О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2010 года № 243 "Об утверждении Правил предоставления субъектам малого предпринимательства в имущественный наем (аренду) или доверительное управление неиспользуемых объектов государственной собственности и занимаемых ими земельных участков для организации производственной деятельности и развития сферы услуг населению с последующей безвозмездной передачей в собственность"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 апреля 2014 года № 333. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1140

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.12.2015 № 1140 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2010 года № 243 «Об утверждении Правил предоставления субъектам малого предпринимательства в имущественный наем (аренду) или доверительное управление неиспользуемых объектов государственной собственности и занимаемых ими земельных участков для организации производственной деятельности и развития сферы услуг населению с последующей безвозмездной передачей в собственность» (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 25-26, ст. 195) следующие изменения:
      в Правилах предоставления субъектам малого предпринимательства в имущественный наем (аренду) или доверительное управление неиспользуемых объектов государственной собственности и занимаемых ими земельных участков для организации производственной деятельности и развития сферы услуг населению с последующей безвозмездной передачей в собственность, утвержденных указанным постановлением:
      подпункт 6) пункта 15 и пункты 2526272829 исключить;
      пункты 3033 изложить в следующей редакции:
      «30. На основании протокола о результатах тендера, определяющего победителя тендера, с победителем тендера заключается договор имущественного найма или доверительного управления (далее – договор) на условиях, отвечающих предложениям, заявленным при участии в тендере.»;
      «33. Договор с победителем тендера заключается руководителем территориального подразделения (исполнительного органа), либо лицом, исполняющим его обязанности, сроком на один год не позднее 5 календарных дней со дня подписания протокола о результатах тендера, определяющего победителя тендера.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

"Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 333 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1140 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 52-26, 195-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесінде:
      15-тармақтың 6) тармақшасы және 2526272829-тармақтар алынып тасталсын;
      30, 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Тендер жеңімпазын айқындайтын тендер нәтижелері туралы хаттаманың негізінде тендер жеңімпазымен тендерге қатысу кезінде мәлімделген ұсыныстарға жауап беретін шарттарда мүліктік жалға беру немесе сенімгерлік басқару шарты (бұдан әрі – шарт) жасалады.»;
      «33. Тендер жеңімпазымен шартты тендер жеңімпазын айқындайтын тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей бір жыл мерзімге аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға жасасады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов