О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2003 года № 407 "Об утверждении нормативных правовых актов в области ветеринарии"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2013 года № 136. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 февраля 2015 года № 85

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.02.2015 № 85 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2003 года № 407 «Об утверждении нормативных правовых актов в области ветеринарии» (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 18, ст. 185) следующие изменения и дополнения:
      1) в Правилах обязательного изъятия и уничтожения животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющие особую опасность для здоровья животных и человека, либо их обязательного обезвреживания (обеззараживания) и переработки без изъятия, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Обязательное изъятие и уничтожение животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих особую опасность для здоровья животных и человека, производятся с возмещением их стоимости физическим и юридическим лицам в соответствии с Перечнем особо опасных болезней животных, при которых проводятся обязательное изъятие и уничтожение животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих особую опасность для здоровья животных и человека, утверждаемым Правительством Республики Казахстан.»;
      дополнить пунктами 3-1, 3-2 следующего содержания:
      «3-1. Постановление об изъятии и уничтожении животных, представляющих особую опасность для здоровья животных и человека, принимается Главным государственным ветеринарно-санитарным инспектором Республики Казахстан на основании акта экспертизы ветеринарной лаборатории, подтверждающей наличие болезни.
      Постановление об изъятии и уничтожении животных, представляющих особую опасность для здоровья животных и человека, принимаемое Главным государственным ветеринарно-санитарным инспектором Республики Казахстан, незамедлительно доводится для принятия соответствующих мер до соответствующего территориального подразделения ведомства уполномоченного органа и государственной ветеринарной организации, осуществляющей изъятие и уничтожение животных, больных особо опасными болезнями.
      3-2. Постановление об изъятии и уничтожении продукции и сырья животного происхождения, представляющих особую опасность для здоровья животных и человека, принимается Главным государственным ветеринарно-санитарным инспектором соответствующей административно-территориальной единицы на основании акта экспертизы ветеринарной лаборатории.»;
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Для решения вопросов, связанных с обязательным изъятием и уничтожением животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека, на основании постановлений, принятых в соответствии с пунктами 3-1 и(или) 3-2 настоящих Правил, приказом соответствующего районного (городского) территориального подразделения ведомства уполномоченного государственного органа в области ветеринарии создается комиссия из числа представителей местных исполнительных органов, государственного органа санитарно-эпидемиологической службы, государственной ветеринарной организации, государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории.»;
      2) в Перечне особо опасных болезней животных, профилактика, диагностика и ликвидация которых осуществляются за счет бюджетных средств, утвержденном указанным постановлением:
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      «Болезни, общие нескольким видам животных, – бешенство, бруцеллез, болезнь Ауески, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, сибирская язва (кроме асколизации кожсырья), туберкулез, ящур, оспа, эхинококкоз, паратуберкулез, токсоплазмоз, трихофития, риккетсиозы, туляремия, везикулярный стоматит (экзотическая болезнь), болезнь Шмалленберга и другие экзотические болезни.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 ақпандағы № 136 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою жеке және заңды тұлғаларға олардың құнын өтей отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тізбесіне сәйкес жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «3-1. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды алып қою және жою туралы қаулыны аурудың бар екенін растайтын ветеринариялық зертхана сараптамасының актісі негізінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайды.
      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайтын жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды алып қою және жою туралы қаулы уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесіне және ерекше қауіпті аурумен ауырған жануарларды алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымға тиісті шаралар қабылдау үшін дереу жеткізіледі.
      3-2. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды алып қою және жою туралы қаулыны ветеринариялық зертхана сараптамасының актісі негізінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайды.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жануарларға және адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды мiндеттi түрде алып қоюға және жоюға байланысты мәселелерді шешу үшін осы Ереженің 3-1 және (немесе) 3-2-тармақтарына сәйкес қабылданған қаулылар негізінде ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган ведомствосының тиiстi аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен жергiлiкті атқарушы органдардың, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының, мемлекеттік ветеринариялық ұйымның өкiлдерiнен, тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторынан тұратын комиссия құрылады.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тізбесінде:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар – құтыру, бруцеллез, Ауески ауруы, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, топалаң (терi шикiзатының асколизациясынан басқа), туберкулез, аусыл, күл, экинококкоз, паратуберкулез, токсоплазмоз, трихофития, риккетсиоздар, туляремия, ауыз уылуы (экзотикалық ауру), Шмалленберг ауруы және басқа экзотикалық аурулар.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов