О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 137 "Об утверждении Правил осуществления мониторинга производства и реализации нефтепродуктов"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2013 года № 669. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 2015 года № 750

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.09.2015 № 750 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 137 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга производства и реализации нефтепродуктов» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 29, ст. 386) следующее дополнение:
      в Правилах осуществления мониторинга производства и реализации нефтепродуктов, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 16 дополнить частью второй следующего содержания:
      «Уполномоченный орган в области производства нефтепродуктов направляет факты превышения предельной цены розничной реализации нефтепродуктов в уполномоченный орган, осуществляющий руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках, по результатам мониторинга розничных цен на нефтепродукты для принятия мер реагирования.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 137 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 669 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 750 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 386-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өнімдеріне бөлшек сауда бағаларына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ден қою шараларын қабылдау үшін мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзу шектi бағасының асып кетуі фактілерін жібереді.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов