Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1413 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 18-03/118 бұйрығын қараңыз.

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң      
2004 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1413 қаулысымен   
бекiтiлген     

Зоологиялық коллекциялар жинау
және оларды мемлекеттiк есепке алу
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн айқындайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.07 № 1562 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Зоологиялық коллекцияларға жануарлар дүниесi объектiлерi тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервiленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөлiктерiнiң, оның iшiнде хайуанаттар парктері, зообақтар, цирктер, зоологиялық питомниктер, аквариумдер, океанариумдер жабайы жануарларының ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылығы бар жинағы жатады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.07 № 1562 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Алынып тасталды - ҚР 2012.12.07 № 1562 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2. Зоологиялық коллекциялар жинау тәртiбi

      4. Зоологиялық коллекциялар жинау жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау, оларды жинау, сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да тәсiлдермен алу арқылы жүргiзiледi. Зоологиялық коллекциялар жинау үшiн арнайы рұқсат алу талап етiлмейдi.
      5. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының зоологиялық коллекциялар жинау мен оларды толықтыруы үшiн Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн аулауға және жинауға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша ерекше жағдайларда жол берiледi.
      6. Қазақстан Республикасының аумағында (акваторийiнде), континенттiк шельфiнде және ерекше экономикалық аймағында жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      7. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлгендерден басқа, жануарлар дүниесi объектiлерiн Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының зоологиялық коллекцилар жинау мен оларды толықтыру үшiн аулауы балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тиiстi уәкiлеттi органдар) берген рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.

3. Зоологиялық коллекцияларды мемлекеттiк
есепке алуды ұйымдастыру тәртiбi

      8. Зоологиялық коллекцияларды мемлекеттiк есепке алу оларды тиiстi уәкiлеттi органның зоологиялық коллекциялардың тiзiлiмiне енгiзуi жолымен жүзеге асырылады (1-қосымша).
      9. Зоологиялық коллекцияның иесi оны мемлекеттiк есепке қою мақсатында қызметтерді жүзеге асыру басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні ішінде «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиiстi уәкiлеттi органды хабардар етеді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.07 № 1562 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Тиiстi уәкiлеттi орган зоологиялық коллекция иесiнің хабарламасына сәйкес оны тізілімге енгізеді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.07 № 1562 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11. Тиiстi уәкiлеттi орган зоологиялық коллекция иесiнiң оның жай-күйі және коллекциялық экспонаттардың айналымы туралы есептi жылдан кейінгі 20 наурыздан кешiктiрмей беретiн жыл сайынғы есебiнiң негiзiнде тiзiлiмге енгізілген зоологиялық коллекциялар экспонаттары айналымының есебiн жүргiзедi.
      12. Тiзiлiмге енгiзiлген зоологиялық коллекциялардың иелерi  зоологиялық коллекцияларды жұртшылық алдында көрсете, зоологиялық коллекцияны толықтыра, зоологиялық коллекциялардың экспонаттарын әкете және әкеле алады, бұл ретте жануарларға көзқарастың мейiрiмдiлiк және этикалық нормаларын сақтауы, ерекше ғылыми, мәдени және эстетикалық құндылығы бар зоологиялық экспонаттардың сақталуын қамтамасыз етуi қажет.
      13. Зоологиялық коллекцияларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету Кедендік одақтың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.07 № 1562 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      14. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның қосымшаларына енгізiлген жануарлар түрлерiнiң зоологиялық коллекциялары мен олардың жекелеген экспонаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары әкету және оның аумағына әкелу үшiн осы Конвенция бойынша міндеттемелердi орындайтын әкiмшiлiк органның рұқсаты негiздеме болып табылады.
      15. Мәдени-тарихи құндылықтарға жатқызылған коллекциялардың экспонаттары болып табылатын жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн әкелу және әкету тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

Қазақстан Республикасы         
Үкiметiнiң                
2004 жылғы 29 желтоқсандағы       
N 1413 қаулысымен бекiтiлген     
Зоологиялық коллекциялар жинау және
оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiне
1-қосымша                

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.07 № 1562 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Мемлекеттiк есепке алынған зоологиялық
коллекциялар тiзiлiмiнiң
нысаны

      1. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi.
      2. Тiркелген күнi.
      3. Коллекцияның атауы.
      4. Иесi.
      5. Иесiнiң мекен-жайы және коллекция орналасқан жердiң мекен-жайы.
      6. Меншiк нысаны (мемлекеттiк ұйымдар үшін ведомстволық бағыныстылығы).
      7. Коллекцияның мақсаты (ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және басқалар).
      8. Коллекцияның негiзi қаланған жыл.
      9. Алынып тасталды - ҚР 2012.12.07 № 1562 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Алынып тасталды - ҚР 2012.12.07 № 1562 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11. Коллекцияның сипаттамасы (тiрi организмдер, тұлыптар, жұмыртқалар, құрғақ және ылғалды препараттар және басқалар).
      12. Бiрегей объектiлердiң болуы (Қызыл кiтапқа енгiзiлген типтер, паратиптер, түрлер).
      13. Коллекция құрамындағы өзгерiстер (айналымы).
      14. Коллекцияны сақтау (ұстау) шарттары.
      15. Алынып тасталды - ҚР 2012.12.07 № 1562 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      16. Коллекцияның қайта тiркелгенi туралы белгi.

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                     2004 жылғы 29 желтоқсандағы
                                   N 1413 қаулысымен бекiтiлген
                                 Зоологиялық коллекциялар жинау және
                             оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiне
                                            2-қосымша

                  Зоологиялық коллекцияны тiзiлiмге
                           енгiзу туралы
                              N_куәлiк

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - ҚР 2012.12.07 № 1562 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                     2004 жылғы 29 желтоқсандағы
                                   N 1413 қаулысымен бекiтiлген
                                 Зоологиялық коллекциялар жинау және
                             оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiне
                                            3-қосымша

                 Зоологиялық коллекцияларды және олардың
                    жекелеген экспонаттарын Қазақстан
              Республикасынан тысқары әкетуге және/немесе
                    оның аумағына әкелуге берiлген
                               N__рұқсат

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - ҚР 2012.12.07 № 1562 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады