Об утверждении Правил расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов предпринимательства

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1128. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2023 года № 603.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 17.07.2023 № 603 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Вводится в действие с 1 января 2016 года.

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 84 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов предпринимательства.

      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2014 года № 472 "Об утверждении Правил расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов частного предпринимательства" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 33, ст. 305).

      3. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 30 декабря 2015 года № 1128

Правила расчета среднегодовой численности работников и
среднегодового дохода субъектов предпринимательства
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов предпринимательства (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 84 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов предпринимательства.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правительства РК от 05.10.2021 № 709 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Для расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов предпринимательства используется информация, содержащаяся в базе данных Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Среднегодовая численность работников и среднегодовой доход субъектов предпринимательства рассчитываются автоматически реестром субъектов предпринимательства.

2. Порядок расчета среднегодовой численности работников
субъектов предпринимательства

      4. Для расчета среднегодовой численности работников субъектов предпринимательства используются данные о количестве работников субъектов предпринимательства в соответствии с частью четвертой пункта 2 статьи 24 Кодекса, отражаемые в налоговой отчетности.

      5. Среднегодовая численность работников субъектов предпринимательства рассчитывается как сумма количества работников за календарный год, поделенная на двенадцать (с 1 января по 31 декабря).

      6. Для вновь созданных субъектов предпринимательства в первый год работы до 15 ноября следующего года расчет среднегодовой численности работников не производится.

      Первый расчет среднегодовой численности работников субъектов предпринимательства осуществляется после представления этими субъектами первой годовой налоговой отчетности.

3. Порядок расчета среднегодового дохода субъектов
предпринимательства

      7. В расчет среднегодового дохода принимается следующая информация из налоговой отчетности субъектов предпринимательства:

      1) совокупный годовой доход субъектов предпринимательства;

      2) доход субъектов предпринимательства, применяющих специальные налоговые режимы.

      Среднегодовой доход субъектов предпринимательства, осуществляющих свою деятельность в сфере игорного бизнеса, применяющих специальный налоговый режим для крестьянских и фермерских хозяйств, являющихся плательщиками фиксированного и земельного налога, не рассчитывается.

      8. В среднегодовой доход субъектов предпринимательства включаются все виды доходов субъектов предпринимательства, предусмотренных статьей 226 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), а также доходы субъектов предпринимательства, применяющих специальные налоговые режимы для субъектов малого бизнеса на основе патента, упрощенной декларации или с использованием специального мобильного приложения.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции постановления Правительства РК от 05.10.2021 № 709 (вводятся в действие с 1 января 2022 года).

      9. Среднегодовым доходом субъекта предпринимательства является сумма совокупного годового дохода или дохода субъекта предпринимательства, применяющего специальный налоговый режим за последние три года, поделенная на три.

      10. Для вновь созданных субъектов предпринимательства в первый год работы до 15 ноября следующего года расчет среднегодового дохода не производится.

      Первый расчет среднегодового дохода осуществляется после представления этими субъектами первой годовой налоговой отчетности.

      Среднегодовым доходом в этом случае является совокупный годовой доход или доход субъекта предпринимательства, применяющего специальный налоговый режим за год.

      11. Среднегодовым доходом субъекта предпринимательства, сдавшего годовую налоговую отчетность за два года, является сумма совокупного годового дохода или годового дохода субъекта предпринимательства, применяющего специальный налоговый режим за два года, поделенная на два.

      12. Расчет среднегодового дохода субъектов предпринимательства по бездействующим субъектам, в том числе приостановившим представление налоговой отчетности в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан, осуществляется в соответствии с пунктами 9, 10 и 11 настоящих Правил.

Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1128 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 603 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 84-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 472 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж. № 33, 305-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1128 қаулысымен
бекітілген

Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 84-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.10.2021 № 709 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер базасында қамтылған ақпарат пайдаланылады.

      3. Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны мен жылдық орташа табысы Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімімен автоматты түрде есептеледі.

2. Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын есептеу тәртібі

      4. Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын есептеу үшін Кодекстің 24-бабы 2-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес салық есептілігінде көрсетілетін кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің саны туралы деректер пайдаланылады.

      5. Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны күнтізбелік жыл ішіндегі жұмыскерлер санын он екіге бөлгендегі (1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін) сома ретінде есептеледі.

      6. Жаңадан құрылған кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыс істеудің бірінші жылында келесі жылдың 15 қарашасына дейін жұмыскерлердің жылдық орташа санын есептеу жүргізілмейді.

      Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын бірінші рет есептеу осы субъектілер бірінші жылдық салық есептілігін ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

3. Кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық орташа табысын есептеу тәртібі

      7. Жылдық орташа табыс есебіне кәсіпкерлік субъектілерінің салық есептілігінен мынадай ақпарат алынады:

      1) кәсіпкерлік субъектілерінің жиынтық жылдық табысы;

      2) арнаулы салық режимдерін қолданатын кәсіпкерлік субъектілерінің табысы.

      Қызметін ойын бизнесі саласында жүзеге асыратын, шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын, тіркелген және жер салығын төлеушілер болып табылатын кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық орташа табысы есептелмейді.

      8. Кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық орташа табысына "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 226-бабында көзделген кәсіпкерлік субъектілері табыстарының барлық түрлері, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимдерін қолданатын кәсіпкерлік субъектілерінің табыстары енгізіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.10.2021 № 709 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Кәсіпкерлік субъектісінің жылдық орташа табысы соңғы үш жылғы жиынтық жылдық табысын немесе арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлік субъектісінің табысын үшке бөлгендегі сома болып табылады.

      10. Жаңадан құрылған кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыс істеудің бірінші жылында келесі жылдың 15 қарашасына дейін жылдық орташа табыс есептелмейді.

      Жылдық орташа табысты бірінші рет есептеу осы субъектілер бірінші жылдық салық есептілігін ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Бұл жағдайда жылдық орташа табыс бір жылғы жиынтық жылдық табыс немесе арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлік субъектісінің табысы болып табылады.

      11. Екі жылдың жылдық салық есептілігін тапсырған кәсіпкерлік субъектісінің жылдық орташа табысы екі жылғы жиынтық жылдық табыстың немесе арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлік субъектісінің жылдық табысының екіге бөлгендегі сомасы болып табылады.

      12. Жұмыс істемейтін, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық есептілігін беруді тоқтата тұрған субъектілер бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық орташа табысын есептеу осы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.