Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 895 қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабы 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 109 қаулысымен
бекітілген

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік
қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және адамдарды жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) магистратурасына, докторантурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына қабылдау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. ЖОО магистранттарының, докторанттарының, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасы тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

      Егер Қазақстан Республикасының азаматтары әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, мемлекет оларға мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде осы деңгейдегі білімді тегін алу құқығын береді.

      Егер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, олар осы деңгейдегі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.

      Магистратурада, докторантурада және резидентурада шетелдіктерді оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2-1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына азаматтарды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау даярлау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құжаттарды қабылдау басталатын күнге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жарияланады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, оның ішінде нысаналы даярлау шеңберінде оқуға үміткер тұлғалардың өтініштерін қабылдау магистранттар мен докторанттарды даярлау жүзеге асырылатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ЖОО-ларда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау 3 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.

      Магистратураға, резидентураға, докторантураға шет тілі бойынша түсу емтихандары – 10 – 15 тамыз аралығында, мамандық бойынша – 16 – 20 тамыз аралығында, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

      Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу 10 – 15 тамыз аралығында жүргізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.06.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Магистратураға және резидентураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. ЖОО-да құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның басшысы болып табылады.

      Қабылдау комиссиясының құрамы ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      9-1. Шетелдік білім беру ұйымдарында білім туралы құжаттарды алған адамдар Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының магистратурасына, резидентурасына және докторантурасына түсу үшін алған білім деңгейлеріне және даярлау бейініне сәйкес білімдері туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау рәсімінен өтулері қажет.

      Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес танылады.

      Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Магистратураға түсуші адамдар – ЖОО-ға, резидентураға түсуші адамдар ЖОО немесе ғылыми ұйымдарға мынадай құжаттарды:

      1) ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын немесе оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға кешенді тестілеуді тапсыратын қала көрсетілген өтінішті;

      2) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесін;

      3) интернатураны бітіргені туралы куәлікті (резидентураға түсу үшін);

      4) осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса);

      5) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

      6) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;

      7) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

      8) жеке куәлігінің көшірмесін;

      9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса) тапсырады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      11. Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және "магистр" дәрежесі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген және кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар адамдар қабылданады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.06.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Докторантураға түсуші адамдар жоғары оқу орындарына мынадай құжаттарды:

      1) ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын тапсыратын қала көрсетілген өтінішті;

      2) жеке куәліктің көшірмесін;

      3) білімі туралы құжаттың көшірмесін;

      4) осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса);

      5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса);

      6) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;

      7) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

      8) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын басқа құжатты тапсырады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

      13. Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші адамдар түсу емтихандарын:

      1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс; араб тілін білу талап етілетін мамандықтарға түсуші тұлғалар үшін араб тілі бойынша);

      2) мамандық бойынша тапсырады.

      "Ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші адамдар, сондай-ақ оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) тест пен мамандық бойынша ағылшын тіліндегі тестіден тұратын кешенді тестілеу тапсыра алады.

      Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші адамдар оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) тест пен мамандық бойынша ағылшын тіліндегі тестіден тұратын кешенді тестілеу тапсырады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – 11.06.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13-1. Магистратураға, резидентураға, докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханын ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) жүргізеді.

      Шет тілі бойынша түсу емтиханының, ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада, және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша сертификат беріледі.

      Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратура мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Мамандық бойынша түсу емтиханын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-лар дербес жүргізеді. Бұл ретте, түсуші тұлғалар мамандық бойынша түсу емтиханын тек түсетін ЖОО-да тапсырады.

      Араб тілі бойынша емтиханды ауызша немесе жазбаша нысанда ЖОО басшысы белгілеген және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тәртіпке сәйкес ЖОО-ның емтихан қабылдау комиссиясы өткізеді.

      Ескерту. Қағидалар 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – 11.06.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Мынадай емтихандар бойынша:

      ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);

      неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);

      француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар адамдар магистратураға, резидентураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

      Бұл ретте ЖОО-ның қабылдау комиссиясы ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын тексереді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – 11.06.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде – ЖОО-да, резидентураға түсу емтихандарын өткізу кезінде ЖОО-да немесе ғылыми ұйымда мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Ұқсас мамандықтар бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      16. Мамандық бойынша немесе ұқсас мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары тиісті мамандық бойынша ғылым докторы немесе кандидаты, немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖОО мен ғылыми ұйымдар қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады.

