О подписании Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан об условиях взаимных поездок граждан от 7 июля 2000 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 2012 года № 1148

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Одобрить прилагаемый проект Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан об условиях взаимных поездок граждан от 7 июля 2000 года.
      2. Министру иностранных дел Республики Казахстан Казыханову Ержану Хозеевичу подписать от имени Правительства Республики Казахстан Протокол о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан об условиях взаимных поездок граждан от 7 июля 2000 года, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

        Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Одобрен         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 5 сентября 2012 года № 1148

Проект     

Протокол
о внесении изменений и дополнений в Соглашение между
Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики
Узбекистан об условиях взаимных поездок граждан
от 7 июля 2000 года

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Республики Узбекистан, именуемые в дальнейшем Сторонами,
      в соответствии со статьей 15 Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан об условиях взаимных поездок граждан от 7 июля 2000 года (далее - Соглашение)
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      К действительным документам, дающим право на въезд, выезд, следование транзитом, временное пребывание на территориях государств Сторон, относятся документы, указанные в приложениях № 1 и № 2 к настоящему Протоколу.
      Приложения № 1 и № 2 к настоящему Протоколу заменяют собой приложения № 1 и № 2 к Соглашению.

Статья 2

      Настоящий Протокол является неотъемлемой частью Соглашения и вступает в силу в порядке, предусмотренном статьей 17 Соглашения. Настоящий Протокол прекращает действие одновременно с Соглашением.

      Совершено в городе ________«__» ________2012 года в двух экземплярах, каждый на казахском, узбекском и русском языках, причем все тексты имеют одинаковую силу.
      В случае возникновения разногласий при толковании положений настоящего Протокола, Стороны будут руководствоваться текстом на русском языке.

       За Правительство                           За Правительство
     Республики Казахстан                       Республики Узбекистан

Приложение № 1         
к Протоколу о внесении изменений
и дополнений в Соглашение между 
Правительством Республики Казахстан
и Правительством Республики Узбекистан
об условиях взаимных поездок граждан
от 7 июля 2000 года       

ПЕРЕЧЕНЬ
документов для въезда, выезда, следования транзитом, временного
пребывания граждан Республики Казахстан на территории
Республики Узбекистан

      1. Дипломатический паспорт гражданина Республики Казахстан.
      2. Служебный паспорт гражданина Республики Казахстан.
      3. Паспорт гражданина Республики Казахстан.
      4. Паспорт гражданина Республики Казахстан, содержащий электронные носители информации.
      5. Удостоверение члена экипажа воздушного судна (во время следования в составе экипажа).
      6. Свидетельство для возвращения в Республику Казахстан (только для возвращения в Республику Казахстан).
      7. Удостоверение личности сотрудника межправительственной фельдъегерской службы.

Приложение № 2         
к Протоколу о внесении изменений
и дополнений в Соглашение между 
Правительством Республики Казахстан
и Правительством Республики Узбекистан
об условиях взаимных поездок граждан
от 7 июля 2000 года       

ПЕРЕЧЕНЬ
документов для въезда, выезда, следования транзитом, временного
пребывания граждан Республики Узбекистан на территории
Республики Казахстан

      1. Дипломатический паспорт гражданина Республики Узбекистан (биометрического образца).
      2. Дипломатический паспорт гражданина Республики Узбекистан (не биометрического образца – до 31 декабря 2015 года).
      3. Паспорт гражданина Республики Узбекистан (биометрического образца).
      4. Паспорт гражданина Республики Узбекистан (не биометрического образца – до 31 декабря 2015 года).
      5. Удостоверение гражданина Республики Узбекистан, не достигшего 16-летнего возраста (проездной документ для несовершеннолетних граждан до 31 декабря 2015 года).
      6. Сертификат на возвращение в Республику Узбекистан (только для возвращения в Республику Узбекистан).
      7. Удостоверение члена экипажа воздушного судна (во время следования в составе экипажа).
      8. Удостоверение личности сотрудника межправительственной фельдъегерской службы.

2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1148 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Хозеұлы Қазыхановқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1148 қаулысымен   
мақұлданған      

Жоба

2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
      2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 15-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар мемлекеттерінің аумағына келуге, кетуге, транзитпен өтуге, уақытша болуға құқық беретін жарамды құжаттарға осы Хаттамаға 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген құжаттар жатады.
      Осы Хаттамаға 1 және 2-қосымшалар Келісімге 1 және 2-қосымшаларды алмастырады.

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Келісімнің 17-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді. Осы Хаттама Келісіммен бір уақытта қолданысын тоқтатады.

      ______ жылғы «____» _______ ______________ қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

      Қазақстан Республикасының             Өзбекстан Республикасының
            Үкіметі үшін                           Үкіметі үшін

2000 жылғы 7 шілдедегі         
Қазақстан Республикасының Үкіметі   
мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі 
арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының
шарттары туралы келісімге өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы хаттамаға  
1-қосымша               

Қазақстан Республикасы азаматтарының Өзбекстан Республикасының аумағына келуі, кетуі, транзитпен өтуі, уақытша болуы үшін құжаттардың
ТІЗБЕСІ

      1. Қазақстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты.
      2. Қазақстан Республикасы азаматының қызметтік паспорты.
      3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
      4. Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат тасымалдағышы бар паспорты.
      5. Әуе кемесінің экипажы мүшесінің куәлігі (экипаждың құрамында жүруі кезінде).
      6. Қазақстан Республикасына оралу үшін куәлік (Қазақстан Республикасына оралу үшін ғана).
      7. Үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жеке куәлігі.

2000 жылғы 7 шілдедегі         
Қазақстан Республикасының Үкіметі   
мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі 
арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының
шарттары туралы келісімге өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы хаттамаға  
2-қосымша               

Өзбекстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына келуі, кетуі, транзитпен өтуі, уақытша болуы үшін құжаттардың
ТІЗБЕСІ

      1. Өзбекстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты (биометрикалық үлгіде).
      2. Өзбекстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты (биометрикалық үлгідегі емес – 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін).
      3. Өзбекстан Республикасы азаматының паспорты (биометрикалық үлгіде).
      4. Өзбекстан Республикасы азаматының паспорты (биометрикалық үлгідегі емес – 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін).
      5. 16 жасқа толмаған Өзбекстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (кәмелетке толмаған азаматтар үшін жол жүру құжаты – 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін).
      6. Өзбекстан Республикасына оралу үшін сертификат (Өзбекстан Республикасына оралу үшін ғана).
      7. Әуе кемесінің экипажы мүшесінің куәлігі (экипаждың құрамында жүруі кезінде).
      8. Үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жеке куәлігі.