Некоторые вопросы Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 февраля 2013 года № 82

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Реорганизовать путем преобразования в установленном законодательством порядке Государственное учреждение «Национальный референтный центр по ветеринарии» Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Национальный референтный центр по ветеринарии» Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - предприятие).
      2. Определить Комитет ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Комитет) уполномоченным органом по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления в отношении предприятия.
      3. Комитету в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) представление на утверждение в Комитет государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан устава предприятия;
      2) государственную регистрацию предприятия в органах юстиции;
      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.
      4. Определить предметом деятельности предприятия:
      1) референтную функцию по диагностике болезней животных;
      2) эпизоотический мониторинг;
      3) ведение Национальной коллекции депонированных штаммов микроорганизмов;
      4) регистрационные испытания, апробацию ветеринарных препаратов, кормовых добавок, а также контроль серий (партий) препаратов при их рекламации;
      5) государственный мониторинг, референцию по обеспечению пищевой безопасности;
      6) мониторинг безопасности ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок.
      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 29.09.2015 № 803 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      5. Утвердить прилагаемые изменения и дополнение, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 4 февраля 2013 года № 82 

Изменения и дополнение, которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 июля 2002 года № 850 «О республиканской коллекции микроорганизмов» (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 25, ст. 267):
      абзац третий пункта 2 изложить в следующей редакции:
      «возбудителям особо опасных инфекций Республиканское государственное казенное предприятие «Казахский научный центр карантинных и зоонозных инфекций имени Масгута Айкимбаева» Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан, Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Национальный референтный центр по ветеринарии» Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.»;
      часть первую пункта 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Определить депозитариями возбудителей особо опасных инфекций Республиканское государственное казенное предприятие «Казахский научный центр карантинных и зоонозных инфекций имени Масгута Айкимбаева» Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан, Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Научно-исследовательский институт проблем биологической безопасности» Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан и Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Национальный референтный центр по ветеринарии» Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.».
      2. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683.
      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 «Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений»:
      в лимитах штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов, с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений, утвержденных указанным постановлением:
      в разделе 6:
      «в строке «Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан с учетом его территориальных органов и подведомственных ему государственных учреждений, в том числе:» цифры «11768» заменить цифрами «11684»;
      в строке «Государственные учреждения, подведомственные Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, в том числе:» цифры «5757» заменить цифрами «5673»;
      строку «Национальный референтный центр по ветеринарии 84» исключить.
      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 23 сентября 2011 года № 1090 «О некоторых вопросах реализации Указа Президента Республики Казахстан от 10 августа 2011 года № 136 «О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 54, ст. 778):
      в перечне организаций, находящихся в ведении Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      разделы 1 и 2 изложить в следующей редакции:
      «1. Республиканские государственные предприятия
      1. Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканская ветеринарная лаборатория» Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      2. Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Национальный референтный центр по ветеринарии» Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      2. Государственные учреждения
      1. Республиканское государственное учреждение «Республиканский противоэпизоотический отряд» Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.».
      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2009 года № 1908 «О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия «Республиканская ветеринарная лаборатория» Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 56, ст. 472):
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Предметом деятельности предприятия определить:
      1) диагностику особо опасных болезней животных, включенных в перечень, утверждаемый Правительством Республики Казахстан;
      2) диагностику энзоотических болезней животных, включенных в перечень, утверждаемый уполномоченным органом.».

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 82 Қаулысы

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Кәсіпорын қызметінің мәні:
      1) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функциясы;
      2) эпизоотиялық мониторинг;
      3) Сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізу;
      4) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтары, байқаудан өткізу, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылау;
      5) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг, референция;
      6) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік мониторингі болып белгіленсін.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.09.2015 № 803 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2013 жылғы 4 ақпандағы     
№ 82 қаулысымен        
бекітілген          

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 850 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 267-құжат):
      2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштары бойынша - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Масғүт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштарының депозитарийлері болып белгіленсін.».
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      6-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «11768» деген сандар «11684» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолдағы «5757» деген сандар «5673» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық 84» деген жол алынып тасталсын.
      4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1090 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 778-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      1 және 2-бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      2. Мемлекеттік мекемелер
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
      5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы № 1908 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 472-құжат):
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кәсіпорын қызметінің мәні:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы;
      2) уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасы болып белгіленсін.».