Об утверждении Инструкции по разработке и утверждению положения о государственном органе

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 2012 года № 1672. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590.

      Об утверждении Инструкции по разработке и утверждению положения о государственном органе

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 01.09.2021 № 590 (вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию).

      В соответствии с пунктом 4-1 статьи 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по разработке и утверждению положения о государственном органе.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.


      Премьер-Министр
Республики Казахстан
      С. Ахметов

      Утверждена
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 25 декабря 2012 года № 1672

      Инструкция
по разработке и утверждению положения

о государственном органе

      1. Положение о государственном органе (далее – положение) разрабатывается государственным органом самостоятельно согласно требованиям Типового положения о государственном органе, утверждаемого Правительством Республики Казахстан, и настоящей Инструкции по разработке и утверждению положения о государственном органе (далее – инструкция).

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 02.03.2018 № 93 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Инструкция применяется при разработке положения государственного органа, непосредственно подчиненного и подотчетного Президенту Республики Казахстан, центрального исполнительного органа, аппарата маслихата, исполнительного органа, финансируемого из местного бюджета, а также государственного органа, возглавляющего единую систему избирательных комиссий Республики Казахстан, государственного органа, осуществляющего информационно–аналитическое, организационно–правовое и иное обеспечение деятельности Уполномоченного по правам человека, государственного органа по организационному и материально–техническому обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан, государственного органа, осуществляющего информационно-аналитическое, организационно-правовое, материально-техническое обеспечение деятельности Высшего Судебного Совета Республики Казахстан, государственного органа, выполняющего информационно-справочную, научно-консультативную и другую вспомогательную работу Конституционного Совета Республики Казахстан, государственного органа по осуществлению координации деятельности исполнительных государственных органов.

      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правительства РК от 02.03.2018 № 93 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Основаниями для разработки, а также внесения изменений и дополнений в положение о государственном органе являются:

      1) образование государственного органа;

      2) реорганизация государственного органа;

      3) перераспределение полномочий и компетенции между государственными органами;

      4) соответствующие поручения Президента Республики Казахстан и Премьер-Министра Республики Казахстан (для государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан) о расширении (сужении) компетенции государственного органа.

      4. При наличии оснований, предусмотренных пунктом 3 инструкции, государственный орган в течение месяца разрабатывает соответствующий проект положения о государственном органе либо внесение изменений и/или дополнений в положение о государственном органе.

      5. В положении могут быть отражены иные нормы в соответствии с законодательством Республики Казахстан, не предусмотренные в типовом положении о государственном органе.

      6. Положение утверждается соответствующим уполномоченным органом в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. В пунктах 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 18, 19, 20, 21, 23, 24, 25, 26 и 27 положения прописывается полное наименование государственного органа.

      8. В пункте 2 положения при наличии ведомств государственного органа прописывается их полное наименование.

      9. В пункте 14 положения миссия государственного органа определяется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      10. В пункте 19 положения указывается должностное лицо, которое назначает и освобождает от должности первого руководителя государственного органа.

      11. Пункт 23 положения предусмотрен для тех государственных органов, в которых введена должность руководителя аппарата государственного органа.

      Сноска. Пункт 11 в редакции постановления Правительства РК от 18.03.2021 № 145 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Пункты 24, 25 и 26 положения государственными органами, не имеющими на праве оперативного управления обособленного имущества в случаях, предусмотренных законодательством, не заполняются.

Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен


      Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2021 № 590 қаулысымен.

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1672 қаулысымен
бекітілген

      Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі
нұсқаулық

      1. Мемлекеттік орган туралы ережені (бұдан әрі – ереже) мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мемлекеттік орган туралы үлгілік ереженің талаптарына және осы Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – нұсқаулық) сәйкес дербес әзірлейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.03.2018 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның, орталық атқарушы органның, мәслихат аппаратының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесіне басшылық ететін мемлекеттік органның, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттар қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-консультативтік және басқа да қосалқы жұмысын атқаратын мемлекеттік органның, атқарушы мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруді жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органның ережесін әзірлеу кезінде қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.03.2018 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу, сондай-ақ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:

      1) мемлекеттік органды құру;

      2) мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру;

      3) мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктер мен құзыреттілікті қайта бөлу;

      4) мемлекеттік органның құзыретін кеңейту (тарылту) туралы Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің (Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттiк органдар үшін) тиісті тапсырмалары негіздер болып табылады.

      4. Нұсқаулықтың 3-тармағында көзделген негіздер бар болған жағдайда мемлекеттік орган бір ай ішінде мемлекеттік орган туралы ереженің тиісті жобасын немесе мемлекеттік орган туралы ережеге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді әзірлейді.

      5. Ережеде мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеде көзделмеген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нормалар көрсетілуі мүмкін.

      6. Ережені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті орган бекітеді.

      7. Ереженің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-тармақтарында мемлекеттік органның толық атауы жазылады.

      8. Мемлекеттік органның ведомстволары болған жағдайда, ереженің 2-тармағында олардың толық атауы жазылады.

      9. Ереженің 14-тармағында мемлекеттік органның миссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      10. Ереженің 19-тармағында мемлекеттік органның бірінші басшысын қызметке тағайындайтын және босататын лауазымды адам көрсетіледі.

      11. Ереженің 23-тармағы мемлекеттік органның аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдар үшін көзделген.

            Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Ереженің 24, 25 және 26-тармақтарын заңнамада көзделген жағдайларда, оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығы жоқ мемлекеттік органдар толтырмайды.