О некоторых вопросах вывоза лесоматериалов с территории Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 мая 2014 года № 578

      В соответствии со статьей 18 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года «О регулировании торговой деятельности», в целях содействия усилиям по стабилизации и восстановлению Исламской Республики Афганистан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить сроком на шесть месяцев количественное ограничение в объеме 2360 м3 на вывоз лесоматериалов (код ТН ВЭД ТС 4407 10) в Исламскую Республику Афганистан.
      2. Министерству экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке осуществить выдачу лицензий в пределах объема, указанного в пункте 1, по согласованию с Министерством окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан.
      3. Комитету таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить контроль за вывозом лесоматериалов в пределах объема, указанного в пункте 1 настоящего постановления.
      4. Министерству иностранных дел Республики Казахстан в течение четырнадцати календарных дней со дня введения в действие настоящего постановления уведомить Секретариат Интеграционного комитета Евразийского экономического сообщества о принимаемых Правительством Республики Казахстан мерах по регулированию внешнеторговой деятельности.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 578 қаулысы

      «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабына сәйкес Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру бойынша іс-қимылға жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауғанстан Ислам Республикасына 2360 м3 көлеміндегі ағаш материалдарды (КО СЭҚ ТН коды 4407 10) әкетуге алты ай мерзімге сандық шектеу белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен келісім бойынша 1-тармақта көрсетілген көлем шегінде лицензиялар беруді жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген көлем шегінде ағаш материалдарын әкетуді бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын хабардар етсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов