О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года № 305 "Об утверждении Правил разработки концепции, доктрины"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2013 года № 1354. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 октября 2018 года № 621

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 05.10.2018 № 621.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года № 305 "Об утверждении Правил разработки концепции, доктрины" (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 30, ст. 227) следующие изменения:

      в Правилах разработки концепции, доктрины, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Концепция содержит анализ текущей ситуации, тенденции и видение развития сферы, отрасли (отраслей); раскрывает основные принципы и общие подходы развития сферы, отрасли (отраслей); предусматривает перечень нормативных правовых актов, посредством которых предполагается реализация концепции.

      В концепции выделяются ключевые проблемы, приводится обоснование необходимости данной концепции, определяются цели, задачи, период исполнения и ожидаемые результаты от реализации концепции.

      Цели концепции формируются и исходят из необходимости решения ключевых проблем, отражают видение развития сферы, отрасли (отраслей) и должны быть направлены на положительный результат.

      Задачи определяют пути достижения установленной цели.

      Период реализации концепции характеризует ориентировочные сроки достижения ее целей и задач.

      Ожидаемые результаты характеризуют положительные изменения, которые должны быть достигнуты в результате реализации концепции, а также определяют индикаторы, на качественное изменение которых должны оказать влияние.

      Ожидаемые результаты должны быть контролируемыми и проверяемыми, измеримыми качественно и количественно, выражаться в абсолютных и/или относительных величинах.

      При необходимости уточнения терминов и определений, использованных в концепции, может быть предусмотрен подраздел, разъясняющий их смысл.

      При наличии в концепции приводится обзор позитивного опыта мировой практики по решению аналогичных вопросов, которые могут быть адаптированы к условиям Республики Казахстан.

      Концепция отражает общие подходы, основные принципы и механизмы развития сферы, отрасли (отраслей).

      Подходы определяют наиболее эффективные способы и методы решения установленных задач.

      Инструментами реализации выступают государственные и отраслевые программы, программы развития территорий, стратегические планы государственных органов, законы, посредством которых предполагается реализация концепции.

      В концепции приводится перечень как действующих, так и планируемых к разработке стратегических и программных документов, стратегических планов государственных органов и законов Республики Казахстан, посредством которых предполагается достижение цели и решение задачи концепции, с указанием ориентировочных сроков их исполнения. При этом должно быть указано, посредством какого документа будет обеспечено решение каждой задачи, достижение каждого ожидаемого результата концепции.";

      пункты 11, 12 и 13 исключить.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов


"Тұжырымдама, доктрина әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1354 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 621 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 05.10.2018 № 621 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тұжырымдама, доктрина әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 30, 227-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тұжырымдама, доктрина әзірлеу ережесінде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тұжырымдама ағымдағы ахуалды талдауды, аяны, саланы (салаларды) дамытудың үрдістері мен пайымын қамтиды; аяны, саланы (салаларды) дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдерін ашып көрсетеді; олар арқылы тұжырымдаманы іске асыру болжанып отырған нормативтік құқықтық актілердің тізбесін көздейді.

      Тұжырымдамада түйінді проблемалар бөліп көрсетіледі, осы тұжырымдаманың қажеттігінің негіздемесі келтіріледі, тұжырымдаманың мақсаттары, міндеттері, орындалу кезеңі және тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер айқындалады.

      Тұжырымдаманың мақсаттары түйінді проблемаларды шешу қажеттігінен қалыптастырылады және соған негізделеді, аяны, саланы (салаларды) дамыту пайымын көрсетеді және оң нәтижеге бағытталуы тиіс.

      Міндеттер белгіленген мақсаттарға қол жеткізудің жолдарын айқындайды.

      Тұжырымдаманы іске асыру кезеңі оның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің болжамды мерзімін сипаттайды.

      Күтілетін нәтижелер тұжырымдаманы іске асыру нәтижесіне қол жеткізілуі тиіс оң өзгерістерді сипаттайды, сондай-ақ сапалы өзгеруіне ықпал етуі тиіс индикаторларды айқындайды.

      Күтілетін нәтижелер бақыланатын және тексерілетін, саны мен сапалық жағынан өлшенетін, абсолютті және/немесе салыстырмалы шамаларда көрсетілуі тиіс.

      Тұжырымдамада қолданылған терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болған кезде, олардың мағынасын түсіндіретін кіші бөлім көзделуі мүмкін.

      Болған жағдайда, тұжырымдамада Қазақстан Республикасының жағдайына бейімделуі мүмкін ұқсас мәселелерді шешу жөніндегі әлемдік практиканың оң тәжірибесіне шолу келтіріледі.

      Тұжырымдамада аяны, саланы (салаларды) дамытудың жалпы тәсілдері, негізгі қағидаттары мен тетіктері көрсетіледі.

      Тәсілдер белгіленген міндеттерді шешудің неғұрлым тиімді амалдары мен әдістерін айқындайды.

      Олар арқылы тұжырымдаманы іске асыру болжанып отырған мемлекеттік және салалық бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, заңдар іске асыру құралдары болады.

      Тұжырымдамада оларды орындаудың болжамды мерзімдері көрсетіле отырып, сол арқылы тұжырымдаманың мақсаттарына қол жеткізу және міндеттерін шешу болжанатын қолданыстағы және сол сияқты әзірленуі жоспарланып отырған стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен Қазақстан Республикасы заңдарының тізбесі келтіріледі. Бұл ретте әрбір міндеттің шешілуі, тұжырымдаманың әрбір күтілетін нәтижесіне қол жеткізу қандай құжат арқылы қамтамасыз етілетіні көрсетілуі тиіс.";

      11, 12 және 13-тармақтар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов