Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.01.2016 № 19 қаулысымен.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының шеңберінде Астана қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.01.2016 № 19 қаулысымен.
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымына мынадай негізгі шарттарда кредит беруге ұсыным берілсін:
1) қарыздың сомасы - 20000000000 (жиырма миллиард) теңге;
2) мерзімі - 4 (төрт) жыл;
3) негізгі борышты өтеу - мерзімнің соңында;
4) сыйақыны төлеу - жартыжылдық төлемдермен;
5) сыйақының мөлшерлемесі - жылдық 0,02 (нөл бүтін оннан екі) пайыз;
6) қамтамасыз ету - қамтамасыз етусіз.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.01.2016 № 19 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Астана қаласының әкімдігіне уәкілетті ұйымның «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының алдындағы кредитті қайтару бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету үшін 20000000000 (жиырма миллиард) теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт бөлуді көздесін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.01.2016 № 19 қаулысымен.
3. Астана қаласының әкімдігі осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шараны орындағаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті ұйымның «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының алдындағы 20000000000 (жиырма миллиард) теңге көлеміндегі кредитті қайтару бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов