистрацию по месту жительства на территории Республики Казахстан (адресная справка либо справка сельских и/или аульных акимов);
      4) сведения о номере банковского счета в организации по выдаче ежемесячных выплат либо специального счета исправительного учреждения;
      5) копия судебного акта (актов), подтверждающего (подтверждающих) право на получение капитализированных сумм, содержащего (содержащих) сведения о периоде капитализации, сумме капитализированных платежей по возмещению вреда:
      при получении сумм капитализированных платежей от государства – вступившее в законную силу решение (постановление, определение) о возложении ответственности по выплате капитализированных платежей в счет возмещения вреда на государство;
      при получении сумм капитализированных платежей за счет имущества ликвидированного юридического лица – определение (решение) о завершении конкурсного производства с утверждением заключительного отчета конкурсного управляющего, в материалах которого содержится расшифровка по каждому кредитору первой очереди.
      Право на получение капитализированных сумм также может подтверждаться архивным документом суда либо государственного архива, содержащим сведения о периоде капитализации, сумме капитализированных платежей по возмещению вреда;
      6) в зависимости от статуса пострадавшего лица:
      при возмещении вреда, причиненного повреждением здоровья – копия справки об установлении степени утраты профессиональной трудоспособности;
      при возмещении вреда инвалидам, понесшим ущерб в результате смерти работника, которым в соответствии с пунктом 3 статьи 940Гражданского кодекса Республики Казахстан вред возмещается на срок инвалидности – копия справки об инвалидности.
      В случае наличия сведений об установлении степени утраты профессиональной трудоспособности или инвалидности в судебном акте либо архивном документе, подтверждающем право на получение капитализированных сумм, представление отдельной справки не требуется.
      Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов и отрывной талон заявления с отметкой о принятии документов возвращаются заявителю. Копии документов должны быть засвидетельствованы начальником отделения Центра после сличения с представленными подлинниками, кроме случаев, когда копии документов засвидетельствованы в порядке, установленном Законом Республики Казахстан «О нотариате».»;
      дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:
      «3-1. По письменному заявлению заявителя об оказании содействия в сборе необходимых документов отделение Центра в течение трех рабочих дней со дня принятия заявления направляет соответствующие запросы в органы и организации с уведомлением об этом заявителя.
      Если ответы по запросу не поступают в течение двух месяцев, отделение Центра уведомляет об этом заявителя в течение двух рабочих дней со дня истечения данного срока. При поступлении ответов на запросы, подтверждающих право заявителя на ежемесячные выплаты, заявитель приглашается для подачи заявления о назначении ежемесячных выплат в течение двух рабочих дней со дня поступления ответов.»;
       пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Ежемесячные выплаты назначаются со дня обращения, за исключением лиц, обратившихся в 2011 году, которым ежемесячные выплаты назначаются с 1 января 2011 года, но не ранее завершения периода капитализации.»;
       пункт 29 изложить в следующей редакции:
      «29. Дела, по которым приостановлены ежемесячные выплаты, хранятся отдельно от действующих дел с отметкой «На контроле» до обращения самого получателя. По истечении шести месяцев дело снимается с учета, с указанием даты и суммы последней выплаты, и сдается в архив отделения Центра. По приостановленным делам на срок более шести месяцев выплата ежемесячной выплаты отделением Центра возобновляется по решению уполномоченного государственного органа по назначению ежемесячной выплаты со дня приостановления.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2011 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

"Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1622 Қаулысы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 495-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасында:
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ай сайынғы төлемдер - банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапты деп танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне және бұрынғы қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен адамдар (бұдан әрі - зардап шеккен адамдар) - Қазақстан Республикасының азаматтарына зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан (зардап шеккен адамдар 70 жасқа жеткен, бірақ заңды тұлға банкрот деп танылған күнінен бастап 10 жыл өткеннен (120 айдан) ерте емес) кейін жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер;»;
      6), 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) капиталдандыру кезеңі - капиталдандыру жүргізілген, сот не тарату комиссиясы бекіткен құжатта (сот актісі, кредиторлар тізілімі, анықтама-есеп) көрсетілген кезең;
      7) капиталдандырылған төлемдер сомасы - зардап шеккен адамға ақшалай түрде төленген не борышкердің мүлкі есебінен заттай нысанда өтелген сот актісі (актілері), кредиторлар тізілімі, анықтама-есепте көрсетілген сома;»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, паспорты) көшірмесі;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің (СТН) көшірмесі (2012 жылғы 1 қаңтарға дейін беріледі);
      3) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);
      4) ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі ұйымдағы банктік шотының не түзеу мекемесінің арнайы шотының нөмірі туралы мәліметтер;
      5) капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу бойынша капиталдандырылған төлемдердің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, капиталдандырылған соманы алу құқығын растайтын сот актісінің (актілерінің) көшірмесі:
      капиталдандырылған төлемдер сомасын мемлекеттен алу кезінде - зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы заңды күшіне енген шешім (қаулы, ұйғарым);
      таратылған заңды тұлғаның мүлкі есебінен капиталдандырылған сомаларды алу кезінде - бірінші кезектегі әрбір кредит алушы бойынша таратып жазылған материалдарды қамтитын конкурстық басқарушының қорытынды есебінің бекітіліп, конкурстық іс жүргізудің аяқталғандығы туралы ұйғарым (шешім).
      Капиталдандырылған соманы алуға құқықты соттың не капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік мұрағаттың мұрағат құжатымен растауға болады;
      6) зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты:
      денсаулықты зақымдау арқылы келтірілген зиянды өтеу кезінде - кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтаманың көшірмесі;
      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектік мерзіміне зиян өтелетін қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен мүгедекке зиянды өтеу кезінде - мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.
      Капиталдандырылған соманы алуға құқықты растайтын сот актісінде не мұрағат құжатында кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу немесе мүгедектік дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған жағдайда жеке анықтама ұсыну талап етілмейді.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, бұдан кейін құжаттардың түпнұсқалары мен құжаттың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны өтініш берушіге қайтарылады. Құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайларды қоспағанда, Орталық бөлімшесінің бастығы құжаттардың көшірмесін ұсынылған түпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін куәландыруға тиіс»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды жинауға жәрдемдесу туралы жазбаша өтініші бойынша Орталық бөлімшесі өтінішті қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, органдарға және ұйымдарға тиісті сұратулар жібереді.
      Егер сұратулар бойынша екі айдың ішінде жауап алынбаса, бұл туралы осы мерзім өткен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді. Сұратуларға өтініш берушінің ай сайынғы төлемдерге құқығын растайтын жауаптар келген кезде өтініш беруші жауаптар келіп түскен күнінен бастап екі күн ішінде ай сайынғы төлемдерді тағайындау туралы өтініш беру үшін шақырылады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. 2011 жылы жүгінген, ай сайынғы төлемдер 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалатын адамдарды қоспағанда, ай сайынғы төлемдер жүгінген күнінен бастап тағайындалады, бірақ капиталдандыру кезеңінің аяқталуынан ерте болмауға тиіс.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Ай сайынғы төлем тоқтатылған істер алушының өзі жүгінгенге дейін «Бақылауда» деген белгімен қолданыстағы істерден бөлек сақталады. Алты ай өткеннен кейін іс соңғы төлемнің күні мен сомасы көрсетіле отырып есептен алынады және Орталық бөлімшесінің мұрағатына тапсырылады. Алты айдан артық мерзімге тоқтатыла тұрған істер бойынша ай сайынғы төлемді төлеуді Орталық бөлімшесі ай сайынғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша тоқтатылған күнінен бастап қайта жаңартады.».
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов