О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2012 года № 1544

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 «О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 8, ст. 159) следующие дополнения:
      1) в Правилах награждения ведомственными наградами (лишения ведомственных наград) некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      раздел «3. Основания награждения ведомственными наградами» дополнить подразделом и пунктом 69 следующего содержания:
      «Нагрудный знак «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері»
      69. Нагрудным знаком «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» награждаются руководители, инженерно-технические работники, рабочие, профсоюзные активисты и специалисты организаций в области химической промышленности, имеющие стаж работы в области химической промышленности не менее 10 и более лет, за плодотворную и многолетнюю работу, активное участие в повышении эффективности производства и производительности труда, достижение высоких показателей в профессиональной деятельности, особые заслуги и значительный вклад в развитие химической промышленности.»;
      2) в перечне и описании ведомственных наград некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      в разделе «1. Перечень ведомственных наград некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан»:
      в подразделе «Нагрудные знаки:»:
      пункт 8 дополнить подпунктом 8) следующего содержания:
      «8) «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері»;
      в разделе «2. Описания ведомственных наград некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан»:
      подраздел «Нагрудные знаки Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан» дополнить подразделом следующего содержания:
      ««Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» (приложение 31-1)
      Нагрудный знак «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» имеет форму восьмигранника шириной 40 мм, длиной 40 мм без элементов, выступающих за пределы восьмигранника. В центре нагрудного знака располагается знак, символизирующий химическую отрасль, состоящий из элементов в виде колбы с химическим раствором, колосом и буквенным обозначением химических элементов на левой стороне. Символ окружают национальные узоры, которые вносят национальный колорит. Внизу под знаком, символизирующим химическую промышленность, располагается подложка в виде провисающего транспаранта с написанным на нем заглавными буквами словом «ҚАЗАҚСТАН».
      Знак изготавливается из металла с колодкой прямоугольной формы и расположенной сверху подложкой и текстом на ней «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері», обрамляется тонкой рамкой и инкрустированными узорами в казахском национальном стиле. Сама колодка представляет собой фрагмент синей ленты с широкой белой полосой в центре, которая располагается на колодке вертикально. Знак при помощи ушки и кольца крепится к колодке. Знак и колодка изготавливаются из металла желтого цвета покрытого темно-бирюзовой эмалью, колодка знака высотой 30 мм, шириной 34 мм»;
      дополнить приложением 31-1 согласно приложению к настоящему
постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

         Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Приложение         
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 4 декабря 2012 года № 1544

Приложение 31-1       
к описаниям ведомственных наград
некоторых государственных органов,
входящих в структуру Правительства
Республики Казахстан     

Нагрудный знак «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері»

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомостволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1544 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:
      «3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері» деген бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және 69-тармақпен толықтырылсын:
      «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісі
      69. «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісімен химия өнеркәсібі саласында кемінде 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар химия өнеркәсібі саласындағы ұйымдардың басшылары, инженерлік-техникалық қызметкерлері, жұмысшылары, кәсіподақ белсенділері және мамандары жемісті және көп жылдық жұмысы, өндірістің тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыруға белсенді қатысқаны, кәсіби қызметтегі жоғарғы көрсеткішке қол жеткізгені үшін, ерекше сіңірген еңбегі мен химия өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталады.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамасында:
      «1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі» деген бөлімде:
      «Төсбелгілер:» деген кіші бөлімде:
      8-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері.»;
      «2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік. органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары» деген бөлімде:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің төсбелгілері» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» (31-1 -қосымша)
      «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісінің ені 40 мм, ұзындығы 40 мм сегіз қырлы пішінде, сегіз қырының шетінен шығып тұратын элементтері жоқ. Төсбелгінің ортасында химиялық ерітіндісі бар колба мен масақ түріндегі элементтерден, сол жағында химиялық элементтердің әріптік белгісінен тұратын химиялық саланы сипаттайтын таңба орналасқан. Символ ұлттық нақыш беретін ұлттық өрнектермен қоршалған. Химиялық өнеркәсіпті білдіретін белгінің астында бас әріптермен «ҚАЗАҚСТАН» деп жазылған ілініп тұрған транспарант түріндегі төсеме орналасады.
      Белгі жоғары жағында төсемесімен және онда қазақтың ұлттық стилінде безендіріліп өрнектелген және жіңішке рамкамен жиектелген «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» деген мәтін орналасқан тікбұрышты түрде қалыпты металдан дайындалады. Қалыптың өзі ортасында жалпақ ақ жолағы бар, көк лентаның көрінісін береді. Жолақтар қалыпта тігінен орналастырылады. Белгі құлақша және сақинаның көмегімен қалыпқа бекітіледі. Белгі және қалып қою көгілдір эмальмен боялған сары түсті металдан дайындалады, белгі қалыбының биіктігі 30 мм, ал ені 34 мм.»;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 31-1-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1544 қаулысына    
қосымша          

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік
органдардың ведомостволық       
наградаларының сипаттамаларына    
31-1 қосымша            

"Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері" төсбелгісі