Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36 Заңы.

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Заңның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "жобаларды" деген сөз "әлеуметтік жобаларды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

      Ескерту. Кірспе жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік бағдарлама - өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені;

      1-1) әлеуметтік жоба – әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, бір жыл ішінде және үш жылға дейін іске асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы;

      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған, үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға жүзеге асыру үшін берілген функцияларын іске асыру нысаны;

      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға арналған конкурс (бұдан әрі - конкурс) - тапсырыс берушінің үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын, көрсетілген қызметтерін сатып алуға бағытталған және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ықтимал өнім берушілері арасында ашық әрі адал бәсекелестікті қамтамасыз ететін ықтимал өнім берушіні анықтау әдісі;

      3-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау, үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды қалыптастыру және олардың тиімділігін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар;

      3-2) алып тасталды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттары – үкіметтік емес ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасына, шарттарына, мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ олардың сапасын бағалау өлшемшарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;

      4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт - тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған шарт;

      4-1) алып тасталды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4-2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру – мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жоспарлау процесі;

      4-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тиімділігін талдау;

      5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісі (бұдан әрі - өнім беруші) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыратын үкіметтік емес ұйым;

      5-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;

      5-2) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру – мемлекеттік органдардың мемлекеттік гранттардың бағыттарын айқындау, мемлекеттік гранттар үшін бюджет қаражатын жыл сайынғы және (немесе) орта мерзімді жоспарлау және айқындау рәсімін жүргізу жөніндегі қызметі;

      5-3) мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалау – жобаларды іске асыру барысында алынған нәтижелерді, олардың қойылған мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге сәйкестігін талдау процесі;

      5-4) стратегиялық әріптес – стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес конкурстық іріктеуден өткен, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт жасалған үкіметтік емес ұйым;

      5-5) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс – орталық атқарушы органдар жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражат;

      6) тапсырыс беруші - республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері;

      6-1) Уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) – үкiметтiк емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін уәкілетті орган құратын консультациялық кеңесшi орган;

      7) үкіметтік емес ұйым - ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда);

      7-1) үкіметтік емес ұйымдарға арналған грант (бұдан әрі – грант) – үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражат;

      7-2) үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру мониторингі – үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;

      7-3) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы (бұдан әрі – сыйлықақы) – республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы;

      7-4) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және осы Заңға сәйкес гранттар ұсынуға құқығы бар акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым;

      7-5) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор;

      8) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестер – құрамына мүдделi мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кiретiн, мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар;

      8-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      9) ықтимал өнім беруші - конкурсқа қатысушы үкіметтік емес ұйым;

      10) алып тасталды - ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      11) алып тасталды - ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      12) алып тасталды - ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      13) алып тасталды - ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2018 № 160-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 250-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      3. Осы Заңның күші техникалық реттеу объектілеріне қатысты қағидалар, жалпы қағидаттар мен сипаттамалар белгілейтін стандарттарға қолданылмайды.

      4. Осы Заңның күші оператордың қатысуынсыз гранттар беруге байланысты туындайтын қатынастарға, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында реттелетін гранттар беру процесінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.

      Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2018 № 160-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру қағидаттары

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) заңдылық;

      2) Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру тиімділігін арттыру;

      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуы;

      4) үкіметтік емес ұйымдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

      5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінің жариялылығы мен ашықтығы.

      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Ескерту. 4-бап алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:

      1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;

      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

      5) мемлекеттік органдар қалыптастыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      6) жыл сайын 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ұсынады;

      7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын бекітеді;

      8) Үйлестіру кеңесін құрады, ол туралы ережені және оның құрамын бекітеді;

      9) орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін Үйлестіру кеңесінің қарауына жібереді;

      10) Үйлестіру кеңесінің мемлекеттік гранттардың бағыттары бойынша ұсынымдарын олардың құзыретіне сәйкес орталық мемлекеттік органдарға жібереді;

      11) оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебін қарайды және оның нысанын бекітеді;

      12) сыйлықақылар беру қағидаларын бекітеді және оларды беруді жүзеге асырады;

      13) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

      14) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындайды;

      15) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      16) "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынылатын мәліметтерді Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін тексеруді жүзеге асырады;

      17) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру тәртібін айқындайды;

      18) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын жүргізуді жүзеге асырады;

      19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2022 № 134-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-2-бап. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

      1. Орталық мемлекеттік органдар:

      1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;

      2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңестер құрады;

      3) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;

      4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады;

      5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;

      6) өздерінің құзыреті шегінде оператор арқылы мемлекеттік гранттар береді және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;

      7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

      8) Үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;

      9) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізеді және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасады;

      10) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асырады;

      11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсынады;

      12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) – 11) тармақшаларында көзделген әрекеттер Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қолданылмайды.

      2. Жергілікті атқарушы органдар:

      1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;

      2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңестер құрады;

      3) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;

      4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады;

      5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;

      6) өздерінің құзыреті шегінде оператор арқылы мемлекеттік гранттар береді және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;

      7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

      8) мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің қарауына шығарады;

      9) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;

      10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. Заң 4-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда– ҚР 04.07.2022 № 134-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

4-3-бап. Мәліметтерді тексеру

      1. Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына берілетін мәліметтерді тексеруді уәкілетті орган жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингінің және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру мониторингінің нәтижелері, сондай-ақ стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары, мемлекеттік органдардың ақпараты, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мәліметтерге тексеру жүргізу үшін негіздер болып табылады.

      Қажет болған кезде тексеру жүргізуге басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.

      Ескерту. Заң 4-3-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру мынадай салалар бойынша жүзеге асырылады:

      1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

      2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

      3) қоршаған ортаны қорғау;

      4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

      5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

      6) алып тасталды - ҚР 13.06.2018 № 160-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

      8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

      9) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

      11) мәдениет пен өнерді дамыту;

      12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

      13) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;

      13-1) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;

      13-2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

      13-3) алып тасталды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      14) алып тасталды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;

      16) волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау.

      2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру:

      1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету;

      2) жануарларға жауапты қарауды қалыптастыру, оның ішінде жануарларға арналған панажайларды қолдау;

      2-1) қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту салалары;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар салалар бойынша да жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс салалары шеңберінде тақырыптар қалыптастырылады.

      4. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.15 № 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 № 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2018 № 160-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-1-бап. Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры

      Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес берілетін мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. Заң 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру

      1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс осы Заңға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Осы Заңның 5-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген салалар бойынша жарғылық мақсаттарға сәйкес қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберіледі.

      4. Алып тасталды - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға берілген функцияларын іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2018 № 160-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 250-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-1-бап. Гранттар

      1. Гранттар:

      1) бюджет қаражаты есебінен берілетін мемлекеттік гранттар;

      2) бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен берілетін мемлекеттік емес гранттар болып бөлінеді.

      2. Мемлекеттік гранттар мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) қысқа мерзімді гранттар – іске асыру мерзімі үш айдан бір жылға дейін құрайтын, қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен кем емес және үш мың еселенген мөлшерінен аспайтын гранттар;

      2) орта мерзімді гранттар – іске асыру мерзімі бір жылдан екі жылға дейін құрайтын, қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен кем емес және он мың еселенген мөлшерінен аспайтын гранттар;

      3) ұзақ мерзімді гранттар – іске асыру мерзімі екі жылдан үш жылға дейін құрайтын, қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен кем емес, мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін қажетті материалдық базасы бар үкіметтік емес ұйымдарға берілетін гранттар.

      3. Мемлекеттік гранттар оператор арқылы мемлекеттік грант беруге арналған шартқа сәйкес үкіметтік емес ұйымдар әзірлеген әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін беріледі.

      4. Мемлекеттік гранттар:

      таратылу процесіндегі;

      банкрот деп танылған;

      атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар;

      мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрған;

      мүлкіне тыйым салынған;

      экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған;

      басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті тұлғаларының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылатын;

      басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.

      5. Мемлекеттік грантты алған үкіметтік емес ұйымдар алынған қаражаттың:

      1) қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттар үшін он пайыздан аспайтын;

      2) ұзақ мерзімді гранттар үшін бес пайыздан аспайтын бөлігін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және институционалдық дамытуға пайдалана алады.

      6. Мемлекеттік емес гранттар беруге және есептілікке қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес оператор мен жеке немесе заңды тұлғалар арасында жасалған шарттың талаптарында айқындалады.

      7. Мемлекеттік гранттарды бағыттары мен келесі қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемі бойынша қалыптастыру, оператордың үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік грант алуына конкурстық іріктеу жүргізуі мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдар жүргізетін мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда көзделген – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-2-бап. Оператор

      1. Оператор:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар беруге;

      2) қоғамдық бақылауды дамыту мақсатында гранттарды іске асыру мониторингі үшін сарапшыларды тартуға құқылы.

      2. Оператор:

      1) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес мемлекеттік гранттардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға;

      2) уәкілетті органға гранттар беру тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      3) гранттардың іске асырылуы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;

      4) өз қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті уәкілетті органға беруге, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

      Ескерту. Заң 6-2-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-3-бап. Сыйлықақылар

      1. Сыйлықақылар беруді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырады.

      Сыйлықақылар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.

      2. Үкіметтік емес ұйымдар сыйлықақы алуға өтінімдерді уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін береді.

      Дәл сол бір үкіметтік емес ұйым бір салада ғана сыйлықақы алуға ұсынылуы мүмкін.

      3. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.

      4. Сыйлықақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерін құрайды.

      5. Бір саладағы сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше ізденушіге берілуі мүмкін. Сыйлықақы бірнеше ізденушіге берілген кезде сыйлықақы олардың арасында тең бөліктермен бөлінеді.

      Ескерту. Заң 6-3-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2018 № 160-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-4-бап. Үкіметтік емес ұйымдардың құқықтары мен міндеттері

      1. Үкіметтік емес ұйым:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратқа сұрау салумен жүгінуге;

      2) уәкілетті органға, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

      2. Үкіметтік емес ұйым:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін қажетті ақпаратты және (немесе) құжаттарды беруге;

      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты сапалы жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауға;

      3) жеке және заңды тұлғалар өтініш жасаған жағдайда оларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуы туралы толық және анық ақпаратты беруге;

      4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарауға міндетті.

      Ескерту. Заң 6-4-баппен толықтырылды - ҚР 19.04.2019 № 250-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-5-бап. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс

      1. Орталық атқарушы органдар уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді.

      2. Орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарынан туындайтын стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындайды.

      3. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың әрбір бағыты бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес конкурстық іріктеу негізінде бір ғана стратегиялық әріптес айқындалады.

      4. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс орталық атқарушы орган мен стратегиялық әріптес арасында стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.

      5. Стратегиялық әріптестің кінәсінен шартта белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізілмеген және (немесе) стратегиялық әріптес өз міндеттемелерін жүйелі түрде орындамаған жағдайларда, шарт стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен тиісті орталық атқарушы органның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен бұзылуға жатады.

      6. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер актісін орталық атқарушы орган және азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес құрылған комиссия қабылдайды.

      Ескерту. Заң 6-5-баппен толықтырылды – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру және олардың бюджет қаражатын пайдалану

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін көзделген бюджет қаражаты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартта, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шартта, мемлекеттік грант беруге арналған шартта белгіленген мақсаттарда және тәртіппен пайдаланылады.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың орындалуын, гранттардың пайдаланылуын және сыйлықақылар беруді бақылау

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың орындалуын, гранттардың пайдаланылуын және сыйлықақылар беруді бақылауды уәкілетті орган, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады