О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 109 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы послевузовского образования"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2013 года № 701. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 895.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.12.2018 № 895.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 109 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы послевузовского образования" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 26, ст. 361) следующие изменения:

      в Типовых правилах приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы послевузовского образования, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Граждане Республики Казахстан, имеющие международные сертификаты, подтверждающие владение иностранным языком в соответствии с Общеевропейскими компетенциями (стандартами) владения иностранным языком, освобождаются от вступительного экзамена по иностранному языку в магистратуру, резидентуру, адъюнктуру и докторантуру по следующим экзаменам:

      английский язык: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – не менее 460 баллов), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, пороговый балл - не менее 87), (TOEFL пороговый балл - не менее 560 баллов), International English Language Tests System (IELTS, пороговый балл - не менее 6.0);

      немецкий язык: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ уровень С1), TestDaF-Prufung (Niveau C1/уровень С1);

      французский язык: Test de Franзais International™ (TFI - не ниже уровня B1 по секциям чтения и аудирования), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, уровень В2), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, уровень С1), Тest de connaissance du francais (TCF - не менее 400 баллов).";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Прием заявлений поступающих в магистратуру, докторантуру ВУЗов, адъюнктуру военных учебных заведений, резидентуру ВУЗов и научных организаций проводится с 10 по 30 июля.

      Вступительные экзамены в магистратуру, резидентуру, адъюнктуру и докторантуру проводятся с 10 до 20 августа, зачисление - до 25 августа.";

      пункты 13, 19 изложить в следующей редакции:

      "13. Граждане Республики Казахстан и лица без гражданства, поступающие в магистратуру, резидентуру, адъюнктуру и докторантуру, за исключением иностранцев, сдают вступительные экзамены:

      1) по одному из иностранных языков по выбору (английский, французский, немецкий; по арабскому языку для лиц, поступающих на специальности, требующие знание арабского языка);

      2) по специальности.";

      "19. Вступительные экзамены по государственному, русскому и иностранным языкам проводятся по технологии, разработанной Национальным центром тестирования Министерства образования и науки Республики Казахстан.

      Экзамен по арабскому языку проводится в устной или письменной формах экзаменационной комиссией ВУЗа в соответствии с порядком, установленным руководителем ВУЗа и согласованным с уполномоченным органом в области образования.";

      пункт 20 исключить;

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. В случае одинаковых показателей конкурсных баллов, преимущественное право при зачислении получают лица, имеющие наиболее высокую оценку по специальности, в случае одинаковых показателей вступительного экзамена по специальности, преимущественное право получают лица, имеющие наиболее высокую оценку по государственному, русскому и иностранным языкам. Затем учитываются научные достижения, соответствующие профилю избранной специальности: научные публикации, в том числе в рейтинговых научных изданиях; свидетельства о научных разработках; сертификаты о присуждении научных стипендий, грантов; грамоты/дипломы за участие в научных конференциях и конкурсах.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов


"Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 701 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 895 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 361-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мынадай емтихандар бойынша:

      ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);

      неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);

      француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, әскери оқу орындарының адъюнктурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтінішін қабылдау 10 шілдеден 30 шілдеге дейін жүргізіледі.

      Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсу емтихандары 1 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.";

      13, 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Шетелдіктерді қоспағанда, магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түсу емтихандарын:

      1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс; араб тілін білу талап етілетін мамандықтарға түсуші тұлғалар үшін араб тілі бойынша);

      2) мамандық бойынша тапсырады.";

      "19. Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

      Араб тілі емтиханды ауызша немесе жазбаша нысандарда ЖОО басшысы белгілеген және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тәртіпке сәйкес ЖОО-ның емтихан қабылдау комиссиясы өткізеді.";

      20-тармақ алынып тасталсын;

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов