О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2013 года № 1360. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 325

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.04.2015 № 325 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 12, ст. 86) следующее изменение:
      в Правилах исполнения бюджета и его кассового обслуживания, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 426 изложить в следующей редакции:
      «426. Государственные органы (ведомства), причинившие вред, обязанные по решениям судов производить выплаты, в случае наличия оснований, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан, должны обжаловать указанные решения во всех судебных инстанциях.
      В случае отсутствия оснований для дальнейшего обжалования при поступлении исполнительного документа, центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета в установленном законодательством Республики Казахстан порядке разрабатывает проект постановления о выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан на исполнение обязательств по решениям судов.
      Разработанный проект постановления о выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан на исполнение обязательств по решениям судов направляется в установленном законодательством Республики Казахстан порядке на согласование соответствующим государственным органам. При этом к проекту постановления прилагаются копии исполнительных документов и судебных актов всех инстанций.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                         С. Ахметов

"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1360 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiнде:
      426-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «426. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздемелер болған жағдайда, зиян келтірген, соттардың шешімдері бойынша төлемдер жасауға міндетті мемлекеттік органдар (ведомстволар) көрсетілген шешімдерге барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиіс.
      Атқару құжаты түскен кезде одан әрі шағымдану үшін негіздемелер болмаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы қаулы жобасын әзірлейді.
      Сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы әзірленген қаулы жобасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі. Бұл ретте, қаулы жобасына атқару құжаттарының және барлық инстанциялардағы сот актілерінің көшірмелері қоса беріледі.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов