О проведении охоты на дрофу-красотку

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 октября 2013 года № 1073

      В соответствии со статьей 15 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Разрешить проведение соколиной охоты на дрофу-красотку с собственными соколами в период с 2 октября по 15 ноября 2013 года:
      1) шейху Суруру Бин Мухаммеду Аль Нахаяну (Объединенные Арабские Эмираты) на 13 (тринадцать) особей дрофы-красотки на территории Кендерли-Каясанской государственной заповедной зоны республиканского значения в Мангистауской области;
      2) шейху Сеифу Бин Мухаммеду Аль Нахаяну (Объединенные Арабские Эмираты) на 13 (тринадцать) особей дрофы-красотки на территории Кендерли-Каясанской государственной заповедной зоны республиканского значения в Мангистауской области;
      3) шейху Джасем Бин Хамад Бин Халифа Аль Тани (Катар) на 9 (девять) особей дрофы-красотки на территории Андасайского государственного природного заказника республиканского значения в Жамбылской области и 19 (девятнадцать) особей дрофы-красотки на территории Жусандалинской государственной заповедной зоны республиканского значения в Алматинской и Жамбылской областях.
      2. Комитету лесного и охотничьего хозяйства Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан:
      1) в установленном порядке выдать разрешения на добычу дрофы-красотки с собственными соколами лицам, указанным в пункте 1 настоящего постановления;
      2) обеспечить проведение Республиканским государственным казенным предприятием «ПО «Охотзоопром» совместно с Республиканским государственным предприятием «Институт зоологии» Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан мероприятий по восстановлению популяции дрофы-красотки на договорной основе с лицами, указанными в пункте 1 настоящего постановления.
      3. Ставку платы за добывание дрофы-красотки установить в размере 260 месячных расчетных показателей.
      4. Министерству охраны окружающей среды Республики Казахстан, административному органу СИТЕС в Республике Казахстан обеспечить ввоз в Республику Казахстан и вывоз из нее хищных ловчих птиц для проведения соколиной охоты с соблюдением процедур Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения.
      5. Акимам Алматинской, Жамбылской и Мангистауской областей оказать необходимое содействие в организации указанных мероприятий.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов 

Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1073 қаулысы

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылғы 2 қазан - 15 қараша кезеңінде өз ителгілерімен жек дуадақтарға саяхатшылық құруға:
      1) шейх Сурур Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 13 (он үш) дарақ жек дуадақ;
      2) шейх Сеиф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 13 (он үш) дарақ жек дуадақ;
      3) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Таниге (Қатар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында 9 (тоғыз) дарақ жек дуадақ және Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағында 19 (он тоғыз) дарақ жек дуадақ аулауға рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген адамдарға жек дуадақтарды өз ителгілерімен аулауға белгіленген тәртіппен рұқсат берілсін;
      2) «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген адамдармен шарттық негізде жек дуадақтың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар өткізуін қамтамасыз етсін.
      3. Жек дуадақты аулау ақысы 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы ителгімен саятшылық құру үшін жыртқыш қыран құстарды Қазақстан Республикасына әкелу мен одан әкетуді Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсімдерін сақтай отырып қамтамасыз етсін.
      5. Алматы, Жамбыл және Маңғыстау облыстарының әкімдері көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов