О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2004 года № 1413 "Об утверждении Правил создания и государственного учета зоологических коллекций"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 2012 года № 1562. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 2015 года № 745

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 04.09.2015 № 745 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2004 года № 1413 «Об утверждении Правил создания и государственного учета зоологических коллекций» (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 50, ст. 658) следующие изменения:
      в Правилах создания и государственного учета зоологических коллекций, утвержденных указанным постановлением:
      в пункте 1 слова «и контроля» исключить;
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. К зоологическим коллекциям относится собрание чучел, яиц, криоконсервированных половых клеток, препаратов и частей объектов животного мира, объектов животного мира, в том числе диких животных зоопарков, зоосадов, цирков, зоологических питомников, аквариумов, океанариумов, представляющее научную, культурно-просветительную, учебно-воспитательную и эстетическую ценность.»;
      пункт 3 исключить;
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      «9. Владелец зоологической коллекции в целях ее постановки на государственный учет не менее чем за десять рабочих дней до начала осуществления деятельности уведомляет соответствующий уполномоченный орган в соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах»;
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      «10. Соответствующий уполномоченный орган в соответствии с уведомлением владельца зоологической коллекции вносит ее в реестр.»;
      пункт 13 изложить в следующей редакции:
      «13. Вывоз за пределы Республики Казахстан зоологических коллекций осуществляется в соответствии с нормативными правовыми актами Таможенного союза.»;
      в приложении 1 к указанным Правилам пункты 9, 10 и 15 исключить;
      приложения 2 и 3 к указанным Правилам исключить.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                             С. Ахметов

"Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1413 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1562 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1413 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 658-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесінде:
      1-тармақта «және бақылау» деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Зоологиялық коллекцияларға жануарлар дүниесi объектiлерi тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервiленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөлiктерiнiң, оның iшiнде хайуанаттар парктері, зообақтар, цирктер, зоологиялық питомниктер, аквариумдер, океанариумдер жабайы жануарларының ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылығы бар жинағы жатады.»;
      3-тармақ алынып тасталсын;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Зоологиялық коллекцияның иесi оны мемлекеттiк есепке қою мақсатында қызметтерді жүзеге асыру басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні ішінде «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиiстi уәкiлеттi органды хабардар етеді.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Тиiстi уәкiлеттi орган зоологиялық коллекция иесiнің хабарламасына сәйкес оны тізілімге енгізеді.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Зоологиялық коллекцияларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету Кедендік одақтың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      көрсетілген ережеге 1-қосымшадағы 910 және 15-тармақтар алынып тасталсын;
      көрсетілген ережеге 2 және 3-қосымшалар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов