Об утверждении Правил расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов частного предпринимательства

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2014 года № 472. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1128

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.12.2015 № 1128 (вводится в действие с 01.01.2016).

      В соответствии с подпунктом 23-2) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 31 января 2006 года «О частном предпринимательстве» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов частного предпринимательства.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены      
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 11 мая 2014 года № 472

Правила
расчета среднегодовой численности работников и среднегодового
дохода субъектов частного предпринимательства

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов частного предпринимательства (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 23-2) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 31 января 2006 года «О частном предпринимательстве» (далее – Закон) и определяют порядок расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов частного предпринимательства.
      2. Для расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов частного предпринимательства используется информация, содержащаяся в базе данных Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан.
      3. Среднегодовая численность и среднегодовой доход рассчитываются автоматически Реестром субъектов частного предпринимательства.

2. Порядок расчета среднегодовой численности работников
субъектов частного предпринимательства

      4. Для расчета среднегодовой численности работников субъектов частного предпринимательства используются данные о количестве работников субъектов частного предпринимательства в соответствии с пунктом 7 статьи 6 Закона, отражаемые в налоговой отчетности.
      5. Среднегодовая численность работников субъектов частного предпринимательства рассчитывается как сумма количества работников за двенадцать месяцев поделенная на двенадцать.
      6. Для вновь созданных субъектов частного предпринимательства в первый год работы до 15 ноября следующего года расчет среднегодовой численности работников не производится.
      Первый расчет среднегодовой численности работников субъектов частного предпринимательства осуществляется после представления этими субъектами первой годовой налоговой отчетности.

3. Порядок расчета среднегодового дохода субъектов частного
предпринимательства

      7. В расчет среднегодового дохода принимается следующая информация из налоговой отчетности субъектов частного предпринимательства:
      1) совокупный годовой доход субъектов частного предпринимательства;
      2) доход субъектов частного предпринимательства, применяющих специальные налоговые режимы.
      Среднегодовой доход субъектов частного предпринимательства, осуществляющих свою деятельность в сфере игорного бизнеса, применяющих специальный налоговый режим для крестьянских и фермерских хозяйств, являющихся плательщиками фиксированного и земельного налога, не рассчитывается.
      8. В среднегодовой доход субъектов частного предпринимательства включаются все виды доходов субъектов частного предпринимательства, предусмотренных статьей 85 Кодекса Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет», а также доходы субъектов частного предпринимательства, применяющих специальные налоговые режимы на основе патента или упрощенной декларации.
      9. Среднегодовым доходом субъекта частного предпринимательства является сумма совокупного годового дохода или дохода субъекта частного предпринимательства, применяющего специальный налоговый режим за последние три года поделенная на три.
      10. Для вновь созданных субъектов частного предпринимательства в первый год работы до 15 ноября следующего года расчет среднегодового дохода не производится.
      Первый расчет среднегодового дохода осуществляется после представления этими субъектами первой годовой налоговой отчетности.
      Среднегодовым доходом в этом случае является совокупный годовой доход или доход субъекта частного предпринимательства, применяющего специальный налоговый режим за год.
      11. Среднегодовым доходом субъекта частного предпринимательства сдавшего годовую налоговую отчетность за два года, является сумма совокупного годового дохода или годового дохода субъекта частного предпринимательства, применяющего специальный налоговый режим за два года поделенная на два.
      12. Расчет среднегодового дохода субъектов частного предпринимательства по бездействующим субъектам, в том числе приостановившим представление налоговой отчетности в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан осуществляется в соответствии с пунктами 910 и 11 настоящих Правил.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 472 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1128 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1128 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 23-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 11 мамырдағы
№ 472 қаулысымен  
бекітілген     

Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа
санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 23-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу тәртібін айқындайды.
      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің деректер базасында қамтылған ақпарат пайдаланылады.
      3. Жылдық орташа сан және жылдық орташа табыс автоматты түрде Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімімен есептеледі.

2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа
санын есептеу тәртібі

      4. Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын есептеу үшін Заңның 6-бабы 7-тармағына сәйкес салық есептілігінде көрсетілетін жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің саны туралы деректер пайдаланылады.
      5. Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жұмыскерлердің он екі айдағы санын он екіге бөлгендегі сома ретінде есептеледі.
      6. Жаңадан құрылған жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыс істеуінің бірінші жылынан бастап келесі жылдың 15 қарашасына дейін жұмыскерлердің жылдық орташа санын есептеу жүргізілмейді.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын бірінші рет есептеу осы субъектілер бірінші жылдық салық есептілігін ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық орташа табысын
есептеу тәртібі

      7. Жылдық орташа табыс есебіне жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салық есептілігінен мынадай ақпарат алынады:
      1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жиынтық жылдық табысы;
      2) арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің табысы.
      Қызметін ойын бизнесі саласында жүзеге асыратын, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын, тіркелген салықты және жер салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық орташа табысы есептелмейді.
      8. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 85-бабында көзделген жеке кәсіпкерлік субъектілері табыстарының барлық түрлері, сондай-ақ патент немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің табыстары жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық орташа табысына кіреді.
      9. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің жылдық орташа табысы соңғы үш жылғы жиынтық жылдық табысын немесе арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлік субъектісінің табысын үшке бөлгендегі сома болып табылады.
      10. Жаңадан құрылған жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыс істеуінің бірінші жылынан бастап келесі жылдың 15 қарашасына дейін жылдық орташа табыс есептелмейді.
      Жылдық орташа табысты бірінші рет есептеу осы субъектілер бірінші жылдық салық есептілігін ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Бұл жағдайда жылдық орташа табыс бір жылғы жиынтық жылдық табыс немесе арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлік субъектісінің табысы болып табылады.
      11. Екі жыл бойынша салық есептілігін тапсырған жеке кәсіпкерлік субъектісінің жылдық орташа табысы екі жылғы жиынтық жылдық табысты немесе арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлік субъектісінің жылдық табысын екіге бөлгендегі сома болып табылады.
      12. Жұмыс істемейтін, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық есептілігін беруді тоқтата тұрған субъектілер бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық орташа табысын есептеу осы Қағидалардың 910 және 11-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.