О некоторых вопросах реализации Программы развития регионов до 2020 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2014 года № 525

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 20.01.2016 № 19.

      В целях дальнейшей реализации пилотного проекта по сносу аварийного жилья города Астаны в рамках Программы развития регионов до 2020 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Сноска. Преамбула в редакции постановления Правительства РК от 20.01.2016 № 19.
      1. Рекомендовать акционерному обществу «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына» предоставить кредит уполномоченной организации акимата города Астаны на следующих основных условиях:
      1) сумма займа - 20000000000 (двадцать миллиардов) тенге;
      2) срок – 4 (четыре) года;
      3) погашение основного долга - в конце срока;
      4) выплата вознаграждения - полугодовыми платежами;
      5) ставка вознаграждения - 0,02 (ноль целых две сотых) процента годовых;
      6) обеспечение - без обеспечения.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 20.01.2016 № 19.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке при формировании республиканского бюджета на 2017 – 2019 годы предусмотреть выделение целевого текущего трансферта акимату города Астаны в сумме 20000000000 (двадцать миллиардов) тенге на обеспечение исполнения обязательств уполномоченной организации по возврату кредита перед акционерным обществом «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына».
      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правительства РК от 20.01.2016 № 19.
      3. Акимату города Астаны после выполнения мероприятия, указанного в пункте 2 настоящего постановления, в установленном  законодательством порядке обеспечить исполнение обязательств уполномоченной организацией по возврату кредита в размере 20000000000 (двадцать миллиардов) тенге перед акционерным обществом  «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына».
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 525 қаулысы

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.01.2016 № 19 қаулысымен.

      Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының шеңберінде Астана қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.01.2016 № 19 қаулысымен.
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымына мынадай негізгі шарттарда кредит беруге ұсыным берілсін:
      1) қарыздың сомасы - 20000000000 (жиырма миллиард) теңге;
      2) мерзімі - 4 (төрт) жыл;
      3) негізгі борышты өтеу - мерзімнің соңында;
      4) сыйақыны төлеу - жартыжылдық төлемдермен;
      5) сыйақының мөлшерлемесі - жылдық 0,02 (нөл бүтін оннан екі) пайыз;
      6) қамтамасыз ету - қамтамасыз етусіз.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.01.2016 № 19 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Астана қаласының әкімдігіне уәкілетті ұйымның «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының алдындағы кредитті қайтару бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету үшін 20000000000 (жиырма миллиард) теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт бөлуді көздесін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.01.2016 № 19 қаулысымен.
      3. Астана қаласының әкімдігі осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шараны орындағаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті ұйымның «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының алдындағы 20000000000 (жиырма миллиард) теңге көлеміндегі кредитті қайтару бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов