О ввозе золошлаковых отходов филиалом открытого акционерного общества "ОГК-2" - Троицкая государственная районная электрическая станция

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 апреля 2013 года № 338

      В соответствии с пунктом 4 статьи 288 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Разрешить филиалу открытого акционерного общества «ОГК-2» - Троицкая государственная районная электрическая станция Российской Федерации до конца 2016 года ввоз золошлаковых отходов, согласно коду ТН ВЭД СНГ 2621 00 000, в количестве 12135,932 тыс. тонн в Республику Казахстан для размещения на территории Костанайской области.
      2. Акимату Костанайской области:
      1) принять меры по выполнению условий договора на право временного пользования (аренду) земли от 14 апреля 1999 года;
      2) совместно с Министерством охраны окружающей среды Республики Казахстан в пределах своей компетенции обеспечить выполнение филиалом открытого акционерного общества «ОГК-2» - Троицкая государственная районная электрическая станция Российской Федерации полной технической и биологической рекультивации золоотвала и прилегающей к нему территории.
      3. Министерствам охраны окружающей среды, здравоохранения, сельского хозяйства Республики Казахстан, акимату Костанайской области принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"ОГК-2" - Троицк мемлекеттік аудандық электр станциясы ашық акционерлік қоғамы филиалының күлшлак қалдықтарын әкелуі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 338 қаулысы

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 288-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ресей Федерациясының «ОГК-2» – Троицк мемлекеттік аудандық электр станциясы ашық акционерлік қоғамының филиалына 2016 жылдың соңына дейін ТМД CЭҚ ТН 2621 00 000 кодына сәйкес 12135,932 мың тонна мөлшерінде күлшлак қалдықтарын Қостанай облысының аумағына орналастыру үшін Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат берілсін.
      2. Қостанай облысының әкімдігі:
      1) 1999 жылғы 14 сәуірдегі жерді уақытша пайдалану (жалға беру) құқығын беру шартының талаптарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірлесіп, Ресей Федерациясының «ОГК-2» – Троицк мемлекеттік аудандық электр станциясы ашық акционерлік қоғамы филиалының күл-қоқыс үйіндісін және оған іргелес аумақты толық техникалық және биологиялық қалпына келтіруін орындауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктері, Қостанай облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов