Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1622 қаулысына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1622 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) Қазақстан Республикасы азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру бойынша құқықтық қатынастарды жетілдіру мақсатында әзірленіп қабылданды. Қаулыны әзірлеуде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасын қолдану тәжірибесін ескерілді.
Қаулының қабылдануы ай сайынғы төлемдерді тағайындау мен олардың мөлшерін есептеу бойынша құқықтық қатынастардағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді, атап айтқанда:
арыз берушілер ай сайынғы төлемдерге деген құқықтарын сот шешімінен басқа бар құжаттарымен растай алатын болды;
ай сайынғы төлемдер зардап шеккен қызметкерлерге де, қызметкердің қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға (мүгедектер мен зейнетақы жасындағы тұлғалар) да жүзеге асырылады;
2011 жылы жүгінген өтініш берушілерге ай сайынғы төлемдерді тағайындау күні нақтыланды.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі