О введении временного запрета на вывоз легких дистиллятов и продуктов, керосина, газойлей и прочих нефтепродуктов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2014 года № 713

      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 1 июля 2014 года

      В соответствии со статьей 9 Соглашения о единых мерах нетарифного регулирования в отношении третьих стран от 25 января 2008 года, статьей 8 Соглашения о порядке введения и применения мер, затрагивающих внешнюю торговлю товарами, на единой таможенной территории в отношении третьих стран от 9 июня 2009 года и Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о торгово-экономическом сотрудничестве в области поставок нефти и нефтепродуктов в Республику Казахстан от 9 декабря 2010 года, в целях недопущения критического недостатка и роста цен на внутреннем рынке нефтепродуктов Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Ввести сроком на шесть месяцев запрет на вывоз легких дистиллятов и продуктов (код ТН ВЭД ТС 2710 12), средних дистиллятов, керосина, газойлей, дизельного топлива (код ТН ВЭД ТС 2710 19 110 0 – 2710 19 480 0, 2710 20 110 0 – 2710 20 190 0), моторных масел (код ТН ВЭД ТС 2710 19 820 0), жидкостей для гидравлических целей (код ТН ВЭД ТС 2710 19 840 0), светлых масел (код ТН ВЭД ТС 2710 19 860 0), масел для шестерен (код ТН ВЭД ТС 2710 19 880 0), электрических изоляционных масел (код ТН ВЭД ТС 2710 19 940 0) и прочих нефтепродуктов (код ТН ВЭД ТС 2710 20 900 0), кроме печного топлива бытового.
      2. Комитету таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить контроль по исполнению пункта 1 настоящего постановления
      3. Акционерному обществу «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» (по согласованию) в установленном законодательством порядке принять меры по реализации пункта 1 настоящего постановления.
      4. Министерству экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан в установленном порядке:
      1) проинформировать Евразийскую экономическую комиссию о введении указанного в пункте 1 настоящего постановления запрета;
      2) внести на рассмотрение Евразийской экономической комиссии предложения о применении мер, указанных в пункте 1 настоящего постановления, другими государствами-участниками Таможенного союза.
      5. Министерству иностранных дел Республики Казахстан в течение четырнадцати календарных дней со дня официального опубликования настоящего постановления уведомить Секретариат Интеграционного комитета Евразийского экономического сообщества о принимаемых Правительством Республики Казахстан мерах по регулированию внешнеторговой деятельности.
      6. Настоящее постановление вводится в действие с 1 июля 2014 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов


Жеңіл дистилляттарды және өнімдерді, керосинді, газойлдарды және өзге мұнай өнімдерін әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 713 қаулысы

      2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына, 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына және 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес мұнай өнімдерінің ішкі нарығында мүлдем жетіспеушілікті және бағаның өсуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Тұрмыстық пеш отынынан басқа, жеңіл дистилляттар мен өнімдерді (КО СЭҚ ТН коды 2710 12), орташа дистилляттарды, керосиндi, газойлдарды, дизель отынын (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 110 0 - 2710 12 480 0, 2710 20 110 0 - 2710 20 190 0), мотор майларын (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0), гидравликалық мақсаттарға арналған сұйықтарды (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 840 0), ақшырайлы майларды (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 860 0), тегершік үшін майлар (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 880 0), электр изоляциялық майларды (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 940 0) және өзге де мұнай өнiмдерiн (КО СЭҚ ТН коды 2710 20 900 0) әкетуге алты ай мерзiмге тыйым салынсын.
       2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.
       3. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
       4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгіленген тәртіппен:
       1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгендігі туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін;
       2) Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларды Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттердің қолдануы туралы ұсыныстар енгізсін.
       5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын хабардар етсін.
       6. Осы қаулы 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов