Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімді бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 қаңтардағы N 282 Заңы.

      Астанада 2000 жылғы 7 шілдеде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы
Келісім* *(2003 жылғы 26 маусымнан бастап күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2004 ж., N 7, 43-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,

      Ташкент қаласында 1998 жылғы 31 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы Мәңгілік достық туралы шарттың ережелерін басшылыққа ала отырып,

      екі мемлекет азаматтарының өзара сапарларының тәртібін реттеуге ұмтылыс білдіре отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Бір Тарап мемлекетінің азаматтары N 1 және N 2 қосымшаларда аталған жарамды құжаттар, осы Келісімде көзделген шарттар бойынша екінші Тарап мемлекетінің аумағына келуге, кетуге, транзитпен өтуге және уақытша болуға құқылы.

2-бап

      Егер бір Тарап мемлекеті азаматтарының болу кезеңі, осы Хаттамаға № 1 және № 2 қосымшаларда аталған олардың жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын құжаттар негізінде уақытша тұруға (уақытша тіркелу) рұқсатты ресімдемей, әрбір кезеңде күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күн ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 күнде Тараптар мемлекетінің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын болса, тұрақты тұратын жеріне қарамастан екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіреді, одан шығады, транзитпен өтеді, жүріп-тұрады.

      Бір Тарап мемлекетінің азаматы екінші Тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік 30 күннен артық болған жағдайда аталған азамат болатын Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес болатын Таран мемлекетінің құзыретті органдарында уақытша тұруға рұқсат алуға (уақытша тіркеуге тұруға) міндетті.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 70-VIII Заңымен.

3-бап

      Уақытша тұруға (уақытша тіркеуге) рұқсатты ресімдеу рәсімінен:

      а) жарамды ұлттық паспорттар бойынша және бас декларацияда (ұшу тапсырмасында) жазба болған жағдайда және азаматтық авиацияның әуе кемелері экипаждарының мүшелері;

      б) кемелік рөлде және одан көшірмеде жазба болған кезде жарамды ұлттық паспорттар бойынша теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері;

      в) жарамды ұлттық паспорттар және әрбір рейске бекітілетін атаулы тізімдер, бағыттық парақтар бойынша жолаушылық, поездардағы рефрижераторлық және локомотивтік бригадалардың қызметкерлері және Тараптар мемлекеттерінің аумақтары бойынша темір жол көлігімен өткізілетін жүктермен бірге жүретін адамдар;

      г) жарамды ұлттық паспорттар және Тараптардың құзыретті органдары беретін тиісті құжаттар бойынша үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері;

      д) алдын ала уағдаластыққа сәйкес жарамды ұлттық паспорттары және іссапарлық куәліктер (ұйғарымдар) болған кезде қызметтік куәліктер бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері (Тараптар мемлекеттері құқық қорғау органдарының тізбесі дипломатиялық арналар бойынша анықталатын болады);

      е) Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік ресми және үкіметтік делегацияларының мүшелері және олармен бірге жүретін адамдар;

      ж) Тараптар мемлекеттерінің дипломаттық паспорттарының иелері;

      з) Тараптардың дипломатиялық өкілдіктерінің және консулдық мекемелерінің, Тараптар мемлекеттерінің аумағындағы халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын Тараптар мемлекеттерінің дипломатиялық паспорттарының иелері және олардың отбасы мүшелері;

      и) Тараптар мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің әкімшілік-техникалық қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері босатылады.

      Осы баптың "з" және "и" тармақтарында көрсетілген адамдар Тараптар мемлекеттерінің Сыртқы істер министрліктерінде тіркеледі.

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 70-VIII Заңымен.

4-бап

      1. Екінші Tарап мемлекетінің аумағында орналасқан, бір Тараптың мемлекеттік объектілеріне қызмет көрсететін екінші Тарап мемлекетінің аумағына қызметтік міндеттерін орындау үшін келетін, одан кететін және онда болатын Тараптар мемлекеттерінің азаматтарын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу келісілген тізімдер бойынша ұлттық паспорттар мен қызметтік куәліктер негізінде жүзеге асырылатын болады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектілердің тізбесі осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде дипломатиялық арналармен нота алмасу арқылы айқындалатын болады.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда – ҚР 06.04.2024 № 70-VIII Заңымен.

5-бап

      Ескерту. 5-бап алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 70-VIII Заңымен.

6-бап

      Ескерту. 6-бап алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 70-VIII Заңымен.

7-бап

      Ескерту. 7-бап алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 70-VIII Заңымен.

8-бап

      Адамдарды, көлік құралдарын, тауарларды, жүктерді, өзге де мүлікті және малдарды шекара арқылы өткізу Тараптардың келісімі бойынша белгіленетін өткізу бекеттерінде жүзеге асырылады.

      Өткізу бекеттерінде шекаралық, кедендік, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық және бақылаудың өзге де түрлері жүргізіледі.

      Өткізу бекеттері:

      а) Тараптар мемлекеттерінің және басқа да мемлекеттердің адамдарын, көлік құралдарын, тауарларын, жүктерін, өзге де мүліктері мен малдарын өткізуді жүзеге асыратын халықаралық өткізу бекеттерінде;

      ә) Тараптар мемлекеттерінің адамдарын, көлік құралдарын, тауарларын, жүктерін, өзге де мүліктері мен малдарын өткізуді жүзеге асыратын екі жақты;

      б) Тараптар мемлекеттерінің адамдарын, көлік құралдарын өткізуді жүзеге асыратын оңайлатылған өткізу бекеттеріне бөлінеді.

      Оңайлатылған өткізу бекеттері мен олардың жұмыс тәртібі Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтерінің келісімі бойынша белгіленеді.

      Тараптар халықаралық және екі жақты өткізу бекеттерінің тізбелерімен дипломатиялық арналар бойынша алмасады.

9-бап

      Тараптардың келісімі бойынша өткізу бекеттерінің жұмыс уақытын, Тараптар мемлекеттерінің адамдарын, көлік құралдарын, тауарларын, жүктерін, өзге де мүлкі мен малын өткізу тәртібін қамтитын өткізу бекеттерінің жұмыс режимі белгіленеді.

      Өткізу бекеттері жұмысының режимін ұйымдастыру және оның сақталуын бақылау Тараптар мемлекеттерінің шекаралық және кедендік қызметтеріне жүктеледі.

10-бап

      Тараптардың шешімі бойынша ерекше жағдайларда (эпидемиялар, эпизоотиялар, табиғи апаттар және т.с.с.) Тараптар адамдарды, көлік құралдарын, тауарларды, жүктерді, өзге де мүлікті және малдарды шекара арқылы өткізуді уақытша тоқтата алады.

      Бұл ретте осындай шараларды қабылдауды Тарап алдына ала, бірақ 24 сағаттан кешіктірмей екінші Тарапты осындай шаралардың қабылданғаны және олардың күшін жойғаны туралы хабардар етеді.

11-бап

      Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған уақытта оның заңнамасын сақтауға міндетті.

      Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің екінші Тарап мемлекеті азаматының келуінен бас тарту немесе болу мерзімін шектеу құқығын қозғамайды.

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 70-VIII Заңымен.

12-бап

      Егер мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау немесе халықтың денсаулығын қорғау үшін қажет болса, Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің күшін толық немесе ішінара уақытша тоқтатуға құқығы бар.

      Мұндай шараларды қабылдау немесе кейінге қалдыру туралы Тараптар алдын ала, бірақ шешім қабылданған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей бір-біріне дипломатиялық арналар бойынша хабарлайды.

13-бап

      Тараптар мемлекеттері жаңа құжаттарды қолданысқа енгізген жағдайда, Тараптар олардың қолданысқа енгізілуіне дейін кем дегенде 1 (бір) ай бұрын дипломатиялық арналар бойынша осы құжаттардың үлгілерімен алмасады.

      Тараптар мемлекеттерінің Сыртқы істер министрліктері шетел азаматтарының келу, кету, болу тәртібіне қатысты қолданыстағы заңдар туралы ақпаратпен және осы саладағы басқа да ақпаратпен алмасатын болады.

14-бап

      Тараптар, қажетіне қарай, осы Келісімнің орындалуына байланысты мәселелерді талқылау үшін консультациялар өткізетін болады.

      Осы Келісімнің ережелерін, орындау немесе қолдану барысында туындаған кез келген келіспеушіліктер немесе даулы мәселелер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешілетін болады.

15-бап

      Осы Келісімге Тараптардың келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Келісімнің 17-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жекелеген хаттамалармен ресімделеді.

16-бап

      Осы Келісім Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді қозғамайды.

17-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тараптан оның күшін тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарлама алған күннен алты ай өткенге дейін күшінде болады.

      Астана қаласында, 2000 жылғы 7 шілдеде әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

      Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының

      Үкіметі үшін Үкіметі үшін

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасының Үкіметі
арасындағы Азаматтардың
өзара сапарларының
шарттары туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
хаттамаға
№ 1 қосымша

Қазақстан Республикасы азаматтарының Өзбекстан Республикасының аумағына кіруіне, одан шығуына және жүріп-тұруына арналған құжаттардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР 06.04.2024 № 70-VIII Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасы азаматының дипломатиялық паспорты.

      2. Қазақстан Республикасы азаматының қызметтік паспорты.

      3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.

      4. Әуе кемесі экипажы мүшесінің куәлігі (экипаж құрамында жүруі кезінде).

      5. Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік (Қазақстан Республикасына қайтып оралу үшін ғана).

      6. Үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жеке куәлігі.

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасының Үкіметі
арасындағы Азаматтардың
өзара сапарларының
шарттары туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
хаттамаға
№ 2 қосымша

Өзбекстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне, одан шығуына және жүріп-тұруына арналған құжаттардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР 06.04.2024 № 70-VIII Заңымен.

      1. Өзбекстан паспорты.

      2. Өзбекстан паспорты.

      3. Өзбекстан Республикасының биометриялық дипломатиялық Республикасы азаматының биометриялық Республикасы азаматының шетелге шығуына арналған биометриялық паспорты.

      4. Өзбекстан Республикасына қайтып оралуға арналған сертификат (Өзбекстан Республикасына қайтып оралу үшін ғана).

      5. Әуе кемесі экипажы мүшесінің куәлігі (экипаж құрамында жүруі кезінде).

      6. Үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жеке куәлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады