Об утверждении Правил ведения Реестра поставщиков государственного социального заказа

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 февраля 2012 года № 270. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2016 года № 415

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 19.07.2016 № 415 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2005 года «О государственном социальном заказе» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения Реестра поставщиков государственного социального заказа.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены             
постановлением Правительства     
Республики Казахстан        
от 29 февраля 2012 года № 270  

Правила
ведения Реестра поставщиков государственного социального заказа

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения Реестра поставщиков государственного социального заказа (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 4) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2005 года «О государственном социальном заказе» и определяют порядок ведения Реестра поставщиков государственного социального заказа.
      2. Реестр поставщиков государственного социального заказа ведется уполномоченным органом в сфере государственного социального заказа (далее - уполномоченный орган) на государственном и русском языках в электронном виде и размещается на интернет-ресурсе уполномоченного органа www.mk.gov.kz.

2. Порядок ведения Реестра поставщиков государственного
социального заказа

      3. Реестр поставщиков государственного социального заказа представляет собой перечень, содержащий следующие сведения:
      1) наименование поставщика государственного социального заказа;
      2) место нахождения, контактные телефоны и электронный адрес поставщика государственного социального заказа;
      3) номер и дату документа о государственной регистрации (перерегистрации) поставщика государственного социального заказа в органах юстиции;
      4) наименование заказчика;
      5) наименование оказываемой услуги;
      6) дату заключения договора на осуществление государственного социального заказа - день, месяц, год заключения договора;
      7) дату регистрации договора на осуществление государственного социального заказа в территориальных подразделениях казначейства;
      8) срок исполнения договора на осуществление государственного социального заказа - месяц и год исполнения договора;
      9) примечание (в примечании указываются изменения сведений, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 8) пункта 3 настоящих Правил).
      4. Государственные органы в сфере государственного социального заказа (далее - государственные органы) в течение десяти рабочих дней после вступления в силу договора на осуществление государственного социального заказа направляют в уполномоченный орган сведения, предусмотренные в пункте 3 настоящих Правил.
      5. Уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней вносит поступившие от государственного органа сведения о поставщиках государственного социального заказа в Реестр поставщиков государственного социального заказа.
      6. Государственные органы письменно направляют информацию об изменениях сведений, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 8) пункта 3 настоящих Правил, в уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней со дня возникновения изменений.
      7. Изменения в Реестр поставщиков государственного социального заказа производятся уполномоченным органом на основании письменной информации, поступившей от государственного органа, в течение пяти рабочих дней.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 270 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 415 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 29 ақпандағы
№ 270 қаулысымен
бекітілген   

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер
тізілімін жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді және уәкілетті органның www.mk.gov.kz. интернет-ресурсына орналастырылады.

2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер
тізілімін жүргізу тәртібі

      3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімі мынадай мәліметтерді қамтитын тізбені білдіреді:
      1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісінің атауы;
      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісінің орналасқан орны, байланыс телефондары және электрондық мекенжайы;
      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы құжаттың нөмірі және күні;
      4) тапсырыс берушінің атауы;
      5) көрсетілетін қызметтің атауы;
      6) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға шарт жасалған күн - шарттың жасалған күні, айы, жылы;
      7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шартының аумақтық қазынашылық бөлімшелерде тіркелген күні;
      8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шартының орындалу мерзімі - шарттың орындалатын айы және жылы;
      9) ескертпе (ескертпеде осы Қағидалардың 3-тармағының 1)2),  3)және 8) тармақшаларында көзделген мәліметтердің өзгерістері көрсетіледі).
      4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шарты күшіне енгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген мәліметтерді уәкілетті органға жібереді.
      5. Мемлекеттік органнан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілері туралы келіп түскен мәліметтерді уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізіліміне енгізеді.
      6. Мемлекеттік органдар осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 3) және 8) тармақшаларында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты өзгерістер туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жазбаша жібереді.
      7. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізіліміне өзгерістерді уәкілетті орган мемлекеттік органдардан келіп түскен жазбаша ақпарат негізінде бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.