О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2014 года № 753 "Об утверждении Плана совместных действий Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан по обеспечению мер для финансирования, управления, строительства и реализации объектов недвижимости и торгово-развлекательного центра для Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 в городе Астане и внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 января 2013 года № 10 "Об утверждении Национального плана организации и проведения Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 на 2013 - 2018 годы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 января 2016 года № 12

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2014 года № 753 «Об утверждении Плана совместных действий Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан по обеспечению мер для финансирования, управления, строительства и реализации объектов недвижимости и торгово-развлекательного центра для Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 в городе Астане и внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 января 2013 года № 10 «Об утверждении Национального плана организации и проведения Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 на 2013 – 2018 годы» (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 45, ст. 435) следующие изменение и дополнения:
      в Плане совместных действий Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан по обеспечению мер для финансирования, управления, строительства и реализации объектов недвижимости и торгово-развлекательного центра на территории Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 в городе Астане, утвержденном указанным постановлением:
      пункт 5 дополнить частями следующего содержания:
      «Проектным компаниям по жилью будет предоставлен дополнительный авансовый платеж в размере не более 30 % от общей суммы инвестирования по каждой компании в случае предоставления указанными компаниями безотзывной банковской гарантии на всю сумму предоставляемого дополнительного авансового платежа со сроком действия до полного исполнения обязательств по договорам инвестирования, а также согласования с АО «Байтерек девелопмент» планируемых расходов на сумму дополнительного авансового платежа.
      Банковская гарантия должна быть выдана банком второго уровня, имеющим действующий долгосрочный кредитный рейтинг в иностранной валюте, присвоенный одним из международных рейтинговых агентств Standard&Poor`s, Fitch Ratings, Moody`s Investors Service, с рейтингом не ниже «В-» по шкале Standard&Poor`s и Fitch Ratings, и не ниже «В3» по шкале Moody`s Investors Service, указанные рейтинги не могут находиться в состоянии «отозван» или «приостановлен».
      В случае наличия рейтинга от нескольких рейтинговых агентств, учитывается минимальный рейтинг.
      Проектной компании по ТРЦ будет предоставлен дополнительный авансовый платеж в размере не более 30 % от общей суммы инвестирования в случае предоставления указанной компанией договора страхования на всю сумму предоставляемого дополнительного авансового платежа и корпоративной гарантии с предоставлением залогов недвижимого имущества.
      При этом договор страхования на всю сумму, предоставляемого дополнительного авансового платежа должен предусматривать безусловное обязательство страховой компании по выплате страховой суммы в случаях, предусмотренных в договоре страхования, в том числе нецелевого использования выделенных средств и расторжения договора инвестирования.
      Дополнительный авансовый платеж проектной компании по ТРЦ размещается на эскроу счете в банке второго уровня. Использование средств, размещенных на эскроу счете, осуществляется по согласованию с АО «Байтерек девелопмент».»;
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      «9. Проектные компании по жилью и ТРЦ в установленном законодательством порядке разработают проектно-сметную документацию (далее – ПСД) за счет собственных средств с получением заключения государственной экспертизы в соответствии с нормативными сроками.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                    К. Масимов

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және "ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 12 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 435-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Тұрғын үй бойынша жобалау компанияларына көрсетілген компаниялар ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына инвестициялау шарттары бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданылатын мерзіммен кері қайтарылмайтын банк кепілдігін берген, сондай-ақ «Бәйтерек девелопмент» АҚ-мен қосымша аванстық төлемнің сомасына жоспарланатын шығыстарды келіскен жағдайда, әрбір компания бойынша инвестициялаудың жалпы сомасының 30%-ынан аспайтын мөлшерде қосымша аванстық төлем берілетін болады.
      Банк кепілдігін Standard&Poor’s, Fitch Ratings, Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған, Standard&Poor’s және Fitch Ratings шәкілі бойынша «B-» төмен емес және Moody’s Investors Service шәкілі бойынша «B3» төмен емес шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар екінші деңгейдегі банк беруге тиіс, көрсетілген рейтингтер «кері қайтарып алынған» немесе «тоқтатылған» жағдайында болмауға тиіс.
      Бірнеше рейтингтік агенттіктердің рейтингі болған жағдайда, ең төмен рейтинг есепке алынады.
      СОО бойынша жобалау компаниясына көрсетілген компания ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына сақтандыру шартын және жылжымайтын мүлік кепілдіктерін бере отырып, корпоративтік кепілдік ұсынған жағдайда, инвестициялаудың жалпы сомасының 30%-ынан аспайтын мөлшерде қосымша аванстық төлем берілетін болады.
      Бұл ретте, ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына сақтандыру шарты сақтандыру шартында көзделген жағдайларда, оның ішінде бөлінген қаражат мақсатсыз пайдаланылған және инвестициялау шарты бұзылған жағдайларда сақтандыру компаниясының сақтандыру сомасын төлеу бойынша сөзсіз міндеттемесін көздеуге тиіс.
      СОО бойынша жобалау компаниясына қосымша аванстық төлем екінші деңгейдегі банктегі эскроу шотта орналастырылады. Эскроу шотта орналастырылған қаражатты пайдалану «Бәйтерек девелопмент» АҚ-мен келісу бойынша жүзеге асырылады.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары нормативтік мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ала отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен меншікті қаражаты есебінен жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлейді.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов