О реструктуризации бюджетных кредитов, выданных из республиканского бюджета в 2011 и 2012 годах Мангистауской области на строительство жилья

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2014 года № 583

      В соответствии со статьей 193 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Реструктуризировать бюджетные кредиты, предоставленные местному исполнительному органу Мангистауской области по бюджетной программе «Кредитование областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на строительство и (или) приобретение жилья»:
      1) в соответствии с Законом Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года «О республиканском бюджете на 2011 – 2013 годы» в части изменения сроков погашения основного долга в сумме 2700000000 (два миллиарда семьсот миллионов) тенге на 2018 год;
      2) в соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 ноября 2011 года «О республиканском бюджете на 2012 – 2014 годы» в части изменения сроков погашения основного долга в сумме 5900000000 (пять миллиардов девятьсот миллионов) тенге в следующем порядке:
      в сумме 3537500000 (три миллиарда пятьсот тридцать семь миллионов пятьсот тысяч) тенге на 2015 год;
      в сумме 2362500000 (два миллиарда триста шестьдесят два миллиона пятьсот тысяч) тенге на 2018 год.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан, Министерству регионального развития Республики Казахстан, акиму Мангистауской области обеспечить заключение соответствующих дополнительных соглашений к кредитным договорам.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство финансов Республики Казахстан.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                        К. Масимов

Маңғыстау облысына 2011 және 2012 жылдары республикалық бюджеттен тұрғын үй құрылысына берілген бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 583 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 193-бабына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органына берілген бюджеттік кредиттер:
      1) «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2700000000 (екі миллиард жеті жүз миллион) теңге сомасында негізгі борышты өтеу мерзімін өзгерту бөлігінде 2018 жылға;
      2) «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 5900000000 (бес миллиард тоғыз жүз миллион) теңге сомасында негізгі борышты өтеу мерзімін өзгерту бөлігінде мынадай тәртіппен:
      2015 жылға 3537500000 (үш миллиард бес жүз отыз жеті миллион бес жүз мың) теңге сомасында;
      2018 жылға 2362500000 (екі миллиард үш жүз алпыс екі миллион бес жүз мың) теңге сомасында қайта құрылымдалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Маңғыстау облысының әкімі кредиттік шарттарға тиісті қосымша келісімдер жасасуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К.Мәсімов