О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 "Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1166

      Вводится в действие с 1 января 2016 года.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 «Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям» (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 25, ст. 260) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденных указанным постановлением:
      подпункт 4) пункта 3 изложить в следующей редакции:
      «4) подарков, переданных лицами, занимающими ответственную государственную должность, лицами, уполномоченными на выполнение государственных функций, лицами, приравненными к ним (за исключением кандидатов в Президенты Республики Казахстан, депутаты Парламента Республики Казахстан или маслихатов, акимы городов районного значения, поселков, сел, сельских округов, а также в члены выборных органов местного самоуправления), должностными лицами, а также лицами, являющимися кандидатами, уполномоченными на выполнение указанных функций, подлежащих безвозмездной сдаче в специальный государственный фонд (далее – подарки);»;
      пункт 24 изложить в следующей редакции:
      «24. Подарки, сданные в уполномоченный орган, образуют специальный государственный фонд и учитываются в реестре государственного имущества.
      Реализация имущества из специального государственного фонда производится с учетом особенностей, предусмотренных Законом Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года «О противодействии коррупции».»;
      части первую и вторую пункта 25 изложить в следующей редакции:
      «25. Подарки, поступившие без ведома лиц, занимающих ответственную государственную должность, уполномоченных на выполнение государственных функций, лиц, приравненных к ним (за исключением кандидатов в Президенты Республики Казахстан, депутаты Парламента Республики Казахстан или маслихатов, акимы городов районного значения, поселков, сел, сельских округов, а также в члены выборных органов местного самоуправления), должностных лиц, а также лиц, являющихся кандидатами, уполномоченными на выполнение указанных функций, либо подарки, полученные ими в связи с их должностным положением или исполнением ими служебных обязанностей, а также подарки, переданные (врученные) публично или во время официальных мероприятий вышеуказанным лицам в связи с их должностным положением  или исполнением ими служебных обязанностей, сдаются в уполномоченный орган или местный исполнительный орган по акту описи в течение семи календарных дней со дня получения подарка с приложением письменного уведомления о выкупе либо об отказе в выкупе.»;
      дополнить пунктами 26-1 и 26-2 следующего содержания:
      «26-1. Лицо, сдавшее подарок, вправе выкупить его из специального государственного фонда с согласия вышестоящего должностного лица.
      26-2. Выкуп подарка осуществляется по договору купли-продажи между уполномоченным органом и лицом, сдавшим подарок, в течение семи календарных дней со дня получения уполномоченным органом уведомления от лица, получившего подарок.
      Передача сданного подарка производится путем подписания акта приема-передачи между уполномоченным органом и лицом, сдавшим подарок, после полной оплаты стоимости подарка, определенной в соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 ноября 2000 года «Об оценочной деятельности в Республике Казахстан», указанной в договоре купли-продажи.»;
      пункт 27 изложить в следующей редакции:
      «27. Уполномоченный орган вправе произвести реализацию подарка из специального государственного фонда третьим лицам только после письменного отказа от выкупа лицом, сдавшим подарок.»;
      пункт 33 изложить в следующей редакции:
      «33. В случае отмены (изменения в соответствующей части) судом акта, на основании которого имущество поступило в собственность государства, уполномоченным органом или местными исполнительными органами производится возврат имущества в натуре. В случае, если имущество было реализовано в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, производится возмещение его стоимости в пределах средств, полученных от его реализации, за счет средств соответствующего бюджета в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                    К. Масимов

"Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1166 қаулысы

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:
      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдар берген, арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрі – сыйлықтар);»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Уәкілетті органға тапсырылған сыйлықтар арнаулы мемлекеттiк қорды құрайды және мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алынады.
      Арнаулы мемлекеттiк қордағы мүлікті өткізу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескеріле отырып жүргiзiледi.»;
      25-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдар білмей келіп түскен сыйлықтар, не олар өздерінің лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған сыйлықтар, сондай-ақ лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлықтар уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға сыйлық алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қоса бере отырып, тізімдеме актісі бойынша тапсырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 26-1 және 26-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «26-1. Сыйлықты тапсырған адам оны жоғары тұрған лауазымды адамның келісімімен арнаулы мемлекеттік қордан сатып алуға құқылы.
      26-2. Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті орган мен сыйлықты алған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша жүзеге асырылады.
      Тапсырылған сыйлықты беру «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған, сатып алу-сату шартында көрсетілген сыйлық құнын толық төлегеннен кейін уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасында қабылдап алу-беру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Сыйлықты тапсырған адам оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік қордан сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы.»;
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігін өзгерткен) жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатылған жағдайда, оның құнын өтеу 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде, тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.».
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов