О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 1998 года № 845 "О совершенствовании правового обеспечения дорожного хозяйства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2012 года № 1607. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2016 года № 901.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.12.2016 № 901 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 1998 года № 845 «О совершенствовании правового обеспечения дорожного хозяйства» (САПП Республики Казахстан, 1998 г., № 31, ст. 269) следующие изменения и дополнение:
      1) Правила пользования автомобильными дорогами на территории Республики Казахстан, утвержденные указанным постановлением:
      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:
      «4-1. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) паспорт – документ, подтверждающий соответствие фактического состояния объекта наружной (визуальной) рекламы и объекта дорожного сервиса требованиям, установленным нормативно-техническими документами в области автомобильных дорог;
      2) техническое условие – документ, устанавливающий нормативно- технические требования, подлежащие выполнению при проведении работ с целью обеспечения безопасности дорожного движения и сохранности дорожных сооружений на автомобильных дорогах.»;
      пункты 1112 и 12-1 изложить в следующей редакции:
      «11. Производство работ на дорогах допускается только при наличии разрешения (ордера) на право производства работ, выданного управляющим автомобильными дорогами, или в случаях, предусмотренных настоящими Правилами, подразделениями дорожной полиции.
      Управляющие автомобильными дорогами при выдаче соответствующего разрешения (ордера) за три рабочих дня до начала производства работ уведомляют подразделения дорожной полиции.
      12. Пользователи автомобильными дорогами производят согласования:
      1) с дорожными органами на:
      проезд крупногабаритных и (или) тяжеловесных транспортных средств;
      пересечение автомобильных дорог каналами, линиями связи и электропередачи, нефтепроводами, газопроводами, водопроводами и железными дорогами и другими инженерными сетями и коммуникациями;
      размещение гостиниц, мотелей, кемпингов, автозаправочных станций, станций технического обслуживания, пунктов питания и торговли в придорожной полосе автомобильных дорог;
      установку в полосе отвода автомобильных дорог наружной (визуальной) рекламы;
      устройство съездов с дорог и площадок для погрузки и разгрузки грузов;
      производство любых работ на автомобильных дорогах, создающих помехи движению транспортных средств и пешеходов;
      устройство опор наружного освещения в полосе отвода и придорожной полосе автомобильных дорог;
      возведение памятников, устройство заборов, декоративных насаждений;
      открытие маршрутов движения пассажирских транспортных средств общего пользования и расположение остановочных пунктов;
      2) с подразделениями дорожной полиции на:
      проведение массовых и спортивных мероприятий на автомобильных дорогах.
      12-1. Дорожные органы производят согласование (осуществляют выдачу технических условий и паспортов) не позднее семи рабочих дней, за исключением согласования установки в полосе отвода автомобильных дорог наружной (визуальной) рекламы, которое производится не позднее пяти рабочих дней с момента подачи заявления.
      Подразделения дорожной полиции производят согласование не позднее семи рабочих дней.»;
      пункт 14 изложить в следующей редакции:
      «14. Допустимые параметры автотранспортных средств, предназначенных для передвижения по автомобильным дорогам Республики Казахстан, правила организации и осуществления перевозок неделимых крупногабаритных и тяжеловесных грузов на территории Республики Казахстан определяются Правительством Республики Казахстан.»;
      подпункт 3) пункта 23 изложить в следующей редакции:
      «3) схему расстановки дорожных знаков и ограждений и мест производства работ;»;
      пункт 24 исключить;
      абзац третий пункта 32 изложить в следующей редакции:
      «производство ремонтных и других работ без соответствующего согласования с дорожными органами, управляющими автомобильными дорогами, или, в случаях, предусмотренных настоящими Правилами, подразделениями дорожной полиции;»;
      пункт 44 изложить в следующей редакции:
      «44. При проведении массовых и спортивных мероприятий решения об ограничении или прекращении движения на дорогах принимают подразделения дорожной полиции.»;
      пункт 46 изложить в следующей редакции:
      «46. Организации и граждане, производящие работы в пределах дороги или полосы отвода, несут установленную законом ответственность за несоблюдение согласованных с дорожными органами технических условий и сроков работ, а также за необеспеченность безопасности движения как в зоне производства работ, так и на временных съездах и объездах.»;
      2) в Правилах размещения наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, утвержденных указанным постановлением:
      часть первую пункта 7 изложить в следующей редакции:
      «7. Паспорт выдается дорожным органом по автомобильным дорогам общего пользования международного и республиканского значения или местным исполнительным органом по автомобильным дорогам общего пользования областного или районного значения в течение пяти рабочих дней.»;
      часть первую пункта 15 изложить в следующей редакции:
      «15. Запрещается самовольное размещение объектов наружной (визуальной) рекламы без соответствующего оформления документации и согласования ее в дорожных органах или местных исполнительных органах.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 14 желтоқсандағы № 1607 Қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1."Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану қағидалары:
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) паспорт – сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі мен жол сервисі объектісі нақты жай-күйінің автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат;
      2) техникалық шарт – автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін және жол ғимараттарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды жүргізу кезінде орындалуға жататын нормативтік техникалық талаптарды белгілейтін құжат.";
      1112 және 12-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Жолдарда жұмыс жүргізуге автомобиль жолдарын басқарушы немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда жол полициясының бөлімшелері берген жұмыс жүргізу құқығына рұқсат (ордері) болған кезде ғана жол беріледі.
      Автомобиль жолдарын басқарушылар тиісті рұқсатты (ордерді) берген кезде жұмыс жүргізу басталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын жол полициясының бөлімшелерін хабардар етеді.";
      12. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар:
      1) жол органдарымен:
      ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүруіне;
      автомобиль жолдарының арналардың, байланыс және электр беру желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және темір жолдардың және басқа да инженерлік желілер мен коммуникациялардың кесіп өтуіне;
      автомобиль жолдарының жол бойындағы жолағында қонақ үйлерді, мотельдерді, кемпингтерді, автомобильдерге жанармай құю станцияларын, техникалық қызмет көрсету станцияларын, тамақтану және сауда пункттерін орналастыруға;
      автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнатуға;
      жүктерді тиеу және түсіру үшін жолдан түсу орындары мен алаңдар жасауға;
      автомобиль жолдарында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі келтіретін кез келген жұмыстарды жүргізуге;
      автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде және жол бойындағы бөлігінде сыртқы жарық түсіру тіреулерін орнатуға;
      ескерткіштер қоюға, шарбақтарды, сәндік ағаштарды отырғызуға;
      жалпы пайдаланымдағы жолаушы көлік құралдары қозғалысының маршруттарын ашуға және аялдама пункттерін орналастыруға;
      2) жол полициясының бөлімшелерімен:
      автомобиль жолдарында бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізуге келісімдер жүргізеді.
      12-1. Жол органдары өтініш берген сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілетін автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнатуға келісуді қоспағанда (техникалық шарттар мен паспорттар беруді жүзеге асырады), жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      Жол полициясының бөлімшелері келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша қозғалу үшін арналған автокөлік құралдарының мүмкін болатын параметрлерін, Қазақстан Республикасының аумағындағы бөлінбейтін ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";
      23-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жол белгілері мен қоршауларды орналастырудың және жұмыс жүргізілетін орындардың схемасын;";
      24-тармақ алынып тасталсын;
      32-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жол органдарының, автомобиль жолдарын басқарушылардың немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда, жол полициясы бөлімшелерінің тиісті келісімінсіз жөндеу және басқа жұмыстар жүргізуге;";
      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "44. Бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде жолдарда қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы шешімді жол полициясының бөлімшелері қабылдайды.";
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "46. Жолдың немесе жолдың жолақ бөлігінің шегінде жұмыс жүргізуші ұйымдар мен азаматтар жол органдарымен келісілген техникалық шарттары мен жұмыс мерзімдерін сақтамағаны, сондай-ақ жұмыс жүргізу аймағында да, уақытша кіретін және шығатын жерлерде де қозғалыстың қауіпсіздігін сақтамағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жауапты болады.";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібінде:
      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Паспортты халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жол органы немесе облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде береді.";
      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Құжаттамаларды тиісінше ресімдемей және оны жол органдарында немесе жергілікті атқарушы органдарда келіспей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз бетінше орналастыруға тыйым салынады.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Қазақстан Республикасының
 


Премьер-Министрі
 

С. Ахметов