      Емтихан комиссиясының құрамы олардың төрағалары көрсетіле отырып ЖОО немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      17. Шет тілі бойынша түсу емтихандарын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеуді өткізу кезінде тәртіп сақтауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдері қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      18. ЖОО мен ғылыми ұйымдар емтихандарды өткізуге күнтізбелік жиырма күн қалғанға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға мамандықтар бойынша түсу емтихандарын өткізудің кестесін жібереді.

      19. Шет тілі бойынша түсу емтихандары және ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу ҰТО әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.06.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 701 қаулысымен.

      21. Шет тілі бойынша түсу емтихандары және ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін түсу емтихандарын қабылдау пункттерінде өткізіледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.06.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Түсу емтихандарын тапсырған жылы оларды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия және әрбір ЖОО-да апелляциялық комиссия құрылады.

      Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

      Апелляциялық комиссия түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.

      24. Апелляциялық комиссия магистратураға, резидентураға, докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.

      Апелляциялық комиссия мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

      Апелляциялық комиссия шет тілі бойынша түсу емтихандары және ғылыми-педагогикалық магистратурада білім алу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу бойынша апелляцияны қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

      Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы келіп түскеннен кейін бір күн ішінде шет тілі бойынша түсу емтихандарының немесе ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу үшін, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу нәтижелерін апелляцияға берген адамға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 11.06.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға, резидентураға, докторантураға түсуші адам апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.

      Түсу емтихандарының нәтижелері олар өткізілген күні жарияланады.

      Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      26. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

      27. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

3. Магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау

      Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Магистранттар, резидентура тыңдаушылары және докторанттар қатарына қабылдауды ЖОО-ның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28-1. Магистратураға, резидентураға, докторантураға адамдарды қабылдау түсу емтихандарының немесе ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада немесе оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу қорытындылары бойынша мынадай балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ғылыми-педагогикалық магистратураға және докторантураға шет тілі бойынша – кемінде 50 балл және мамандығы бойынша – кемінде 50 балл, ал бейінді магистратураға, резидентураға шет тілі бойынша – кемінде 30 балл және мамандығы бойынша – кемінде 50 балл;

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және ағылшын тілінде бейінді магистратурада оқу үшін – кемінде 19 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 5 балл, мамандық бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 6 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 8 балл.

      Ескерту. 28-1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.06.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға шет тілі және мамандығы бойынша түсу емтихандарының жиынтығы бойынша ең жоғары:

      1) ғылыми-педагогикалық магистратура және докторантура үшін – кемінде 150 балл;

      2) бейінді магистратура және резидентура үшін – кемінде 130 балл жинаған тұлғалар қабылданады.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ағылшын тілінде оқытатын бейінді магистратурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 25 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.

      Осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар адамдарға 100 балдық бағалау жүйесі бойынша ең жоғары балл қосылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      29-1. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 11.06.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     

      30. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық шет тілі бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      31-1. Ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсушілер мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін 17 тамызға дейін ЖОО-ға өтініш, білімі туралы құжатын (түпнұсқа), кешенді тестілеу сертификатын және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады. Өтініште түсуші білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбедегі мамандық пен ЖОО-ны көрсетеді.

      Ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға арналған конкурсты 22 тамызға дейін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын Республикалық конкурстық комиссия мамандықтар бөлінісінде өткізеді.

      Республикалық конкурстық комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлерінен, азаматтық қоғам институттарының, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінен, ЖОО-лар басшыларынан құрылады.

      Республикалық конкурстық комиссияның төрағасы білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам болып табылады.

      Республикалық конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Республикалық конкурстық комиссияның отырыстары құрамының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды болып табылады.

      Республикалық конкурстық комиссияның ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға үміткерлерді іріктеу бойынша жұмысы үшін ҰТО мамандықтар мен ЖОО-лар бөлінісінде үміткерлердің деректер қорын дайындайды.

      Ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада оқу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар кешенді тестілеу сертификатының балдары негізінде беріледі. Кешенді тестілеу нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, басым құқық мамандық бойынша тестілеуден ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан кейін оқуға дайындығын айқындауға арналған тестінің нәтижелері, бұдан әрі – дипломға қосымшадағы GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) (алдыңғы білім деңгейі) және жұмыс өтілі ескеріледі.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бос орындар конкурстық комиссияның шешімі негізінде жоғары өту балымен еңбек нарығында қажетті басқа мамандықтарға тағайындалады.

      Республикалық конкурстық комиссиясы шешімінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады.

      Ескерту. Қаулы 31-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 11.06.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31-2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түскен магистранттармен және докторанттармен оқуды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасалады.

      Ескерту. Қаулы 31-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 11.06.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31-3. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға арналған конкурсты тиісті облыс және (немесе) республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен құрылатын жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы өткізеді.

      Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатарынан, облыстардың (республикалық маңыздылығы бар қаланың, астананың) "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалдарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдерінен құралады.

      Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құруға тиіс. Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясының отырысы құрамының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп есептеледі және 25 тамызға дейін өткізіледі.

      Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясының төрағасы тиісті облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе әкімнің орынбасары болып табылады.

      Жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы туралы ереже тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы өңірлердегі жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлардың қажеттігі ескеріле отырып бөлінеді.

      ЖАО өңірдің қажеттілігін ескере отырып, мамандықтар бөлінісінде орындар санын және оқытылатын адамдар санатын конкурстық комиссияның шешімімен дербес анықтайды.

      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін түсушілер ЖОО-ға 23 тамызға дейін өтініш беріп, білімі туралы құжаттың көшірмесін, шет тілі бойынша түсу емтиханының сертификатын немесе осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген (бар болған жағдайда) бағдарламалар бойынша тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесін, балы көрсетілген мамандығы бойынша түсу емтиханын тапсырғаны туралы үзіндіні, еңбек кітапшасын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс:

      1) мамандық бойынша түсу емтиханының балына;

      2) шет тілі бойынша түсу емтиханы сертификатына сәйкес балына немесе осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген (бар болған жағдайда) бағдарламалар бойынша тест тапсыру туралы сертификаттың балдарына сәйкес жүргізіледі.

      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы берілген жағдайда әкімдіктің, магистранттың/докторанттың және ЖОО-ның арасында үшжақты шарт жасалады.

      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру тапсырысы бойынша оқуға түскен азаматтар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жергілікті атқарушы органның жолдамасы бойынша өңірде жұмыспен өтеуге міндетті.

      Ескерту. Қаулы 31-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 11.06.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде нысаналы орындар жоғары оқу орындары арасында мамандықтар бойынша одан әрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға 5 қыркүйекке дейін қайтарылады.

      Бұл ретте, ең алдымен тиісті мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл алған үміткерлері бар ЖОО-ның өтінімдері қанағаттандырылады. Аталған мамандық бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, қайта бөлу мамандықтар тобының ішінде жүзеге асырылады. Уәкілетті органның бұйрығы 30 қыркүйекке дейін шығарылады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33. ЖОО мен ғылыми ұйымдар білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік 10 күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік қағидаларына
1-қосымша

100 балдық бағалау жүйесін 5 балдық бағалау жүйесіне ауыстыру шәкілі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.07.2017 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

100 балдық бағалау жүйесі бойынша балдар

5 балдық бағалау жүйесі бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

30-49

Қанағаттанарлықсыз (2)*

0-29

      *бейінді магистратурада және резидентурада шет тілі бойынша "қанағаттанарлықсыз" бағасына 0-ден 29-ға дейінгі балл сәйкес келеді.


 
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
2-қосымша

100-балдық бағалау жүйесінің шәкілі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.06.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Тест түрлері

Тапсырма нысандары

Тапсырмалар саны

Тапсыру тілі

Бал дар

Шекті балл

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

бір дұрыс жауап таңдалады

30

Қазақ немесе орыс тілі (таңдау бойынша)

30

5

Мамандық бойынша тест

бір дұрыс жауап таңдалады

30

Ағылшын тілі

30

6

бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалады

20

Ағылшын тілі

40

8

Барлығы

-

80

-

100

19

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады